1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №09 (15467) 2 ақпан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ
2 ақпан 2010
Қоладан да айырылдық

Мәскеуде допты хоккейден өткен әлем бiрiншiлiгiнде Қазақстан құрамасының допты хоккейшiлерi төртiншi орынға табан тiредi. Топтық ойында Ресей, Швеция және Финляндия хоккейшiлерiн алға жiберiп, жартылай финалға жолдама алған қазақстандықтар финалға берiлетiн жолдаманы ресейлiктермен сарап­қа салып, 3:16 есебiмен ұтылып қалды. Екiншi жартылай финалдық жұпты Финляндия мен Швеция хоккейшiлерi құрап, былтыр­ғы жылғы әлем чемпиондары 9:4 есебiмен жеңiске жеттi. Қола медаль үшiн болған ойында Қазақстан құрамасының хоккейшiлерi Финляндиямен ойнап, ойынның негiзгi уақытында 3:3 есебiмен тең тұрған едi. Бас қазы жеңiмпазды анықтау үшiн қосымша тағы 30 минут қосты. Бұл уақытта суо­ми елiнiң хоккейшiлерi бiр доп соғып, жеңiстi жұлып әкеттi. Әлем бiрiн­шiлiгiнiң қорытындысы бойынша, В тобында өнер көрсеткен Канада хок­кейшiлерi өз тобында бiрiншi орын алып, А тобында ең соңғы орынға ие бол­ған АҚШ құрамасымен ойнады. Келесi жылы А тобына берiлетiн жал­ғыз жолдаманың иесi анықталған ойында американдықтар канадалықтарды 9:6 есебiмен ұтып, келесi жылы А тобында өнер көрсету құқына ие болды. Әлемдiк бiрiншiлiктiң бас жүлдесiн Ресей құрамасын 6:5 есебiмен ұтқан Швеция құрамасы жеңiп алды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар