1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (16264 3 қазан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті.
3 қазан 2017
Луценко – «Алматы турының» төрт дүркін жеңімпазы

Биылғы «Алматы туры» ерекше өтті. Басты ерекшелігі – көпкүндікке айналуы. Жыл сайын шайтанарбашылар бір күндік жарысқа қатысып, жеңімпазды анықтап қайтатын-ды. Биыл ұйымдастырушылар жарысты екі күнге созды. 17 елден келген 20 команданың жүйріктері алғашқы күні «Астана» алаңынан бастап, қала көшелерімен 171,2 шақырымды артқа тастады.

Мәреге 17 шақырым қалғанда «Астананың» шабандозы Алексей Луценко шабуыл жасап, ұзап кетті. Сөйтіп, «Алматы Арена» кешенінің маңында мәре сызығын дара қиды. Оның ізін ала мәреге Реми де Грегорио (Delko Marseille Provence Ktm) 19 секунд кешігіп жетті. Үшінші тұғырға ирандық Мірсамат Пурсейедиголахур көтерілді (+21 сек).
Екінші жарыс бағыты Алматының орталық көшелерінен басталып, «Медеу» мұзайдынына дейін жалғасты. 160 шақырымдық жарыс жолын «астаналық» Якоб Фульсанг бірінші жүріп өтті. А.Луценко бұл жолы 12 секунд ұтылыспен екінші болды. Швейцарияның Roth-Akros командасының өкілі Колин Крис Штусси мәреге үшінші болып жетті (+24).
«Алматы турының» жалпы есебінде Алексей Луценко жеңімпаз атанды. Ол екінші орын алған Р.де Грегориодан – 55 секунд, үшінші орындағы Я.Фульсангтан 1:04 минут алда болды.
– Жарыс өте ауыр, мазасыз болды. Біздің команда өте жақсы жұмыс істеді. Соңына қарай Якоб алға жұмсау тактикасында жоспарымыздың дұрыс екенін байқатты. Оның тауда өте жақсы жүретінін білесіздер. Сондықтан ол мәреге бес шақырымдай қалғанда шабуыл жасады. Шабандоздар оған жете алмады. Енді Қызылжарға, үйіме кетемін. Жақсылап демалып, келесі маусымға дайындаламын, – деді А.Луценко.
Шынында да, биылғы маусымды Алексей өте жақсы өткізді. Ол екі гранд-турға қатысты. «Вуэльтаның» бесінші кезеңінің жеңімпазы атанды, әлем біріншілігінің 10 үздік спортшысының қатарына енді.
«Алматы туры» енді биылғы дәстүрді ұстанады. Жыл сайын оңтүстік астанаға келген шабандоздар екі күндік жарысқа қатысып, мықтыны анықтайды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар