1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 тамыз 2017
«Тобылдың» тынысы ашылған жоқ, тарылды

Қазақстан премьер-лигасы
24-тур. 19-20 тамыз

«Ақжайық» – «Ақтөбе» – 2:2 (Дурович, 20, 57 – Зенькович, 47, 82-пенальтиден)
«Тобыл» – «Тараз» – 1:1 (Квеквескири, 72 – Мане, 77)
«Ордабасы» – «Атырау» – 2:0 (Тұңғышбаев, 68, Нөсербаев, 86)
«Ертіс» – «Қайсар» – 0:0
«Қайрат» – «Шахтер» – 3:1 (Исаель, 53, Гоу, 68, Ахметов, 85 – Станоевич, 42)
Бұл турдағы «Астана» – «Оқжетпес» кездесуі 25 қазанға шегерілді. Турнир көшбасшысының жоқтығын «Қайрат» сәтті пайдаланды. Алайда алматылықтар қоржынына үш ұпай жеңіл-ақ топ ете қалды десек, артық айтқан болар едік. «Шахтер» күтпеген жерден бірінші тайм түгесілер тұста есеп ашты. «Қайрат» ойыны екінші таймда ширады. Аршавин, Исламхан, Қуат, Иличевич секілді негізгі құрам ойыншылары жоқта Исаель команданы алға сүйреді. Ол 53-минутта есеп теңестірді. Содан кейін Ғ.Сүйімбаев шығарып берген екі әдемі пасты Гоу мен Ахметов тамаша пайдаланды. Гоу мергендер көшінде астаналық Кабанангадан екі доп ұзап кетті (17 гол).
«Тобыл» бапкер ауыстырған соң да таси алмай жатыр. Қостанайлықтар бұл жолы «Таразды» өз алаңында тұқырта алмады. Димитровтың орнына украиналық В.Грозныйды тағайындаған «Ертіс» те бірден күш ала қояр емес. Бұл турда қола жүлдеден үміті бар қос команда өз алаңдарындағы кездесулерде жалғыз ұпайдан ғана иеленді.
«Ордабасы» «Атыраудан» басым түсіп, қола жүлдеден бірден-бір үміткер екенін нақтылады. Ал аутсайдерлер сайысы тең нәтижемен аяқталды: «Ақжайық» пен «Ақтөбе» бір-бір ұпайға қанағат білдірді.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар