1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (16253) 24 тамыз, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
24 тамыз 2017
«Селтик» сергелдеңі

Чемпиондар лигасына іріктеу. Плей-офф
Қарымта ойын

«Астана» – «Селтик» (Шотландия) – 4:3 (Айер, 26 – өз қақпасына, Мұжықов, 48, Твумаси, 49, 69 – Синклейр, 34, Нтчам, 80, Гриффитс, 90
«Астана» командасы «Селтикті» жеңді, алайда өткен аптадағы 0:5 есебінің қарымтасын толық қайырды деу қиын. Екінші тайм басында елордалықтар қатарынан екі гол соғып, артынша глазголықтарды тағы бір рет жазалап, үміт отын жаққандай еді. Бірақ «Селтик» тез ес жинады. Ерич қорғаған қақпаға соңғы 10 минутта олар екі гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. «Кельттер» Чемпиондар лигасының топтық турниріне жолдама алды, ал «Астана» Еуропа лигасының топтық сынында бақ сынайды.
«Селтик» үшінші рет Қазақстан командаларын Чемпиондар лигасының топтық сынынан қағып отыр. 2013 жылы – «Шахтерді», өткен жылы «Астананы» іріктеудің плей-офф кезеңдерінде қапы қалдырып еді, биыл да жеңісті жолынан танған жоқ. Жалпы, «Селтик» Қазақстан командаларымен үш рет кездесіп, бәрінде де келесі кезеңге өтті. Бұрын ешбір команда біздің клубтардан осынша басымдық танытпаған болатын.
«Астана» командасының жартылай қорғаушысы Патрик Твумаси бұл кездесуде екі гол соғып, биылғы маусымдағы еліміздің еурокубоктағы ең мерген ойыншысы атанып отыр. Ол «қайраттық» Жерар Гоуды (4 гол) басып озды.
Еуропа лигасы топтық турнирінің жеребесі алдағы жұмада тартылады.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар