1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (16137) 12 шілде, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
12 шілде 2016
Жастар неге есейгісі келмейді?

АҚШ-та жүргізілген зерттеу барысында бүгінгі жастардың есейгісі келмейтіні, дәлірек айт­қанда, ересектерше өмір сүру­ден қаймығатыны анық­талған. Ғалымдар «негізі мұндай сезім жасөспірімдер арасында бұрын да болған, бірақ соңғы онжыл­дықта тіпті күшейген» дейді.

 
Зерттеуге 3 мыңнан астам студент қатысқан. Ғалымдар оларға «Балалық шағыңа қайта оралғың келе ме?», «Ба­лалық шақ сен үшін несімен қы­зық?», «Есейгеніңе қуаныштысың ба?» деген тәрізді сауалдар қойып, жауаптарды алты балдық шкаламен бағалаған.
Бір қызығы, мұндай зерттеу сонау 1982 жылдан бері жүргізіліп келеді екен. «Жастар есеюден қорқады» деген тұжырымға да ғалымдар 1992, 2001, 2002, 2003, 2009, 2012 жылдары жүргізілген зерттеу қорытындысымен салыстырғаннан кейін келген.
Ал неге қорқады? Жастар неге есей­гісі келмейді? Ғалымдар мұның негізгі екі ықтимал себебі ретінде мынаны атайды: экономикадағы тұрақ­сыздық, бала тәрбиелеу үрдісіндегі өзгерістер.
Дегенмен әлеуметтанушылар «бұл зерттеу қорытындысын бүкіл әлемге ортақ деуге келмейді. Себебі әр мем­ле­кеттегі жастар есеюге әртүрлі қа­рауы мүмкін» дейді. Бұған келісуге болады. Мәселен, қазақ жастарын бала тәрбиелеудің қиындығы емес, баспана мәселесі мазалайды. Жұмыссыздық қажытады, кедейшілік қажайды. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті