1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
"Жас Алаштың" спорт беті.
19 қыркүйек 2017
Аптаның толымды жеңістері

Өткен апта Қазақстан теннисшілері үшін өте жемісті болды. Астанада Қазақстан ерлер құрамасы Дэвис кубогының әлемдік тобына жолдама алды. Қарсыласы – Дэвис кубогының қазіргі чемпионы Аргентина құрамасы еді. 2011 жылы осы турнирдің ширек финалында отандастарымыз Аргентина құрамасымен Буэнос-Айрес қаласында кездесіп, 0:5 есебімен есе жіберген болатын. Команда капитаны Диас Досқараев бұл жолы өз шәкірттерінің бабы да, жігері де келісті екеніне жанкүйерлерін сендірді.

Алғашқы кездесуде Михаил Кукушкин Гвидо Пельядан төрт сетте басым түсті – 6:7, 7:6, 6:2, 6:4. Екінші жеке кездесуде әлемнің үздік 30 теннисшісінің қатарында тұрған Диего Шварцман отандасымыз Дмитрий Попконы жеңіп (6:4, 6:2, 6:2), таразы басын теңестірді.
Жұптар кездесуінде Тимур Хабибуллин мен Александр Недовесов өз мүмкіндіктерін оң пайдаланды. Олар Максимо Гонсалес/Андрес Мольтени жұбын төрт сетте ұтты – 5:7, 6:4, 7:5, 6:4. Алда екі бірдей жеке сын тұрды. М.Кукушкин Д.Шварцманмен кездесуде көп ұзатпай-ақ текетірес тағдырын шешіп тастады. Ол Шварцманға жалқы сетті де бермей, 6:4, 6:4, 7:6 есептерімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы Дэвис кубогына 1995 жылдан бері қатысып келеді. 2011, 2013, 2014 және 2015 жылдары осы мәртебелі жарыстың ширек финалына жетті.
Ал Зарина Диас өткен аптада WTA турнирінде топ жарып, жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Ол – ересектер арасындағы турнирде топ жарған тұңғыш қазақ қызы. Отандасымыз бұған дейін ITF турнирлерінде жеті рет жеңіске жеткен еді.
Өзінің ересектер арасындағы алғашқы толымды табысын Диас Жапонияда тойлады. Ол Жапония ашық біріншілігінің финалында жергілікті теннисші Маю Катоны екі сетте қапы қалдырды – 6:2, 7:5.
Финалға дейінгі жеңісті жолы мынадай болды:
І айналым. Мисака Дои (Жапония) – 3:6, 6:1, 6:1
ІІ айналым. Чан Шуай (Қытай) – 6:4, 6:4
Ширек финал. Юлия Путинцева (Қазақстан) – 4:6, 6:1, 6:3
Жартылай финал. Кристина МакКейл (АҚШ) – 6:4, 0:6, 6:3
Осы жеңісінен кейін З.Диас WTA рейтингінде алға 37 қадам жасап, 63-орынға көтерілді.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар