1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15680) 21 ақпан, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 ақпан 2012
Дерек дегенiне жете алмады

Германияның Мюнхен қаласында өткен сенбiде бокс кешi өттi. Аса ауыр салмақта WBC тұжырымының чемпио­ны украиналық Виталий Кличко чемпиондық белбеуiн қорғау үшiн рингке шықты. Кличкодан 12 жас кiшi британдық Дерек Чисора елге күлкi болды. Кездесу болардан бiр күн бұрынғы салмақ өлшеу, көз қарықтыру рәсiмiнде шыдамсыз Чисора оң қолымен Вита­лийдiң жағынан тартып жiбердi. Ол аз болғандай, ертесi рингте де оспадарлығын тағы бiр көрсеттi. Ұртына су толтырып шыққан Дерек алдындағы Кличконың бетiне бүркiп жiбердi. Қырықтың қырқасына шыққан үлкен Кличко мұндайды күтпесе керек, абыржып қалды. Бiрақ қызбалыққа салынған жоқ. Бәрiн төрт бұрыштың iшiнде көрсеттi. Өзiне жарнаманың жабайы түрiн жасаған Чисора рингте жалғыз қалғанда еш қауқар көрсете алмады. 12 раунд бойы басымдығын байқатқан Кличкоға үш төрешiнiң екеуi 119-111, 118-110 ұпайын жазды.

Төрешiлердiң шешiмiне наразы Дерек жеңiлiсiн мойындамаған сыңай танытты. Тiптi төбелес тоқтаған соң ортада жүрген Виталийдiң iнiсi Владимирмен де сөзге келiп қалды.
Деректiң бұл соңғы төрт жылда өткiзген төрт кездесуiндегi үшiншi жеңiлiсi. Виталий өзiнiң 44-шi жекпе-жегiн (40 кездесуiнде қарсыласын нокаут­пен ұтқан) жеңiспен аяқтады. Украиналық алыпты соңғы рет 2003 жылы техникалық нокаутпен Ленокс Льюис ұтқан болатын.
 Атаққа таласамын деп күлкiге қалған Чисораға оспадар қылығы үшiн Бүкiләлемдiк бокс кеңесi (WBC) 50 мың АҚШ доллары көлемiнде айып­пұл салды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар