1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №66 (16252)   22 тамыз, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
22 тамыз 2017
Жадыраев – финалда!

Франция астанасы Парижде бұл күндері күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Кілемге бірінші болып грек-рим күресінің балуандары шықты. Кеше 71, 75, 85 және 98 келі салмақтағы балуандар жүлделерді сарапқа салды.
Нөмір өндіріске кеткенше осы салмақтардағы финалға шыққан балуандар анықталды. Отандасымыз Демеу Жадыраев (71 келі) өте сәтті өнер көрсетіп жатыр. Ол 1/16 финалда норвег Петер Карлсенді 2:1 есебімен жеңді. 1/8 финалда ресейлік Адам Курактан 0:1 есебімен жеңіліп жатып, қарсы әдіспен 4 ұпай еншілеп кетті. Белдесуді Демеу 6:2 есебімен аяқтады. Ширек финалда қырғыз балуаны Нұрғазы Асанғұловпен кездесу де өте тартысты өтті. Асанғұловтың 4 ұпайына біздің балуанда да таза әдіспен жауап беріп, дереу есеп теңестірді. Одан кейін қарсыласын екі рет қателестіріп, Демеу 6:4 есебімен жеңіске жетті. Жартылай финалда Жадыраев қарсыласы Балинт Корпашиге (Венгрия) тынбай шабуылдап, соңғы ұпайды өзі иеленді. Сөйтіп, финалға жолдама алды.
Ширек финалға жеткен Азамат Құстыбаев (85 келі) Рио олимпиадасының чемпионы Давит Чакветадзеге (Ресей) есе жіберіп қойды. Табло 1:1 есебін көрсетіп тұрғанда Чакветадзе 2 ұпай иеленіп кетті де, ары қарай отандасымыздың 1 ұпай алуына ғана мүмкіндік берді. Енді Азамат Чакветадзенің жолына қарайлайды. Оған дейін ол Дорин Пирванды (Румыния, 2:1) және Муньос Ярамиді (Колумбия, 2:0) тұқыртқан еді.
Мақсат Ережепов (75 келі) 1/8 финалда сүрінді. Ол алдымен Георге Мариеаны (Румыния) 4:0 есебімен жеңгенімен, келесі кезеңде Виктор Немешке (Сербия) есе жіберді – 1:2. Немеш артынша жартылай финалға шықты. Ол тіпті сүрінбесе, Ережепов жұбаныш белдесулеріне қатысуы мүмкін.
98 келі салмақта Ерұлан Ысқақов 1/16 финалда Михаил Кажаямен (Сербия) тең ұпай жинады – 6:6. Соңғы ұпайды Кажая алғандықтан, Ерұлан жарыстан шықты. Кажая ширек финалда украиналық Д.Тимченкодан таза жеңілді. Сөйтіп, Ысқақов жұбаныш белдесулерінен де үміт үзді.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар