1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
19 желтоқсан 2016
Жәнiбек Әлiмханұлы, әлем чемпионы: КӘСIПҚОЙ БОКСҚА АУЫСҚАМ ЖОҚ
“Әлем чемпионы Жәнiбек Әлiмханұлы кәсiпқой боксқа өтедi екен, әуесқойлардың арасында додаға түспейдi екен” деген қауесет әлi де айтылып жатыр. Кейбiр сайттардың Әлiмханұлын кәсiпқой боксқа “ауыстырып жiбергенiн” де оқыдық.
Жәнiбек Әлiмханұлы 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында 75 келiде топ жарды. Ұлттық құрама сапына қабылданғанына жыл толмаған боксшының айды аспанға шығарып, толайым табысқа жететiнiне ұлттық құрама бапкерлерi де сенген жоқ. Жиырма жасында әлем чемпионы атанған Әлiмханұлы жазғы Азия ойындарында да топ жарды. Азия чемпионатында жарқырап көрiндi. Бiрнеше жылдан берi 75 келi салмақта сынға түсiп жүрген Әлiмханұлы қараша айында Павлодарда өткен ел чемпионатында жеңiске жеттi, 81 келiде.
14 желтоқсан 2016
Тәуелсiз елде туған чемпион – жалғыз
Тәуелсiз Қазақ елiнiң спортшылары 25 жылдың iшiнде осындай жетiстiкке жеттi.  1991 жылдың 16 желтоқсанынан берi қарай өмiрге келген спортшылардың iшiнен Олимпиада чемпионы биыл ғана шықты. 1995 жылдың 4 сәуiрiнде Алматы қаласында туған Дмитрий Баландин Рио Олимпиадасында 200 метрге брасс әдiсiмен жүзуде алтын медаль иелендi. Тәуелсiз Қазақ даласында өмiрге келген спортшылардың iшiнде Олимпиада чемпионы атанған әзiрге Баландин ғана.
Тәуелсiздiктiң ақ таңы атқаннан кейiн өмiр есiгiн ашқан спортшылардың iшiнде   Олимпиада жүлдесiн алған спортшылар да саусақпен санарлық. Мәселен, биылғы Рио Олимпиадасында дзюдо күресiнен күмiс медаль олжалаған
14 желтоқсан 2016
Олимпиадаға 12 рет қатыстық
Ертең қасиеттi Тәуелсiздiгiмiзге 25 жыл толады. Ширек ғасыр iшiнде спорттан Олимпиада ойындарында қандай биiкке көтерiлдiк, кезiнде Кеңестер Одағы аталған империяның илеуiнде болған өзге елдердiң (Ресейден басқасы) бiзден асқаны қайсы, жетпейтiнi қай ел? Осы сауал төңiрегiнде өткен күндерге қайта көз жүгiртiп, спорттағы жеткен жетiстiгiмiз бен шыққан
13 желтоқсан 2016
Алтынға таласып күмiс алды
Венгрияның бас қаласы Будапештте күрес түр­ле­рiнен әлем чемпионаты өттi. Олимпиадалық салмақ түр­лерiне жатпайтын салмақ дәрежелерi бойынша өткен додада қанжығамызға екi медаль байланды.
Еркiн күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегерi Дәулет Ниязбеков iрiктеу сынына өте алмады. Ол үндiлiк Бажранг Бажрагке есе жiбердi. 70 келi салмақта күрескен Нұржан Бекжанов әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi атанды. Қырғыз балуанын, мажарлық спортшыны, молдовалықты, жапонды жеңген Бекжанов әлем чемпионы атағына таласта ресейлiк Магомед Курбаналиевке жол бердi.  
Грек-рим күресiнен 71 келiде Асхат Жаңбыров бел­десiп, үндiлiк қарсыласына есе жiберiп iрiктеу­ден аса алмады. 80 келiде Асхат Дiлмұхамедов күреске түсiп, ширек финалда түрiк балуанынан жығылды. Жұбаныш белдесуiнде немiс балуанын ұтып, қола медальға қол созым қалғанда венгр балуанына жол бердi. Қыздар арасында Айым Әбiлдина
13 желтоқсан 2016
Алояннан да айырды

Ауыр атлеттердiң басына қара бұлт төндiрген допинг дауы ендi боксшыларды да “жайпай бастады”. Осы жазда Ресейге Рио Олимпиадасының алтын медалiн алып берген Миша Алоян да медалiнен айырылды. Допингке қар­сы агенттiктiң тексеруi нәтижесiнде Алоянның қаны таза болмай шыққан. 52 келi салмақта жекпе-жекке түскен Алоян финалда өзбек боксшысы Шахобиддин Зоировты жеңген едi. Ендi Алоянның

13 желтоқсан 2016
Жеңген адам жығылғысы келе ме?

Ресейлiк боксшы Сергей Ковалев   америкалық Андре Уордқа есе жiберiп, атағынан айырылған болатын. Төрешiлер бұра тартты деп қазыларға өкпесi қара қазандай болған Ковалев Андре Уордқа қарсы қарымта айқас өткiзгiсi келетiнiн айтқан едi. “Бұл айқас өтедi екен, Андре Уордқа тиесiлi болған WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдарының

13 желтоқсан 2016
Әлемдiк көштi аруларымыз бастады

Әуесқой бокстың халық­аралық ассоциациясы (AIBA)  қыздар арасындағы әлемнiң үздiк боксшыларын таңдады. Әр салмақ дәре­жесi бойынша рейтинг жарияланып, елiмiздiң үш қызы әлемдiк көштi бастады. 48 келiге дейiнгi салмақ дәре­жесiнде екi дүркiн әлем чемпионы Назым Қызайбай әлемдiк рейтингтiң басында тұр. Екiншi саты америкалық Марлен Еспразаға, үшiн­шi орын үндiлiк Саржубала Шаметсабаға бұйырған. 51 келiде

13 желтоқсан 2016
Қысқы спорттағы кем тұсымызды бүтiндейтiн осылар
Оңтүстiк астананың “Алматы Арена” мұз сарайында мәнерлеп сырғанаудан  Қазақстанның ашық чемпионаты өттi.  Келешекте ел намысын қорғап, байрақта додаларда сынға түсетiн саңлақтар осындай чемпионаттарда байқалады.
Бұл   2017 жылы Алатау бау­райында жалауы желбi­рейтiн қысқы Универсиада қарсаңында  ұйымдастырыл­ған тестiк жарыстың үшiн­шi күнiнде спорт шеберлерi мен спорт шеберлiгiне үмiт­керлер еркiн бағдарлама бойынша өз өнерлерiн көр­сеттi.
Сайысты алдымен спорт шеберлiгiне үмiткер қыздар бастап, бiрiншi орынға 135,21 ұпаймен алматылық Алана Тоқтарова қол жет­кiздi. Оның қарсыластары Гүлжан Жұмадiлова 97,10 ұпаймен екiншi орын алса, 96,97 ұпаймен
7 желтоқсан 2016
Кенекеңнiң атында жарыс өттi

Жамбыл олбысы, Қордай ауданы, бұрынғы Киров колхозы, бүгiнгi Кенен атамыздың ауылында шағын футболдан барша жұртқа мәлiм күмiскөмей әншi Кенен Әзiр­баевтың атындағы және ардагерлер арасында Қордай ауданының құрметтi азаматы,ҰОС ардагерi, ҚР оқу iсiнiң үздiк мұғалiмi Ордабай Сәдiбековтi еске алуға арнал­ған облыстық байрақты жарыстар дәстүрлi түрде ұзақ жылдан берi ұйымдастырылып келедi. Ауылында өткен аламан жарыстарды көрiп өскен әрбiр баланың спортқа деген қызығушылығы арта түсетiнi бесенеден белгiлi. Сондықтан болар осы мектепте денешынықтыру пәнi­нен сабақ беретiн Айдар Әуезтайұлы тәрбиелейтiн ауыл мектебiнiң балалары

