1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №09 (15467) 2 ақпан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Төлеубек ӘДІЛБЕКҰЛЫ
2 ақпан 2010
Қыздарымызға қола бұйырса, жiгiттерiмiз құралақан қайтты

Ресейдiң Красноярск қаласында еркiн күрестен және әйелдер күресiнен Иван Ярыгиндi еске түсiруге арналған халықаралық турнир өттi. Әлемнiң жиырмадан астам елiнiң палуандары белдескен айтулы додада қазақстандық палуандар үш қола медальға ие болды.

Өкiнiшке қарай, қазақ елiнiң еркiн күрес шеберлерi Красноярск жерiнде өткен жарыс­тан құралақан қайтты. Қоржынымызға түскен үш бiрдей қола медальдi Қазақстан құрамасының бойжеткендерi иелендi.
Жарыстың бiрiншi күнi кiлемге шыққан жерлестерiмiз арасынан 51 келi салмақтағы Татьяна Бакатюк пен 67 келi салмақтағы Елена Шалыгинаның жолы болды. Т.Бакатюк бiрiншi белдесуiнде молдовалық Наталья Будуды тiзе бүктiрсе, екiншi белдесуiнде кiлем иесi Замира Рахманованы ұтты. Жартылай финалға берiлетiн жолдаманы моңғол палуанымен сарапқа салған жерлесiмiз қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, үздiк төрттiкке кiрдi. 67 келiде Олимпиада ойындарының және әлем бiрiншiлiгiнiң қола жүлдегерi атан­ған Елена Шалыгина да қатарынан үш белдесуде жеңiске жетiп, жартылай финалға шықты. Өкiнiшке қарай, жартылай финалда екi жерлесiмiз де ұтылып қалды. Т.Бакатюк жапон палуанынан жеңiлсе, Е.Шалыгинаның моң­ғол палуанына шамасы жетпедi. Қола медаль үшiн болған айқаста Татьяна Бакатюк Ресей палуаны Екатерина Краснованы екi кезеңде ұтып, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлденi салды. Өз кезегiнде Елена Шалыгина да жапон палуанын жеңiп, екiншi қола медальдi иелендi.
Турнирдiң екiншi күнi 48 келi салмақта күш сынасқан қос бойжеткенiмiз Элеонора Әбутәлiпова мен Жұлдыз Ишимова алғашқы белдесулерiнде жеңiлiп, жүлдеден үмiтiмiз үзiлгендей едi. Алайда, Жұлдыздан айласын асырған солтүстiккореялық Син Хан Со финалдан бiр-ақ шығып, Жұлдыздың қола медаль үшiн күресуге жолын ашты. Өзiне берiлген соңғы мүмкiндiктi мүлт жiбермеген Ж.Ишимова Қазақстан құрамасына үшiншi қола медальдi сыйлады.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар