28 қаңтар 2010
Владимир Кличко наурыз айында әлем чемпионы атағын қорайды

Украиналық кәсiпқой боксшы, Владимир Кличко наурыздың 20 наурыз күнi әлем чемпионы атағын қорғайды. IBF және WBO тұжырымының алтын белдiгiнiң иесi В.Кличконың бұл жолғы қарсыласы американдық Эдди Чемберс (суретте сол жақта) болмақ.Наурыз айында өтетiн қос мықтының арасындағы жекпе-жек Германияның Дюссельдорф қаласында өтедi. “Байер” футбол клубының стадионында болатын жекпе-жектi 51 мың жанкүйер тамашалайды деп күтiлуде.
Бiр айта кетерлiгi, украиналық боксшы былтырғы жылы өзбекстандық Руслан Шағаевқа қарсы тек бiр-ақ жекпе-жек өткiздi. Егер В.Кличко наурыз айында американдық боксшыдан айласын асырып жатса, онда ол IBF тұжырымының алтын белдiгiн қорғау үшiн ресейлiк Александр Поветкинмен жұдырықтасады. Бүкiләлемдiк бокс қауымдастығының шығарған шешiмi бойынша, жекпе-жек осы жылдың соңына дейiн өтуi тиiс.





әйтпесе осы уақытқа дейін дұрыстап қоятын уақыт болды ғой...