1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15680) 21 ақпан, сейсенбі 2012
"Жас Алаштың" спорт беті.
21 ақпан 2012
Қыздар қайратты

Оңтүстiк Кореяның Гуми қаласында күрес түрлерiнен Азия чемпионаты аяқталды. Бұл сайыста жiгiттерден гөрi, қыздар қауқар танытты.

Азия чемпионатынан үш құрама 3 алтын, 3 күмiс, 7 қола медаль олжалап, жалпыкомандалық есепте үшiншi сатыға тұрақтады. 
55 келiде Айжан Смағұлова мен   59 келiде Айым Әбiлдина қола жүлде үшiн белдесуде қырғыз балуандарын жеңсе, 63 келiде Татьяна Захарова да қола жүлдеге таласта үндiстандық балуанды тiзе бүктiрдi. 67 келiде белдескен Елена Шалыгинаны ешкiм шалып құлата алмады. Өзiнiң салмағында 7 балуан күрескендiктен, бәсеке күштi болған жоқ. Үш белдесуiн де жеңiспен бiтiрген Шалыгина Азия чемпионы атанды. 72 келiде белдескен Гүзел Манюрова барлық қарсыласын ұтып, Азия чемпиондығына үшiншi мәрте қол жеткiздi.
Грек-рим күресiнен Ербол Қоңыратов жарады. Көптен берi көрiнбей кеткен Ербол бабына енiптi. Жартылай финалда қытайлық қарсыласын соңғы минуттарда ғана еңсерген ол финалда жапон спортшысын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанды.
120 келiде Әбдiмәлiк Сартабев финалда кәрiс алыбына жол бердi. 66 келiде Елдар Қайратов, 74 келiде Әсет Әдiлов, 84 келiде Мақсат Ережепов қола жүлденi еншiлесе, қалған балуандар iрiктеу кезеңiнен аса алмады.   
Еркiн күрес балуандары Азия чемпионатынан 2 күмiс, 1 қола медальмен оралды. 66 келiде сынға түскен Мақсат Дауылбаев финалда ирандық спортшыға есе жiберiп, күмiстi мiсе тұтса, 74 келiдегi Абдулхакiм Шәпиевтi де финалда Иран елiнiң балуаны дiңкелетiп, Азия чемпиондығынан айырды. 120 келiде Ержан Дүйсенбеков қола медальға қол жеткiздi.
 
 
Дайындаған – Қуаныш БАЖАҚ.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар