1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №62 (16248)   8 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
8 тамыз 2017
Ольга бабында секілді

Лондондағы әлем чемпионатында үш секіруден әйелдер арасындағы финалдық бәсеке кеше түнде аяқталды. Оның нәтижесін алдағы бейсенбіде жұрт назарына ұсынуға асықпыз. Өйткені Рыпакова іріктеу кезеңінде өте жақсы нәтиже көрсетіп, финалға шықты.
Жарыс қарсаңында үш секірушінің биылғы нәтижелерін сараптап көріп, біздің Ольгаға үш спортшының негізгі қарсылас болуы мүмкін екенін шамаладық. Катерина Ибарген (Колумбия), Юлимар Рохас (Венесуэла) және Кимберли Уильямс (Ямайка) жыл басынан бергі жарыстардың бәрінде дерлік көзге түсті. «Жақұт лиганың» үш елде өткен кезеңдерінде осы үшеуі бір рет қана араға П.Папахристу (Грекия) мен Рыпакованы қосты.
К.Ибарген 2012 жылғы Лондон олимпиадасында Рыпаковадан ұтылып, күміс жүлде алғалы ешқашан жеңіліп көрген емес. Ол 2013 жылы Мәскеуде өткен әлемдік додада, 2015 жылы Бейжіңде топ жарды. Рио олимпиадасының чемпионы атанды. Орталық Америка және Кариб бассейні ойындарында, Панамерикалық ойындарда қарсылас шыдатқан жоқ. Қазір де ол «Жақұт лигада» 1209 ұпаймен көш бастап келеді. Ю.Рохас биылғы Оңтүстік Америка чемпионатында 14,34 м нәтижемен күміс жүлде иеленді. Испанияның Андухар қаласында өткен халықаралық турнирде Рохас 14,96 метрге секіріп, биылғы маусымдағы үш секірушінің ең үздік көрсеткішін тіркеді. К.Уильямс биыл бес жарысқа қатысса, соның біреуінде – Римде өткен «Жақұт лига» кезеңінда ғана жүлдеден тыс қалып, V орынмен шектелді.
Міне, осы нәтиженің бәрі Лондон додасына біздің сәл қорқақтап қарауымызға жеткілікті болатын еді. Алайда Рыпакова биылғы әлемдік додаға бабында келгенін бірден аңғартты. Финалға жолдама алу үшін спортшылар 14,20 метрге секіруге тиіс болса, Ольга бірінші мүмкіндігінде-ақ 14,57 метрді артта қалдырды. Сөйтіп, талап үдесінен шығып, финалға жолдама алды. Ол кейінгі мүмкіндіктерін мүлде пайдаланған да жоқ. Отандасымызға жақындай алған Рохас қана. Венесуэлалық атлет екінші талпынысында 14,52 м көрсеткішке жетті. Ал К.Ибарген 14,21 метрге секіріп, нормативті орындаған соң жарыс жолына қайта шықпады. Ол да бір бармағын бүгіп отырғаны сөзсіз. Папахристу 13,82 м нәтижемен финалға шыға алған да жоқ. К.Уильмяс тіпті финалдың ауылын көрмей қала жаздады. Ол үшінші мүмкіндігінде ғана 14,14 метрге ұзап, кіші жолдамаға әзер қол жеткізді.
Бұл сынға қатысқан тағы бір отандасымыз – М.Овчинникова 26 спортшының ішінде ең төмен нәтиже көрсетіп (13,18), финалға шыға алмады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар