1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16255)   31 тамыз, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
31 тамыз 2017
Галбадрах тарихты жазады

Әлем чемпионаты. Будапешт (Венгрия)
Отгонсетсег Галбадрах Қазақстан құрамасына әлем чемпионатының алғашқы медалін сыйлады. Ол жартылай финалда жапон қызы Фуна Тонакиге «алтын ұпай» беріп қойған-ды. Қола жүлде үшін белдесуде Отгонсетсег ресейлік Ирина Долгованы қосымша уақытта қапы қалдырып, қола медальға қол жеткізді.

Галбадрах Рио олимпиадасында Қазақстан құрамасына қыздар арасындағы тұңғыш жүлде әкеліп еді. Міне, ол әлем чемпионатында да тұңғыш олжа салған отандас балуан қызымыз болып отыр.
Әлем чемпионы Елдос Сметов Будапешт кілемінде өз атағын қорғай алмады. Ол ширек финалда ежелгі қарсыласы Орхан Сафаровқа (Әзірбайжан) жеңісті қолдан берсе, жұбаныш белдесуінде Болдбаатардан (Моңғолия) «алтын ұпай» ала алмады. Жақында ғана жарақатын емдеп оралған Сметовке енді олимпиадаға дейінгі дайындықты күшейтетін сәт туды. Осы салмақта күрескен Ғ.Қырғызбаевты күтпеген жерден төрешілер қысты. Ширек финалда оның вазари ұпайын соңғы секундтарда алып тастап, «алтын ұпай» үшін күресуге мәжбүрледі. Чех Петриков балуанымыздың осы бір сансыраған сәтін сәтті пайдаланып кетті.
Жарыстың екінші күні татамиге шыққан Елдос Жұмаханов пен Азамат Мұқанов та қуанта алған жоқ. Елдос екі қарсыласын жеңгенімен, кореялық Кимге тізе бүкті. Ал Азамат алғашқы белдесуден кейін-ақ санаттан шықты.
Әйелдер. 48 келі. Отгонсетсег Галбадрах (Қазақстан)
Іріктеу кезеңі. Франческа Милани – 1:0 (Галбадрах «алтын ұпай» иеленді), Дария Билодид (Украина) – иппон (Галбадрах 3:02 минутта ауырту әдісімен жеңді).
Ширек финал. Ноа Минскер (Израиль) – Галбадрах 2 вазари әдісімен жеңді.
Жартылай финал. Галбадрах – Фуна Тонаки (Жапония) – 0:1 (Тонаки «алтын ұпай» иеленіп кетті).
ІІІ орын үшін. Галбадрах – Ирина Долгова (Ресей) – 1:0 («алтын ұпай»)
Ерлер. 60 келі. Елдос Сметов (Қазақстан)
Іріктеу. Нейсо Сигаке (Мозамбик) – 10:0, Ерик Такабатаке (Бразилия) – 1:0 (Елдос «алтын ұпай» иеленді), Мұхаммед Рашнонежад (Иран) – 11:0
Ширек финал. Орхан Сафаров (Әзірбайжан) – 0:10 (Елдос қатарынан үш ескерту алып, жеңіліп қалды)
Жұбаныш белдесуі. Елдос Сметов – Ганбатын Болдбаатар (Моңғолия) – 0:1 («алтын ұпай»)
Ғұсман Қырғызбаев (Қазақстан)
Іріктеу. Седрик Револ (Франция) – 11:0, Елиос Манци (Италия) – 10:0, Дашдаваагин Амартувшин (Моңғолия) – 10:0
Ширек финал. Павел Петриков (Чехия) – 0:10. Бұл белдесуде төрешілер отандасымызға вазари ұпайын санап тұрып, уақыт біткен кезде есептен шығарып тастады. Қосымша уақытта Петриков «алтын ұпай» олжалап кетті.
Жұбаныш белдесуі. Ғұсман Қырғызбаев – Мухриддин Тілеуов (Өзбекстан) – 0:1 («алтын ұпай»)
Ерлер. 66 келі. Елдос Жұмаханов (Қазақстан)
Іріктеу. Нижат Шихализада (Әзірбайжан) – 10:0, Анхель Ернандес (Мексика) – 10:0, Ким Лим Хван (Оңтүстік Корея) – 0:1
Азамат Мұқанов
Іріктеу. Шарлес Шибана (Бразилия) – 0:1

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
заманай | 31 тамыз 2017 22:38
Отгонсетсег Галбадрах - Отгонцэцэг Галбадрахқызы. Дұрыс жазу керек.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар