Жұма. Қыстың суық күнi. Түркiстан сауда кешенiнiң төмен жағынан басталып, Райымбек даңғылына дейiн созылып жатқан гүлзар. Бұл – бақсы-балгер, құмалақшылардың шоғырланған ордасы. Иемденiп алған тұрғылықты орны десеңiз де болады. Олар қысы-жазы, жыл он екi ай осында. Бұл жерде небәрi 10-20 минут iшiнде ашылмай жүрген бағыңызды ашып, жоғалтқан жоғыңызды тауып, ауырған басыңызды, сырқаған аяғыңызды ауруынан жазып, кеше не болғанын, тiптi ертең не боларын да бiлуге болады-мыс.
Студенттердi жатақханамен қамтамасыз ету мәселесi ақсап-ақ тұр. Жаңа оқу жылы науқанында жатақхананың таңдаулы бөлмелерi сатылымға түседi. Қалталы студенттер бiр жылға оны сатып алады. Жоқ, жалға алады десем, дұрысырақ болатын шығар. Ал, қалтасы көтермейтiн студенттер «жоқтан жақсы ғой» деп, бiр бөлмеде сегiз адам болып тұруға мәжбүр.
Кейiнгi жылдары студенттер арасында дипломдық жұмысты iзденiп, еңбектенiп, өздерi жазып жатқандары некен-саяқ. Бұл ненi көрсетедi? Студенттердiң оқуға, iзденiске деген құштарлығының төмендегенiн бе? Әлде оқытушылардың өз студенттерiнiң шама-шарқын бағамдай алмауын ба? Мүмкiн, бұл шарасыздықтан туған мәжбүрлiк шығар? Бұл құбылыстың белең алуына не себеп?
Бұл күндерi ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптап жүргенiмiз өтiрiк емес. Қарапайым бiр мысал: автобустардың есiгiнде бiр және екi теңгелiктер жапсырылып тұрады. Оны жапсырғандардың ойынша бiр және екi теңгелiктер ақша санатына қосылмайтын да шығар. Бiрақ, ол теңгелерде елтаңбамыз нақышталған емес пе?! Бұлай iстеу мемлекеттiк ремiздердi құрметтемеу емей немене?
Жуырда Петропавл қаласындағы гуманитарлы-техникалық университетiнiнен үлкен дау шықты. Бiрқатар БАҚ-тың айтуынша, жоғары оқу орнының басшылығы университеттiң жабылатынын мәлiмдеген. Соған қарамастан студенттерден оқу құнын толық төлеудi талап еткен. Оқу құнын толық төлемеген студенттерге құжаттары қайтарылмай отыр. Артынан барып анықталды, бұл университет осыдан екi жыл бұрын жабылуға тиiс екен. Сол екi жылдан берi бұл оқу орны лицензиясыз жұмыс iстеп келген.
Халқымызда “ауруын жасырған өледi” деген жақсы нақыл сөзi бар. Мұны айтып отырған себебiм, қазақ қоғамы әлi де тәуелсiз мемлекетке тән принциптердi ұстанудан қашқақтайды. Қазақ қашанда төзiмдi, қонақжай халық. Бұл қасиет қазақ халқына тумысынан берiлген ғой. Қой аузынан шөп алмас момын қазақтың бойына бiткен көреалмаушылық, жағымпаздық қасиеттi қалайда жойғысы келген талай хандар, батырлар, жыраулар мен билер, ақын-жазушылар мен ғұламалар арманда кеттi.
Қазiргi жастардың көкейiнде жүрген мәселе көп. Жастар мен студенттер қауымы қоғамдағы ахуалға разы емес. Бiрақ, қоғамға белсене араласып, өзгерiс жасағысы келетiндерi аз. Неге ұлтына, тiлiне төнген қауiптi көре тұра қазақ жастарының көпшiлiгi бас көтерiп, үн қосуға жарамайды? Жалпы, қазiргi қазақ жастары неге жiгерсiз?
“Рух пен Тiл” клубында белгiлi қоғам қайраткерлерi жастармен кездесiп, пiкiр алмасу дәстүрi қалыптасқан. Клубтың жаңа маусымы басталғалы да осындай мағынаға толы, тәрбиелiк мәнi мол бiрнеше кездесу өттi. Кездесудiң алғашқысы белгiлi қоғам қайраткерi, Әзiрбайжан мәдени орталығының облыстық жетекшiсi Асылы Османмен болды. Қашанда қазақ ұлты мен тiлiне деген сүйiспеншiлiгiмен ерекшеленетiн Асылы ханым
“Есiк, Ават, Алексеевка!!!”. Айдардың әр жұмыс күнi осы сөздермен басталады. Осы сөздермен аяқталады. Ол көк базардың төмен жағындағы Есiк – Алматы бағытындағы маршруттарға адам “жинайды”. Бұл – оның кәсiбi. Иә, бүгiнгi күннiң бiр кәсiбi – бұл. Ал Айдар осы кәсiптiң иесi және осы iске әбден икемденiп алған. ЖМУ-ды бiтiрiп, заңгер мамандығын алып шыққанымен, дипломы бойынша жұмыс таппағандықтан осыны нәсiп қылып отыр. Таңнан қара кешке дейiн күн ұзақ “айқайлау” да оңай емес.
Ресейде жас та, кәрi де қызыға қарайтын, 45 жылдан астам тарихы бар “КВН” ойыны әлемдегi теңдесi жоқ жобалардың бiрi. Орыс елiнде бұл клуб жоба ретiнде ғана емес, ұлттық ойын ретiнде де танылды. Осы жоба Қазақстанда да өзiнiң қанатын жайды. Продюсер Есен Елеукен “нар тәуекел – ер iсi” деп, “қазақша КВН”-дi өмiрге әкелдi. Аталған жобаны құрған кезде алдымен, жастар арасында “КВН”-дi қазақша сөйлету болғанымен, кейiнгi кезде әйгiлi
Түркияның жоғарғы оқу орындарының бiрiнде оқитын Селжук Озбек студенттердiң Халықаралық валюта қорының басшысымен кездесу сәтiнде қамауға алынды. «Университеттен көзiңдi құрт, сен ұрысың», – деп айқай салған ол қор жетекшiсi Доминик Стросс-Каннға бәтеңкесiн лақтырған.
Басқасын қайдам, дәл қазiр мектеп оқушыларының арасында қазақ тiлiнiң беделi түсiп кеттi. Көбiне «қазақ тiлi» пәнiн шетке ысырып қойып, орыс, ағылшын тiлдерiн үйренуге құштар-ақ. Неге? Олардың айтуынша, «қазақ тiлiнiң келешегi жоқ». Бiрақ, болашақ өзiңнiң ана тiлiңе деген құрметтен басталмай ма? Әлде... Әрине, шет тiлiн бiлме демеймiз. Бұл – заман талабы. Десе де, туған тiлдi менсiнбеу, менiңше, дұрыс емес. «Қазақ тiлi», «қазақ әдебиетi», «тiл грамматикасы» секiлдi сабақтарға жоғары сынып оқушылары немқұрайлы қарайды. Сабаққа қатыспайды, тапсырма орындамайды, бiр сөзбен айтқанда, қолын бiр-ақ сiлтейдi. Бiлесiздер, қазiр ҰБТ-ға қызу дайындық жүрiп жатыр. Мәселен, сыныпта 21 бала бар десек,
Студенттер ең көп айналысатын жұмыстардың бiрi – желiлiк маркетинг. Бiрақ, бұл iстiң соңына жеткендер аз. Үлкен қызығушылықпен iске кiрiскен жастардың көбiнiң «iскерлiгi» алты айдан аспайды. Бұның себебi неде? Осы сауалға жауап iздеп көрсек. Студенттердiң көбi ақылы бөлiмде бiлiм алады. Оның ақысын төрт жыл бойы ата-анасының мойнына артып қойғысы келмейтiнi де түсiнiктi. Үйлерi шалғай
Елiмiздегi бiлiмдi әлемдiк стандарт деңгейiне жеткiзушi ұрпақ, яки қазiргi жастардың (студенттердiң) жағдайы қандай? Батыс Қазақстан облыстық iшкi саясат департаментi және «нұротандықтар» жастар мәселесi туралы көз алдап сөз қозғайды да, бiрақ бәрi де сол күйiнде қалады. Әйтеуiр, шәкiртақыға жолақылары үшiн 500 теңге қосқандай болып едi, ол ақша көп студенттердiң қолына бiр жылдан асып барып әрең тидi. Бұдан олардың әл-ауқаты артып кетпегенi белгiлi. Жасаған материалдық көмегi «ескi киiмдi жамап қойғандай» әсерде қалдырады.


