1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16203)   28 ақпан, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" спорт беті. Дайындайтын Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
3 қараша 2016

Биылғы ел бiрiншiлiгiнде “Ақтөбе” футбол клубының футболшылары ай сайын миллиондап жалақы алған.Мысалы, Алексей Щеткин “Ақтөбе” сапында ойнағанда ай сайын 9 миллион теңге жалақы алған. “Ақтөбе” сапындағы ле­гио­нерлердiң iшiнде Никита Бочаров 2,5 миллион теңге жалақымен күн көрген. 

3 қараша 2016
Мұндай алтын медаль абыройдан садаға кетсiн! Даудың басы...
Допингке қарсы халықаралық агенттiк (WADA) 2008 жылы өткен Бейжiң Олимпиадасында және 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында рұқсат етуге тыйым салған дәрiнi тұтынған бiрнеше спортшының есiмiн ресми мәлiмдедi. Халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) ендi соңында шаласы бар спортшылардың   медальдарын қайтарып алып, өзге спортшыларға бередi.
1 қараша 2016
Спорт ақпарат
ЕКI ҚҰРАМА, ЕКI ЖҮЛДЕ
Абу-Дабиде өткен “үлкен дулыға” (гранд слэм) тур­нирiнде Галбадрах Отгонцецег жеңiске жеттi. 48 келi салмақта күрескен Галбадрах француз, испан қыздарын ұтып, финалда серб бал­уаны Милиса Николиктi айқын басымдықпен жеңдi.
Ерлер додасында Азамат Мұқанов (66 келi) “үлкен дулыға” турнирiнiң күмiс жүл­дегерi атанды. Азамат финалда ресейлiк Якуб Шамиловтан ұтылды.
1 қараша 2016
Елiң әлi тақымын қысады, Қанат!

Алматыда кәсiпқой бокстан сайыс өттi. “Болғанынан боладысы қызық” жетi жекпе-жек төрт сағатқа созылды. Жұман Жұмабековтен бастап барлық боксшымыз да жеңiске жеттi. Бокс кешiнiң басты ерекше­лiгi – жүргiзушiлердiң қазақ және ағылшын тiлiнде хабарлауы.

27 қазан 2016
Спорт ақпарат
ҮШ ЖЫЛ БАПТАЙДЫ
Алматының “Қайрат” футбол клубын баптауға шақыртылған грузин Кахабер Цхададзенiң келiсiмшарт мерзiмi биылғы бiрiншiлiк аяқталғанға дейiн едi. Клубтың басшысы Қайрат Боранбаев Цхададзамен жасасқан келiсiмшарт мерзiмiн үш жылға ұзартқандарын айтты.
27 қазан 2016
Артында өшпес iз қалды
Ол – Еуропаның екi дүркiн чемпионы, ол – әлем чемпионатының жүлдегерi атанған саңлақ. Жәнiбектен кейiн бiздiң елдiң жiгiттерi волейбол спортынан әлем чемпионатының жүлдесiн иелене алған жоқ. Тәуелсiздiкке дейiн де, тәуелсiздiк алған жиырма бес жыл iшiнде де.  Өмiрден Жәнiбек Сауранбаев өттi. Ұзаққа созылған ауыр науқастан ақыры 77 жас­қа қараған шағында әйгiлi волейболшы дүние салды. КСРО-ның және Қазақстанның еңбек сiңiрген спорт шеберi Жәнiбек Сауранбаев Алматыда құрылған “Буре­вест­ник” волейбол клубының ойыншысы ғана емес, капитандық мiндетiн де абыроймен атқарды. Октябрь Жарыл­ғапов iргесiн берiк еткен “Буревестник” волейбол
25 қазан 2016
Құлыбаев қайта сайланды

Өткен аптада Алматыда Қазақстан бокс федерация­сының кезектен тыс конференциясы өтiп, Қазақстан бокс федерация­сының пре­зидентi болып Тимур Құлыбаев қайта сайланды. Қа­зақ­стан бокс федерациясының президентi лауазымына Құлыбаев алғаш рет 2009 жылы тағайындалған едi.

25 қазан 2016
Қазақ елiнiң балуандары Рио Олимпиадасынан медальсiз қайтқанда Өзбекстан балуандары (ерлер) үш қола медаль олжалады.
Тәуелсiздiк алған жылдан берi дербес делегация апарып, алты Олим­­пиадаға қатыстық, балуандарымыз медаль­сiз қайтпаған едi. Бразиялаға жердiң үстiмен барып, астымен қайттық. Бiрақ өзгерген ештеңе жоқ.
25 қазан 2016
Спорт ақпарат
ҚОЛА МЕДАЛЬ БҰЙЫРДЫ
Малайзияның Пенанг қаласында ауыр атлетикадан жас­тар арасында әлем чемпионаты өтiп жатыр. Сынға түскен атлеттерiмiздiң ешқайсына алтын медаль бұйыра қойған жоқ. Ерлер сайысында Анатолий Савельев (62 келi) 8-орынды мiсе тұтса, 69 келiде Арыстанбек Жақанша 6-орын иелендi. 
25 қазан 2016
“Астана” атақты ерте алғысы келедi
Наурыздың басын ала басталған футболдан ел бiрiншiлiгiнiң де соңына таяуына 1 тур ғана қалды. Өткен аптаның сенбi, жексенбiсiнде болған 31-тур ойындары шиеленiстi өрбiдi. Ең бастысы гол көп соғылды. Жексенбiде “Ақтөбенi” 1:0 есебiмен ұтқан “Астана” футболшылары көш басындағы көрсеткiшiн жақсартып қойды. Елордалық футболшылардың әлi бiр матчы кем. Олар 32-турға дейiн Көкшенiң “Оқжетпесiне” қарсы ертең ойнайды.
25 қазан 2016
«Қазақ балуанға кенде емес» деймiз
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрi А.Мұхамедиұлы мырзаға;
Қазақстан Республикасы спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлерi конфедерациясының төрағасы Т.А.Құлыбаев мырзаға,
Қазақстан Республикасы Грек-рим, еркiн күрес және әйелдер күресi федерациясының президентi С.М. Мыңбаев мырзаға
Ашық хат!
20 қазан 2016
ЖАПОНИЯДАН ЖАЙ КЕЛГЕН ЖОҚ
Алматыдағы Дзюдо академиясында Жапониядан арнайы келген мамандар семинар өткiзудi бастады. Екi күндiк семинар-кеңесте дзюдо күресiнiң бiлiктi мамандар елiмiздiң жас спортшыларына бекзада өнердiң қыр-сырын теория мен практиканы ұштастыра отырып үйретедi. Кеше басталған семинарда Жапониядан келген Ямакази Масайоши, Макиши Иошихару, Ушимура Наоя, Эбинума Сатори, Эйга Хидеуки, Кадано Масато
20 қазан 2016
Раушан Қойшыбаева, Рио паралимпиадасының күмiс жүлдегерi: Төбесiнен су сорғалаған сарайда да жаттығу өткiздiк
– Раушан апай, Рио паралимпиадасына әзiрлiктiң қаншалықты ауыр болғанын өзiңiз ғана түсiнесiз. “Паралимпиада жүл­десiн алып келемiн” деп уәде берген­дiк­тен сенiм үдесiнен шығу оңай соқпайтыны анық. – Рио паралимпиадасына әзiрлiктi Алматы облысының Текелi қаласында, Алматы қаласында өткiздiк. Жеке бапкерiм Денис Орлов, құраманың бас бапкерi Артур Томитскийдiң сiңiрген еңбегi орасан. Осындай бiлiктi бапкерлердiң ақыл-ке­ңесiнiң пайдасы көп тиiп, Паралимпиаданың күмiс медалiн ие­лендiм.
20 қазан 2016
Алтынға талас ақырына дейiн бола ма?
Осы жексенбiде футболдан ел чемпионатының 31-тур ойындары өтедi. Бiр турды кем ойнаған елордалық “Астана” футбол клубы өз алаңында “Ақтөбеге” қарсы ойнайды. Станимир Стойловтың шәкiрт­терi үшiн бұл тур қиынға соғатыны анық. Себебi “Астана” футболшылары Еуропа лигасының топтық кезеңiндегi кезектi тартысын Грекия жерiнде бүгiн түнде өткiзедi. “Олимпиакос” клубына қарсы тартыстан кейiн-ақ 31-тур ойы­нын өткiзу әсте оңайға соқпасы анық.
18 қазан 2016
“Улы жебе”: “Мен жеңемiн!”
29 қазан күнi “Алматы Арена” спорт кешенiнде кәсiпқой бокстағы 22-iншi жекпе-жегiн өткiзетiн Қанат Ислам Алматыдағы “Мега” ойын-сауық ор­талығында ашық жаттығуын өткiздi.Қанаттың қарсыласы ганалық Партик Аллотейдiң лақап аты – Улы жебе. Улы жебе кәсiпқой боксқа он жыл бұрын ауысып, осы уақытқа дейiн 36 жекпе-жекке түсiп үлгерген боксшы.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19»