1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (16256)   5 қыркүйек, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
5 қыркүйек 2017
«Вуэльтада» Лопеске кім жетеді?

Испания жолдарында өтіп жатқан «Вуэльта» суперкөпкүндігінде «Астана» командасының шабандозы Мигель Анхель Лопес екінші рет олжа салды. Екінші демалыс күні алдында ол 15-кезеңнің күмәнсіз үздігі болды.
Бұл кезең Алькала да Реал қаласынан басталып, 129,4 шақырымға созылды. Шабандоздар мәре сызығы белгіленген Альто-Ойя-де-ла-Мора тауына шыққанша бірінші дәрежелі екі биікті артта қалдырды. Лопес даңқты Альберто Контадормен бірге мәреге 20 шақырым қалғанша шабуылға шығып, пелотонды артқа тастады. Де-ла-Мораға 6,5 шақырым қалғанда Лопес тағы шабуылдап, Контадор мен Роман Бардеден қара үзіп кетті. Алда Адам Йейтс қана кетіп бара жатыр еді. Ол да біздің шабандоздың қарқынына шыдас бере алмады. Сөйтіп, Лопес мәре сызығын дара кесіп өтті.
– Адам сенгісіз жағдай болды бұл! Контадор шабуылға шыққанда, ізінен қалмауға тырыстым. Сол кезде бұл әрекетіміздің я ерте, я кеш екенін тіпті де сезінгенім жоқ. Аяғымның зырылдап тұрғанын байқадым да, өз-өзіме «кәні, көрейік» дедім. Сөйтіп, қарсыласымның бәрінен ұзап кеттім. Командалас достарымның бәріне алғыс айтамын, олар бүгін мүлтіксіз жұмыс істеді, – деді ол.
Жалпы есепте Крис Фрум («Скай») көш бастап келеді. М.А.Лопес одан 2,51 минут ұтылып, алтыншы сатыда тұр. Жетінші сатыдағы Ф.Ару әзірше 3,24 минут қалыңқы.
Бұл Лопестің «Вуэльтадағы» жалғыз жеңісі емес. Ол 11-кезеңде топ жарды, 14-кезеңде мәре сызығын екінші болып қиды. Ал 5-кезеңде А.Луценко жеңіске жетіп, өзінің «Гранд-тур» кезеңдеріндегі алғашқы ірі табысын тойлаған еді.
Осылайша биылғы «Вуэльта» «Астана» командасы үшін сәтті болып тұр.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар