1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
"Жас Алаштың" спорт беті.
14 қыркүйек 2017
«Қарабақ» қалың өртке түсті чемпиондар лигасы

Осы сейсенбіде Чемпиондар лигасының топтық турнирі басталды. «Селтик» өз алаңында ПСЖ-мен кездесіп, 0:5 есебімен жеңілді. Лигаға іріктеудің плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта «кельттер» «Астананы» дәл осындай ірі есеппен жеңіп еді. Ай өтпей мұндай жағдайға өздері тап болып отыр.
«Манчестер Юнайтед» Швейцария чемпионы «Базельді» қабылдап, 3:0 есебімен айқын жеңді. «Манкуниандықтар» лигаға оралғанда осы тамаша нәтижеге қол жеткізуіне жас шабуылшы Маркус Решфордт та үлес қосты. Ол үшінші голды енгізді. Осылайша Решфорд өзі қатысқан турнирлердің алтыншысында алғашқы ойындарда гол соқты.
«Барселона» «Камп Ноу» стадионында Чемпиондар лигасының биылғы финалисі «Ювентусты» ойсырата ұтты – 3:0. Бұл кездесуде Лионель Месси екі рет дәл соққы жасап, өзінің еурокубоктардағы голдарының санын 99-ға жеткізді. Бұл көрсеткіш бойынша Месси негізгі бәсекелесі Криштиану Роналдудан («Реал», 104 гол) ғана қалыңқы. Бұған дейін ол Джанлуиджи Буффон қорғаған қақпаны таңбалай алмай келіп еді. Үшінші кездесуде ақыры Джиджи де берілді.
Әзірбайжан футболы тарихында Чемпиондар лигасының топтық турниріне тұңғыш рет шыққан «Қарабақ» алғашқы кездесуінде «Челсиден» оңбай таяқ жеді. Лондон төрінде «ақсүйектер» Әзірбайжан чемпиондарының қақпасына жауапсыз 6 гол соқты.
Бұдан басқа ойында мынадай нәтижемен аяқталды:
«Олимпиакос» (Грекия) – «Спортинг» (Португалия) – 2:3, «Бенфика» (Португалия) – ЦСКА (Ресей) – 1:2, «Бавария» (Германия) – «Андерлехт» (Бельгия) – 3:0, «Рома» (Италия) – «Атлетико» (Испания) – 0:0. Басқа топтардағы кездесулер кеше түнде өтті.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар