1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15680) 21 ақпан, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 ақпан 2012
CHELSEA академиясындағы қазақ футболшысы

Лондонда тұратын 7 жасар қазақ баласы Дариус Нуритовты Ұлыбританияның Chelsea (“Челси”) жастар академиясы оқуға тегiн қабылдаған. Ерекше қабiлетiмен көзге түскен Дариус – қазiр Chelsea Regent’s Park жастар лигасы аудандық құрамасының капитаны.

Дариустiң әкесi Азиз Нуритов осыдан 3 жыл бұрын Chelsea футбол командасының балаларға арналған жаттықтыру сабақтарын өткiзетiнiн естiп, баласын апарған екен. Дариус жаттығу ойындарында 4 жастағы балалар арасында “аптаның ең мықты ойыншысы” деп танылып, сыйлық алған.
Дариус Нуритов әйгiлi футболшылар Фернандо Торрес пен Дидье Дрогбаны үлгi тұтады. Дариустың командадағы номерi де Торреспен бiрдей – 9. Chelsea Regent’s Park құрамасының жаттықтырушысы Джеймс Дариустың  жылдамдығын “Барселона” (Испания) футбол клубының аргентиналық ойыншысы Лионель Мессиге теңеп, оны “Жаңа Месси” деп атайды.
Дариустың әкесi, Chelsea футбол клубының жанкүйерi Азиз Нуритов бала күнiнен әлемге танымал футболшы болуды армандағанын айта келе:
– Ең бастысы, баламның қабiлетi көрiнуiне себепкер болдым. Қалғанын уақыт көрсетер, – дедi.
Азиз Нуритовтың ендiгi арманы – Дариусты Chelsea клубының бас академиясына өткiзiп, Chelsea ойыншысы ету.
– Әдетте ақысы төленуi тиiс Chelsea академиясы Дариустың өнерiне қызығып, өздерi шақырып отыр. Негiзгi академияға iлiксе, нағыз Chelsea футболшысына айналары сөзсiз, – дейдi Азиз Нуритов.
Chelsea жастар академиясы футболды жақсы ойнайтын балаларды қабылдап, Chelsea футбол клубына дайындайды. Бұл академияның iшiнде бiрнеше ойыншылар командасы бар. Соның ең мықтылары ғана негiзгi Chelsea құрамасына өтедi.
Дариус Нуритов – тек Chelsea Regent’s Park жастар лигасының ғана емес, Лондонның орталығындағы Panthers командасының да ең мықты ойыншысы.
– Арманым – Chelsea-дiң футболшысы болу. Егер бұл екi топ бетпе-бет ойнайтын  болса, Chelsea жағына шығамын, – дейдi Азаттыққа берген сұхбатында жас футболшы Дариус.
Бұл мақаланың толық нұсқасын www.azattyq.org веб-сайтынан оқып пiкiр бiлдiре аласыздар.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар