1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15680) 21 ақпан, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 ақпан 2012
Мақсат – мексикалықтардың миын шайқау

Бүкiләлемдiк бокс сериясының iрiктеу кезеңiндегi кездесулер аяқталды. “Астана арландары” Алматыда iрiк­теудiң соңғы жекпе-жегiн үндiстандық “Мумбай Файерс” клубына қарсы өткiзiп, 4:1 есебiмен жеңiске жеттi.

54 келiде рингке бас бапкер Есжанов Миржан Рақымжановты шығаруды жөн көрiптi. Былтырдан берi “арландардың үйiрiнде” жүрген Рақымжанов қарсыласы Иван Ильницкийдi айқын басымдықпен еңсердi. Украиналық боксшы үндiстандық клубтың намысын алғаш рет қорғағандықтан ба, бес раундқа әзер шыдады. Биылғы маусымда томағасын ендi сыпырған Миржан төбелестi сағынып қалыпты. Өзiнен тәжiрибесi кемшiн боксшыны бұрыштан-бұрышқа тықпалап, оңтайы келгенде соққыны жаудырып, әбден сiлiкпесiн шығарды.
61 келiде Самат Бәшенов шықты. Самат та “арландардың” арасына жаңадан қосылды. Бапкерлер осы кездесуде Бәшенов пен Сбаевты 5 раундқа салып, сынап көрдi. Самат бапкерлер сенiмнен шығып, үндiстандық клубтың легионерi филиппиндiк Чарли Суарездi сабады. Саматқа қарағанда Чарлидiң тәжiрибесi мол. Ол үндiстандық клубтың намысын бұған дейiн бiр мәрте қорғаған. Бүкiләлемдiк бокс сериясының дәмiн алып қалған Суарез Бәшенвотен басым түсе алмады.
75 келiде Рустам Сбаев үндiстан­дық­тардың легионерi Константин Снигурге есеп айырмасымен жол бердi.
85 келiдегi кездесу қызыққа толы болды. Абдельхафид Беншабла үндiс­тандық боксшы Рахул Кумарды құмары қанғанша сабады. Кумардың жұдырық сiлтеу әдiсi қызық екен. Ебедейсiз боксшы гонк үнi естiлiсiмен жұдырық ала жүгiрiп, ұзынтұра Беншабланың мойнына асылып қалды. Бұл кездесу мерзiмiнен бұрын аяқталды. Кумардың бапкерi жаны ашыса керек, төрешiге жекпе-жектi тоқтатуын өтiндi.
“Арландар” үшiн аса ауыр салмақ бас ауруына айналып отыр. Жалпы, қазақ боксында алыптардың аздығы ең жанды жерiмiз болып тұр. Мәскеудегi кездесуде венгриялық Иштван Вернатты шақыртқан бапкерлер бұл жолы үндiстандық клубтың боксшысына қарсы алжирлiк легионер Шуайб Болодинатсты шығарды. Молдовалық Михал Мунтян биылғы маусымда “Мумбай Файерс” клубының намысын қорғауға бел буған екен. Мунтиян “арландармен” былтыр да “тiстескен” болатын. Бүкiләлемдiк бокс сериясында ұзын саны 7 рет рингке шығып, 3 кездесуiнде жеңiске жеткен Михалдың ауыр соққысынан кейiн Шуайбтың қабағы жарылып кеттi. Бiрақ Шуайб шаршап қалған қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.  
“Арландар” ширек финалдың ал­ғашқы кездесуiн наурыз айының басында Астанада “В” тобындағы мексикалық “Мексика сити” боксшыларына қарсы өткiзедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар