1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16203)   28 ақпан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
19 қаңтар 2017

Футзалдан елiмiздiң құрамасына бас бапкер тағайындалды. 48 жастағы бразилиялық маман Жозе Алесио Да Силва құраманың бас бапкерi болып қызмет атқарады. Да Силва бұған дейiн ұлттық құраманың һәм Алматының “Қайратында” көмекшi қызметiн атқарды. Футболшы ретiнде

19 қаңтар 2017
Әуелгi байлық – денсаулық

“Адам денесiнiң жетiлуi – оның денсаулығы; егер денiң сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда дендi сауықтыру керек” дептi, денсаулықтың қадiрi туралы ұлы шығыстың ойшылы әл-Фараби. Ауырып ем iздегенше, ауырмаудың жолын iздеудi көбiне ұмытып жатамыз.
Бiр мысал, мына көршiлес жатқан Қытай елiнде еңкейген қарт пен еңбектеген балаға дейiн, тәулiгiне арнайы уақыт бөлiп спортпен айналысады.Тiптi, көшеде, жол жиегiнде тұрып-ақ, дене қимылын шыңдайтын жаттығуларды елден ұялмай жасай бередi. Ал, бiз қоғамдық орында, спорт алаңдарында, көше бойында жаттығу жасап жатқан

19 қаңтар 2017
Алматы аламаны кiмдердiң жұлдызын жағады?

Қаңтардың 29-ында “Алматы Арена” стадионында 28-қысқы Универсиада ойындарының салтанатты ашылу рәсiмi өтедi. Жер шарының 60-қа жуық елiнен келген 2000-ға тарта студент-спортшы 8 ақпанға дейiн тартысқа түседi. Екi жылда бiр рет айналып соғатын қысқы Универсиада сайысында спортшылар қысқы спорттың 12 түрiнен медальдарды бөлiске салады. Қазақстан 12 спорт түрiнен 168 спортшысын қосады. Олармен бiрге ел делегациясының

17 қаңтар 2017
Екiншi айналымда

Австралия ашық бiрiншiлiгiне (Australian Open) Қазақстан атынан қатысқан Александр Бублик алғашқы айналымында француз теннисшiсi Люк Пуйенi үш сетте сайыстан ығыстырды. Әлемдiк рейтингте 207-сатыда тұрған бубликтен әлемнiң 16-ракеткасы Пуйе жеңiледi деп ешкiм күтпесе керек. Александр Бублик ендi екiншi айналымда тунистiк Жазириге қарсы тартысады. Бублик былтырғы жылдың соңында Ресейден

17 қаңтар 2017
Капитан кеттi

Данияр Елеусiнов кәсiпқой боксқа ауысты. Ол өзiнiң кәсiпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегiн Қытай елiнде өткiзуi мүмкiн. Бұл туралы Елеусiнов келiсiмшарт жасасқан MJA Entertainment’s промоутерлiк компаниясының президентi Майк Алтамура сұхбатында айтыпты. Fighnews.com сайтындағы сұхбатында Алтамура мамыр айында алғашқы жекпе-жегiн ұйымдастыру жайында сөз етiптi. Майк мырза екi жылдың iшiнде Елеусiновтi чемпиондық белбеуге таласатын дәрежеге

17 қаңтар 2017
Мырзағали Айтжанов, бокстан ұлттық құраманың бас бапкерi: Бiздiң құрама жастармен толықты

Бокстан елiмiздiң ерлер құрамасы биылғы жылдағы оқу-жаттығу жиынын бастады. Алайда бұл жиынға Рио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы, жазғы Азия ойындарының екi дүркiн жеңiмпазы, команда капитаны Данияр Елеусiнов пен әлем чемпионатының күмiс жүлдегерi, Лондон және Рио Олимпиадасының қола жүлдегерi Иван Дычко қатысқан жоқ.
Данияр Елеусiновтiң әлеуметтiк желiде кәсiпқой боксқа ауысқаны жайлы ақпарат тарады. Қазақ елiнiң боксшылары неге жазғы Олимпиада ойындарында екi рет, үш рет топ жармайды деймiз. Осыдан 16 жыл бұрын Австралия құрлығында ат ойнатып, Олимпиада чемпионы атанған Бекзат Саттарханов “Үш дүркiн Олимпиада

12 қаңтар 2017

ФИФА-ның Цюрихте өткен конгресiнде 2026 жылдан бастап футболдан әлем чемпионатында 32 команда емес, 48 құрама ойнайтыны жайлы бастама көтерiп, кеңес мүшелерi ұсынысты бiрауыздан қолдапты.
Әр құрлықтағы елдердiң әлем чемпионатына қатысу мүмкiндiгiн молайту мақсатында ұсынылған жоспар бойынша 48 құрама 16 топқа бөлiнедi екен. Яғни әр топтағы үш команда өзара ойнап, 1,2-сатыға орныққаны сайысты жалғастыруға мүмкiндiк алса, көш соңындағы құрама елдерiне қайтады. Әлем бiрiншiлiгiне

12 қаңтар 2017
Ұпай олжалады

Санкт-Петерборда өтiп жатқан “Гранаткин мемориалында” бiздiң футболшылар 1 ұпайын еншiледi. 19 жасқа дейiнгi футболшылар арасындағы тартыстың алғашқы матчын Словакия жастар құрамасына қарсы өткiзген жiгiттер 0:0 есебiмен тарқасты. Бiздiң футболшылармен бiр топқа түскен Литва жастары

12 қаңтар 2017
«Әлем чемпионы» атағына тоқтаған тарлан

Тауық жылында оқырмандарымызға “Жарқ еткен жасын” айдарымен спортта жарқырап көрiнген таланттардың қазiргi жай-күйi жайында жазып, таныстыруды бастаймыз. Спорт деген сиқырлы салада кез келген спортшы Олимпиада шыңына шығып, болмаса әлем чемпионатының алтынын ала бермейдi. Ал сол көпке бұйыра бермейтiн бақ, маңдайына қонбайтын атаққа ие болғандар неге ерте ұмыт болады? Рас, бiрiнiң жолына жарақаты кесе-көлденеңдеуi мүмкiн, бiрiнiң тағдыр-талайы басқаша өрбiп, спорттан қол үзедi. Айдарымыздың бүгiнгi кейiпкерi де сондай жарқырап шығып, әлем чемпионы атанған соң спорттан басқа саланы таңдаған жан. Бекжан Кiбiтқалиев – бокстан 2011

10 қаңтар 2017
Сербиядағы сайыста сыналады

Бокстан елiмiздiң қыздар құрамасы Сербияда өтетiн халықаралық турнирге қатысады. Вадим Присяжнюк баптайтын бойжеткендер жыл сайын өтетiн дәстүрлi турнирде бақтарын сынамақ. Тауық жылындағы алғашқы халықаралық турнирге тiсқаққан, сыралғы боксшылар қатысады. “Бұл Алматы облысы, Талғар ауданындағы AIBA-ның бокс академиясында әзiрлiк өткiзген қыздарды сынайтын

10 қаңтар 2017
Тәуiр нәтиже көрсеттi

Германияның Оберхоф қаласында биатлоннан әлем кубогының кезеңi өтiп, Галина Вишневская 4-орынға тұрақтады. Әлем кубогының кезеңiне 25 спортшы қатысқан болатын. Галина масс-старт сайысында да үздiк бестiкке ендi. Нысана көздеуде бiр мүмкiндiгiнен мүлт кеткен жерлесiмiз көмбеге төртiншi болып жеттi. Вишневскаяның әлем кубогының кезеңiнде 4-орын алуы – орасан жетiстiк Өйткенi елiмiздiң қыздары биатлоннан әлем кубогында мұндай нәтиже көрсете

10 қаңтар 2017
Ермек Иманбеков, дзюдодан ерлер құрамасының бас бапкерi: ТАПСЫРМА ЕКI АЛТЫН МЕДАЛЬ АЛУ

Дзюдодан елiмiздiң ерлер құрамасы оқу-жаттығу жиынын Өзбекстан елiнде өткiзiп жүр. 7 қаңтар күнi Ташкентке аттанған жiгiттер 13 қаңтарға дейiн осы елде әзiрлiктi жүргiзедi. Одан кейiн Жапония елiндегi бiрлескен жаттығу жиынына қатысады. Сосын гранд-слэм, гран-при сайыстарын бастайды. Дзюдошыларымыз үшiн биылғы жылдың басты додасы – Гонконгте өтетiн

5 қаңтар 2017

Ел бiрiншiлiгiнiң күмiс жүлдегерi Алматының “Қайраты” бүгiн алдағы маусымға әзiрлiктi бастау үшiн Түркияға жол тартады. Оқу-жаттығу жиыны кезiнде футболшылар 19 қаңтарға дейiн әзiрлiк өткiзiп, алдағы маусымға шыңдалады. Оқу-жаттығу жиыны барысында Еуропаның бiрнеше клубтарына қарсы жолдастық матч өткiзуде жоспарда бар екен.
“Қайраттың” капитаны, 2014 жылдан берi осы клубтың намысын қорғап жүрген Бауыржан Исламхан премьер-лигадағы ең қымбат ойыншы деп танылды. Transfermarkt сайты Бауыржан Исламханның футбол нарығындағы трансферлiк құны 1 миллион 800 мың еуро

5 қаңтар 2017
Сөзбен сыбауға бәрi үйiр

Геннадий Головкин Тауық жылындағы кезектi айқасын 18 наурызда өткiзетiнi белгiлi. Қоңыр күзден берi қарай демалыста жүрген жампоз американдық Дэниэль Джейкобсқа қарсы айқасына әзiрлiктi бастап, жаттығуға кiрiстi. 18 наурыз күнi Нью-Йорктегi Madison Square Garden кешенiнде өтетiн доданы тiкелей эфирден (ақылы түрде) НВО арнасы таратады. Головкин өзiне тиесiлi чемпиондық атағын қорғайды.
 

29 желтоқсан 2016
Рионың риясыз сыйы

Биыл өткен спорттық сайыстардың бастысы – Рио-де-Жанейро жазғы Олимпиадасы. ХХХI жазғы Олимпиада ойындарына жолдама үлестiретiн лицензиялық турнирлерге қатысқан спортшыларымыздың алдына 100-ден аса жолдама олжалау мiндетi қойылған-ды. Спортшылар сенiм үдесiнен шыға бiлдi. Бразилия елi барын салып, сән-салтанатымен өткiзген Олимпиададан бөктергiмiзге 3 алтын, 5 күмiс, 9 қола медаль байланды. Рио Олимпиадасы да бұған дейiн

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»