Соңғы жылдан бері қараша күзбен ілесе келетін қымбатшылық қамыты ел тұрғындарын күнделікті тұтынатын азығы мен үйреншікті өмірлік дағдысынан айыра бастаған секілді. Соңғы статистикалық деректер Қазақстан халқының жеңсік асының бірі еттен бас тартып, жаппай макаронға көшкенін көрсетіп отыр. «Бұған уақыт өткен сайын қымбаттап келе жатқан ет бағасы әсер етіп отыр» дейді сарапшы мамандар.

Соңғы тоғыз айдағы статистикаға қарағанда, елімізде макаронға деген сұраныс бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жеткен. Яғни осы айдың ішінде ел аумағында 130 мың тонна макарон сатылған. Бұл — бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда көп көрсеткіш. Сонымен қатар соңғы уақыттарда ұннан дайындалған кондитерлік өнімдерге деген сұраныс та күрт төмендеп кеткен. Сарапшылардың айтуынша, бұған бағаның өсуі әсер етіп отыр.

Бүркіт НҰРАСЫЛ
Астана

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікір жолын бос қалдырмаңыз!
Өтінеміз, атыңызды жазыңыз