17 қараша 2009
Әлемнiң үшiншi командасы атанды
Иранда волейболдан мүгедек жандардың арасында өткен әлем бiрiншiлiгiнде Қазақстанның жастар құрамасы жүлделi үшiншi орынға ие болды. Қарашаның 2-8-i аралығында өткен әлемдiк додаға сегiз елдiң командасы қатысты. Бас жүлденi алаң қожайындары жеңiп алса, күмiс жүлде Ресей волейболшыларына бұйырды, Қазақстанның мүгедек жастары осыдан екi жыл бұрын Бразилияда өткен әлем бiрiншiлiгiнде алтыншы орынға табан тiреген едi.




