10 қараша 2009
Футбол - Өткен сәрсенбi күнi футболдан Чемпиондар лигасының топтық бәсекесiнде ойнап жатқан командалар 4-тур ойындарын қорытындылады.
Е тобы
“Фиорентина” (Италия) – “Дебрецен” (Венгрия) – 5:2;
“Лион” (Франция) – “Ливерпуль” (Англия) – 1:1.
F тобы
“Рубин” (Ресей) – “Барселона” (Испания) – 0:0;
“Динамо” (Украина) – “Интер” (Барселона) – 1:2.
G тобы
“Униря” (Румыния) – “Рейнджерс” (Шотландия) – 1:1;
“Севилья” (Испания) – “Штутгарт” (Германия) – 1:1.
Н тобы
“Арсенал” (Англия) – “АЗ” (Голландия) – 4:1;
“Стандард” (Бельгия) – “Олимпиакос” (Грекия) – 2:0.
Былтырғы жылғы Чемпиондар лигасының жеңiмпазы Испания “Барселонасының” Құрбан Бердыев жаттықтыратын Қазанның “Рубин” командасына тағы да шамасы жетпедi. Каталонияда өткен ойында 1:2 есебiмен ұтылып қалған Хосеп Гвардьоланың командасы Татарстанға есе қайтару үшiн келгенi анық. Алайда, қазандық футболшылардың тас-қамал қорғанысын Месси, Ибрагимович, Анри сынды шабуылшылар бұзып-жара алмады. Ал “Барселона” мен “Рубин” командаларымен бiр топқа түскен Киевтiң “Динамосы” мен Италияның “Интерi” арасындағы ойында итальяндықтар 2:1 есебiмен басым түстi. Украина футболшылары ойынның 21-минутында Андрей Шевченконың көмегiмен есеп ашқан. Алайда “Динамо” футболшылары өз басымдықтарын ойын соңына дейiн ұстап тұра алмады. Жозе Моуринью баптайтын итальяндық футболшылар кездесудiң 86-минутында таразы басын теңестiрсе, 89-минутта жеңiс добын соқты.
Англияның “Арсеналы” топтық ойындар аяқталуға екi тур қалғанда плей-офф бәсекесiнiң жолдамасын қоржындарына салды. Өз алаңында Германияның “Штутгарт” командасымен 1:1 есебiмен тең ойнағанына қарамастан Испанияның “Севильясы” да келесi кезеңге өттi. Сондай-ақ, Францияның “Лион” футболшылары да 1/8 финалындағы орнын белгiлеп қойды.