7 желтоқсан 2016
Бұқаралық спортты дамытуға өзiндiк үлесiн қосып келе жатқан “Бiр атаның балалары футбол ойнайды” турнирi биыл Шымкент қаласында 11-12 желтоқсан күн­дерi өтедi. “Бiрнеше жыл­дан берi тұрақты түрде өткiзiлiп келе жат­қан дода ел Тәуелсiз­дiгiнiң 25 жылдығына орай ұйымдастырылады” дейдi турнирдi өткiзушi жазушы, журналист Не­сiп Жүнiсбайұлы.
Жылдағыдай биыл да турнирге қатысушыларды тексеру қатаң болмақ. Өйткенi былтыр “Бiр атаның балалары” турнирге қатысып, чемпионы атанған Сәрсембаевтар отбасы ереженi өрес­кел бұзыпты. Ұйымдастыру комитетi
7 желтоқсан 2016
Стойлов – саңлақ

Биылғы жылы елiмiздегi бапкерлердiң iшiнде ең үздiгi деген марапат “Астана” футбол клубының бас бапкерi Станимир Стойлов­қа берiлдi. Қазақстанның кәсiпқой футбол лигасы клуб басшыларынан, команда бапкерлерiнен һәм команда капитандарынан сауалнама алып, үздiк бапкердi анықтады. Дауыс беру қорытындысы бойынша Стойлов 83 дауыс жинаса, екiншi саты Димитар Димитровқа бұйырыпты,

7 желтоқсан 2016
Ол – үздiк футболшы

Футболшылар арасында жылдың үздiк ойыншысы атағы “Қайраттың” капитаны Бауыржан Исламханға бұйырды. Екiншi орын “Астана” клубының футболшысы Азат Нұрғалиевке тисе, үшiншi сатыға “Қайраттың” шабуылшысы Жерар Гоу орныққан. Жылдың үздiк футболшысын анықтау сауалнамасына қатысқандар көбiне

7 желтоқсан 2016
Мырзағали Айтжанов, бокстан ұлттық құраманың бас бапкерi:  СЕРКЕГЕ ҒАНА СЕНIМ АРТАМЫЗ

Өткен аптада Алматыда спорттың бiрнеше түрi бо­йынша конфедерация кубогы сарапқа салынды. Бокстан конфедерацияның кубогы мен 25 миллион теңге сый­ақысы Маңғыстау облысының балуандарына бұйырды. Одан бұрын Павлодарда ересектер арасындағы ел бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Қараша айында Ресейдiң Санкт-Петербор қаласында жастар арасында әлем чемпионаты дүрiлдеп өттi. Ұлттық құраманың бас бапкерi Мырзағали Айтжанов осындай дүбiрлi додалардан кейiн құрама сапында өзгерiстер болғанын мәлiмдедi. Кей боксшылар салмағын ауырлатып, өзге салмаққа ауысса, құрама намысын он жылдан аса уақыттан берi қорғап келе жатқан тiсқаққан

5 желтоқсан 2016
Қайта оралған футболшыда...

Алматының “Қайратына” Геор­гий Жуков келдi. Георгий Жуков ел чемпионатында “Астананың” намысын қорғады, сосын, Еуропа асып, Бельгияның “Стандарт” клубында жүрдi. Одан Голландияның “Рода” клубына жалға берiлдi.   Биылғы жазда Ресейдiң “Урал” клубына ауысты. Ресей чемпионатында тәп-тәуiр ойнаған Георгий Жуковты жанкүйерлерi соңғы кездерi “Уралдың” негiзгi, тiптi қосалқы құрамынан да көрмейтiн болды. Осыған байланысты футболшы әлеуметтiк желiдегi парақшасына жазған едi.  “Голландиядан бекер кеттiм, “Урал” намысын қорғап ойынға араласқанда “аяғыңды көстең­детiп жиi көтересiң, пас бергенде де аяғыңды тым биiкке

5 желтоқсан 2016
Маңғыстаулықтарға – 25 миллион теңге
Бокстан конфедерация кубогы Маңғыстау облысының боксшыларына бұйырды. Марат Жақиев баптайтын Маң­ғыс­тау командасы финалдық жекпе-жекте Астана қаласының боксшыларын 6:4 есебiмен ұтты.
49 келiде сынға түскен Асхат Жүсiпов Дүйсенбай Қуа­ныш­ты ұтып, елордалық команда алға озған едi, 52 келiде Мадияр Жанұзақ Азамат Иса­құловтан ұтылды. 56 келi салмақта тәжiрибелi боксшы, Лондон Олимпиадасына, әлем чемпионатына 
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»