Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ
10 қараша 2009
Осындай жарлық бiзге де керек
Жақында интернеттен Ресей президентi Д.Медведевтiң спорт федерациясы басшылығындағы мемлекеттiк шенеунiктер туралы жарлығын оқыдым. Ресей спорт федерацияларын басқарып отырған мемлекеттiк шенеунiктер бiр ай мерзiм iшiнде өз орындарын босатуы тиiс. Өз орындарын сол спорттың нағыз мамандарына беруi керек, ал өздерi мемлекеттiк шаруамен айналысуы тиiс. Мiне, осындай президенттiң жарлығы бiздiң елге де керек. Қазiр қарап отырсақ, елiмiздегi көптеген спорт федерациялар басында мемлекеттiк шенеунiктер отыр. Олардың көбiнiң жұмыстары сол спорт түрлерiнен болып жатқан жарыстарға құрметтi қонақ болу, лента қию, медаль беру, қонақасыға бару және федерация атынан шетелдерге шығу болып келетiнi жасырын емес. Арасында жақсы жұмысымен көрiнiп жүргендер де бар болар, бiрақ, мемлекеттiк жұмыста жүрiп бiлдей спорт федерациясын басқару, ұйымдастыру оңай болмаса керек. Төмендегi федерациялардың басшылары кiм екен, тiзiмге көз жүгiртiп көрелiкшi:
Ат спорты федерациясы – А.Машкевич
Баскетбол федерациясы – А.Сманқұлов
Бокс федерациясы – Т.Құлыбаев
Боулинг федерациясы – Д.Тұрлыханов
Волейбол федерациясы – Н.Әбiқаев
Велосипед федерациясы – Д.Ахметов (қазiр өз еркiмен босап жатыр екен)
Жеңiл атлетика – П.Новиков
Мылтық ату федерациясы – И.Тасмағамбетов
Спорттық гимнастика – Х.Утеулина
Тай бокс федерациясы – К.Мәсiмов
Теннис федерациясы – Б.Өтемұратов
Үстел теннисi федерациясы – Қ.Тоқаев
У-шу федерациясы – Г.Марченко
Хоккей федерациясы – А.Мәмин
Футбол федерациясы – Ә.Жақсыбеков және тағысын тағылар болып кете бередi.
Жақсы, бұл кiсiлердiң көбi осы спорт түрлерiнiң фанаттары делiк, бiрақ осы кiсiлер музыканы да, әдебиеттi де, балеттi де т.б. жақсы көруi мүмкiн ғой, сонда оларды музыка коллективi бастығы, Жазушылар одағының басшысы, Балет театры директоры қоюымыз керек пе!? Осы кiсiлер басшылықта тұрғанда көп спорт объектiлерi салынды, спортта жетiстiктерге жеттiк десек, нағыз фанаттар болса – өз жұмыстарында жүрiп-ақ көмектерiн берсiн. Одан да спорт кешендерiн салуға, спорт инфрақұрылымдарын жақсартуға, шетелдерде болып жатқан жарыстарға спортшылар шығаруға көмегiн берсiн. Жалпы, өз басым шенеунiктер бәрiне бiрдей үлгере бермейдi және мемлекеттiк шенеунiктер тек мемлекет жұмысымен айналысуы тиiс деп ойлаймын.