1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (16253) 24 тамыз, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
24 тамыз 2017
Екі қола екі күміске айналды

Күрес түрлерінен Парижде өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстанның грек-рим күресі балуандары екі күміспен қорытындылады. 59 келі салмақта күрескен Мейрамбек Айнағұлов финалда жапон Кеничиро Фумитаға есе жіберіп, вице-чемпион атанса, одан бір күн бұрын Демеу Жадыраев (71 келі) екінші тұғырға көтерілген болатын. Демеу финалда 2015 жылғы әлем чемпионы Франк Штеблермен (Германия) күресті. Штеблер алғашқы ұпайды сәтті иеленген соң, біздің отандасымыздың барлық шабуылына қарсы шабуылмен үн қатып, есепті өз пайдасына жақсартып алды. Сөйтіп, 8:3 есебімен басым түсіп, өз атағын сәтті қорғады. Бұған дейін Азия чемпионатында жүлделі болған Жадыраевтың жаңа сапалық деңгейге көтерілгені байқалады. Жаркенттік балуан жанкүйерлерін қатты қуантты.
Соңғы жылдары Мейрамбек Айнағұловтың өнеріне сүйсінушілер өте көп. Айнағұлов биылғы құрлық чемпионатында да финалға жетіп, күміс жүлде еншілеген-ді. Париж кілемінде ол әуелі іріктеу кезеңінде мысырлық Мұстафа Мұхаммедті 4:1 есебімен жеңді. 1/8 финалда индонезиялық Жианендер Жианендерге соқыр ұпай ұстатқан жоқ — 9:0. Ширек финалда Мейрамбекке 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, украиналық Дмитро Цымбалюк тап келді. Алғашқы кезеңді отандасымыз 3:1 есебімен өз пайдасына шешті. Екінші кезеңде украин балуаны жиі шабуылдағанымен, Айнағұлов лайықты қарсы алып отырды. Есеп — 7:5.
Жартылай финалдағы белдесу кореялық Ким Сион Хакпен өтті. Кездесу соңына бір минут қалғанда соңғы ұпайды алған Ким алда тұр еді. Айнағұлов еш сасқан жоқ. Оңтайлы сәтте қарсыласын кілемнен итеріп шыға бере лақтырды, сөйтіп, 2 ұпай қанжығалады. Ары қарай уақыт өткізіп, қарсыластың қолын байлау еш қиындық туғызған жоқ.
Финалда сыралғы қарсылас Кеничиро Фумита (Жапония) тап келді. Ол Айнағұловты биылғы құрлық біріншілігінде алтын жүлдеден қаққан еді. Париж төрінде де оның асығы алшысынан түсті. Екі балуан бірін-бірі ала алмағанымен, негізгі жеңіс ұпайын Фумита алып кеткендіктен, уысымызға күміс жүлде түсті.
2015 жылы АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен әлем чемпионатында қазақ балуандары екі қола (А.Кебісбаев пен Д.Кәртіков) жүлде жеңіп алып еді. Бұл жолы жігіттер сол екі медальдің сапасын өте жақсартты.
Өзге балуандарымыз жүлдеге іліне алған жоқ. А.Кебісбаев (66 келі) іріктеу кезеңінде кубалық Мигел Паласио Мартинесті – 7:0, 1/16 финалда швециялық Омар Хуссамды 1:33 минутта таза жеңгенімен, 1/8 финалда парсы Хұсейін Елиасиден 1:4 есебімен ұтылып қалды. Асқат Ділмұхамедов (80 келі) Мұстафа Мұхаммедтен (Египет) 4:1 есебімен басым түсіп, артынша Ласло Жабоны (Венгрия) тұқыртып еді. Бірақ ширек финалда оның жолын Радик Кулиев (Беларусь) кесті. Мұнда да отандасымыз соңғы ұпайды қарсыласына беріп қойды – 1:2.
Кеше кілемге әйелдер шықты.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар