12 қаңтар 2010
Шүменов қарымта кездесуге шығады
Қазақстандық кәсiпқой боксшы Бейбiт Шүменов қаңтар айының 29-ы күнi испаниялық Габриэль Кампильомен қарымта кездесу өткiзедi. Бұл туралы “Allboxing” сайты хабарлады.
Өткен жылдың 15 тамызында Бейбiт Шүменов испан былғары қолғап шеберiмен Астанада жұдырықтасып, ұпай айырмашылығымен ұтылағанын спорт жанкүйерлерi жақсы бiледi. Алайда, бұл жекпе-жектен кейiн испаниялық боксшының жекпе-жектiң алдында допинг-сынақтан өтпегенi белгiлi болып, бiраз жұрттың наразылығын тудырған едi. Ендi мiне, дүниежүзiлiк бокс қауымдастығының басшылары жекпе-жектi қайта өткiзу туралы шешiм шығарды. 29 қаңтарда өтетiн жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатының орталығы Лас-Вегас қаласында өтедi.




