1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16255)   31 тамыз, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
31 тамыз 2017
Алты арыста жүлде бар

Гамбургте (Германия) өтіп жатқан әлем чемпионатында барлық жартылай финалист анықталды. Қазақстан құрамасының алты боксшысы осы кезеңге жетіп, екі жыл бұрынғы нәтижені әлдеқайда жақсартты.
49 келі. Жомарт Ержан ширек финалда Еуропа чемпионы, ресейлік Василий Егоровпен күш сынасты. Отандасымыз үш раундты да еркін өткізіп, басымдығын анық байқатты. Аргентиналық, ирландиялық, үндістандық, кореялық және румыниялық бес төреші Жомарттың жеңгенін нақтылап, 5:0 есебін белгіледі. Жартылай финалда Ж.Ержан кубалық Жоанис Аргилагоспен қолғап түйістіреді. Бұл кездесу бүгін Астана уақытымен түнгі сағат 10-да өтеді. Азия чемпионатында жүлдеге іліне алмаған Жомарт осылайша әлем біріншілігіне зор дайындықпен келгенін дәлелдеді.


56 келі. Қайрат Ералиев өзінің негізгі қарсыласы Мұратжан Ахметәлиевті 1/8 финалда тамаша жеңген соң, ширек финалда да іркілмейтініне сенген едік. Бұл кезеңде оған шаршы алаң иесі Омар әл-Хаг қарсы шықты. Отандастарының ерекше қолдағанына қарамастан, бұл кездесуде Омар біздің Қайраттан соқыр ұпай ала алған жоқ. Бес төрешінің төртеуі Ералиевтің басымдығын 30:27 ұпайымен белгілесе, біреуі ғана (поляк төрешісі) 29:28 ұпайын қойды. Сөйтіп, Ералиев төрт жыл бұрынғы нәтижесін қайталап, жартылай финалға шықты. 2013 жылы Алматыда ол қола жүлде еншілеген еді. Биылғы жартылай финалда ұлыбританиялық Питер Макгрейлмен кездеседі. Демек, қоланы алтынға алмастыруға тамаша мүмкіндік туып тұр.

69 келі. Абылайхан Жүсіпов колумбиялық қарсыласы Габриель Маэстре Переске көп күш жұмсаған жоқ. Арақашықтықты сақтай отырып, ол алыстан соққылармен қарсыласын жиі састырды. Жартылай финалда Жүсіпов бұрынғы қарсыласы Шахрам Ғиясовпен кездеседі. Азия чемпионатында Ғиясов біздің боксшыны жеңіп кеткен-ді. Қарымта кездесу нәтижесі қалай болатынын бүгін түнде білеміз.

75 келі. Әбілхан Аманқұл орта салмақтардағы қазақтың жеңісті дәстүрін тамаша жалғастырды. Ширек финалда оған Рио олимпиадасының чемпионы, 2015 жылғы әлем чемпионы, Панамерика ойындарының жеңімпазы Арлен Лопес (Куба) қарсылас болды. Аманқұл мен Лопес WSB сериясының финалында жолығып, онда кубалықтың асығы алшысынан түскен-ді. Әлем чемпионатында Әбілхан кеткен есесін мықтап қайырды. Ол бапкерлердің арақашықтық сақтап ұрыс салу туралы тапсырмасын қапысыз орындап, Лопестің жиі клинчке баруына мүмкіндік бермеді. Бес төрешінің екеуі кубалықтың жеңісін белгілегенімен, басқа үшеуі қазақ ұланының үстемдігін хаттады. Осылайша Әбілхан жартылай финалға зор табыспен жетті. Жартылай финалда ол әзірбайжан боксшысы Кәмран Шаһсуварлымен кездеседі. Бұл спортшы Рио олимпиадасының ширек финалында Жәнібек Әлімханұлын жеңген болатын. Демек, тағы бір қарымта қайтарудың реті келіп тұр.

81 келі. Ерік Әлжанов ежелгі қарсыласы Бектемір Меликузиевтен айла асыра алмады. Екі боксшы жедел соққы алмасып шегінбей айқасса да, өзбек боксшысының екінші раундтағы басымдығы шешуші мәнге ие болған секілді. Үшінші раундта екеуі де жырылған қабақтарын жиі емдетті. Ерік қайтқан жоқ. Бірақ Меликузиев оның алдын тағы орап кетті. Төрешілердің екеуі Әлжановтың жеңісін тіркегенімен (белорус және неміс қазылары), басқа үшеуі (Куба, Дания, Австралия) Бектемірді жеңімпаз деп мойындады.

91 келі. Василий Левит австралиялық Джейсон Уейтлиді жарыстың бұл кезеңінде күмәнсіз жеңді. Оның басымдығын төрешілер арасында 30:24 есебімен белгілегендері де болды. Қалай дегенде де, Левит өткен жылдан бері қазақ боксының 91 келі салмақ дәрежесіндегі тарихын қайта жазып жатыр. Рио олимпиадасында ол күміс жүлдемен қуантып еді. Міне, әлем чемпионатында да осы салмақтағы олқы тұсты толтырып, жартылай финалға шықты. Енді оны кубалық Ерисланди Савон күтіп тұр.

+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық қарсыласы Баһадүр Жалаловқа қарсы ширығып шықты. Азия чемпионатының финалында Жалаловтан жеңілген соң, Қоңқабаев қарымта қайырудың тамаша мүмкіндігі Гамбург шаршы алаңында туып тұрғанын жақсы түсінді. Жекпе-жек алдында ол: «Бейтарап аумақта Баһадүрді жеңіп, кімнің мықты екенін көрсетемін», – деді. Қарсыласының бойшаңдығына қарамастан, Қамшыбек сол қолымен орай соғып, үнемі тығырыққа тіреп отырды. Жалалов кездесуді ойнақтап бастап еді, соңғы раундтың ақырғы минутында тіпті салбырап қалды. Осы кезде бапкерлердің жылдамдық арттыру жайлы тапсырмасын дәл орындап, Қамшыбек қарқынын үдете түсті. Есеп – 3:2. Төреші қолын көтергенде ол шын қуанды. Енді жартылай финалда камерундық Арсен Фокумен жұдырықтаспақ. Фоку бұл кезеңде колумбиялық қарсыласын І раундтың ортасында үш нокдаунмен жеңді. Дегенмен Қоңқабаевты ірке алмасына сенімдіміз.

Мырзағали Айтжанов, Қазақстан құрамасының бас бапкері:
Боксшыларымыздың бәрі берілген тапсырманы жақсы орындап, бізді қуантты. Ерік Әлжанов жеңіс үшін барын салды, бірақ өзбек боксшысының сәл ғана басымдығы жекпе-жек тағдырын шешіп кетті. Алдағы кездесулердің бәрі қиын. Жігіттерді жақсылап дайындаймыз және олардың бұл кезеңде де жеңіп шығатынына сенеміз.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар