1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 тамыз 2017
«Вуэльта» басталды

Күні кеше Испания жолдарында әйгілі «Вуэльта» суперкөпкүндігінің үшінші кезеңі өтті. «Астана» командасы маусымдағы негізгі үш жарыстың соңғысына үлкен үміт артып отыр. Биылғы үш гранд-турдың екеуі «Астана» үшін сәтсіздеу болды. «Джиро д’Италия» көпкүндігі алдында команда капитаны болып белгіленген Микеле Скарпони көлік апатынан қаза тапты.
Жарыс басталғанда жақсы нәтиже көрсетіп келе жатқан Танел Кангерт қатты құлап, жарыстан шығып қалды. «Тур де Франста» да біздің команданың айы оңынан туа қойған жоқ. Капитан Фабио Ару екі күн көшбасшы сары жейдесін кигенімен, басымдығын ұстап тұра алған жоқ. Оның негізгі көмекшісі Якоб Фульсанг жарақатына байланысты жарыстан шықты. Сөйтіп, Ару жарысты бесінші орында аяқтады.
«Астана» командасының бас менеджері Александр Винокуров «Вуэльтада» команда құрамының күштірек екенін айтады. Бұл жолы сенім жүгін Мигель Анхель Лопес (Колумбия) арқалап отыр. Оған отандастарымыз Алексей Луценко мен Никита Стальнов, испандар Луис Леон Санчес пен Пельо Бильбао, ресейлік Сергей Чернецкий, даниялық Йеспер Хансен, бельгиялық Лоуренс де Вриз, италиялық Фабио Ару көмектеседі.
Алғашқы кезеңде қатысушылар командалық сынға түсті. «Астана» жеңімпаз БМС командасынан 41 секунд ұтылды. Әзірше «Куик-Степ» командасының шабандозы Ив Беллампе көш бастап келеді.

РЫПАКОВА ТАҒЫ ЖҮЛДЕЛІ

Жақында ғана Лондонда (Ұлыбритания) өткен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қола медаль салған жеңіл атлет Ольга Рыпакова жеңісті сапарын жалғастырып жатыр. Ол Бирмингем қаласында жалғасқан «Жақұт лига» кезеңінде қола жүлде жеңіп алды.
Бұл сынға Рыпакованың негізгі қарсыластарының бәрі қатысты. Лондондағы додада венесуэлалық Юлимар Рохастың жұлдызы жанып еді. Бірақ Бирмингемдегі сында ол небары 13,94 метрге секіріп, жүлдеден тыс қалды. Ал биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, осы маусымның көшбасшысы Катерина Ибарген (Колумбия) бабында екенін тағы байқатты. Ол Бирмингемде соңғы үш талпынысында 14,30, 14, 44 және 14,51 метрді артқа тастап, алтыннан алқа тақты. Әлем чемпионатында төмен нәтиже көрсеткен Кимберли Уильямс (Ямайка) бұл жолы 14,44 метр нәтижемен күміс жүлде иеленді. Рыпакова төртінші мүмкіндігінде 14,29 метрге секірді. Бұдан кейінгі екі талпынысы есепке алынбады. Сөйтіп, отандасымыз қола жүлдеге қол жеткізді. Әрине, бұл нәтиже Лондондағы додадағыдан (14,77 м) төмендеу. Дегенмен осы табыстың өзі Рыпакованың «Жақұт лигада» әзірше үшінші орынға орнығуына мүмкіндік беріп тұр. Қазір көш басындағы Ибаргенде – 31, Уильямста – 24, Рыпаковада 20 ұпай бар. «Жақұт лиганың» келесі кезеңі 24 тамызда Швейцарияның Цюрих қаласында жалғасады.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар