1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16153) 6 қыркүйек, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
6 қыркүйек 2016
Оттай жанған он сегiз

Ертеректе “Он үште – отау иесi” деп, он үш жасқа толған балаға жауапкершiлiк артылатын. Сағат сырғып, уақыт жылжыған кезде бұл заман ағымымен таным да өзгердi. Кәмелет жасқа толған әрбiр азамат өз құқығын қорғай алады. 18 жас – балалықтан арылып, есейiп, толысатын кезең. Бұл жаста бозбала мен бойжеткеннiң кейбiрi бiлiм қуып жүрсе, ендi бiрi отбасын құрады. Қазiргi жастар 18 жаста не iстей алады немесе не iстей алуы керек? Бұл сұраққа Стэнфорд университетiнiң ғалымдары былай жауап берген екен.

БАСТЫСЫ –­ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
ЖОО-ға түсiп, өз бетiмен өмiр сүруге бейiмделiп келе жат­қан жас сан түрлi адамдарға кезiгедi. Оларды танымауы да мүмкiн: факультет деканы, жалға алған үйдiң иесi, жатақхана коменданты, дүкендегi сатушы, ме­йiр­бике, қоғамдық көлiк жүргi­зушiсi, сантехник – барлығымен тiл табыса алуы тиiс.
Кiшкентайынан кiммен қалай сөйлесу керегiн бойына сiңiрiп өскен жеткiншек еш жерде тартыншақтап қалмайды. Осы сәт­те “Таныс емес адамдармен сөйлеспеу керек” деген тыйымның мәнiн ашып түсiндiрген дұрыс. Адамды көзiнен танып үйренген азамат кiмнен қауiп төнетiнiн болжап отырады.
 
БАҒЫТТЫ ДҰРЫС ТАҢДАУ
18 жаста адамдар барлық жерде дұрыс бағыт таңдай алуы тиiс. Қай оқу орнында оқимын, қай қаланы таңдаймын, қай жерде тәжiрибеден өтемiн, қай жерде жұмыс жасаймын немесе ел асып, шетелде бiлiм аламын ба деген сауалдарға жеке өзi нақты жауап беруi керек.
Ата-анасымен бiрге жүрген бала қоғамдық көлiкте келе жатып, айналасына, қай көшемен келе жатқанына мән бермеуi мүмкiн. Бұл – қарапайым ғана мысал. Кiшкентайынан “бiр жерден екiншi жерге жету үшiн кө­шелер, ғимараттар арасымен жүру керек” деп ескертiлiп отырса, есейгенде де бағыт таңдап, оған жету жолын iздеу балаға оңай тиедi.
 
ТАПСЫРМАНЫ УАҚЫТЫНДА БIТIРУ КЕРЕК
Кей ата-ана үй тапсырмасын қай кезде орындау керектiгiн балаға ескертiп отырады. Тiптi кейбiрi балаларының тапсырмасын орындап бередi. Нәтиже­сiнде, бала жұмыстың ауыртпашылығын, оның орындалу және бiтiру уақытын бiлмей өседi. Сол себептi, өз бетiмен iстi тындырып, нәтижеге жету үшiн уақытқа бағыну керек екенiн меңгеруi тиiс.
 
ҮЙ ТIРЛIГIН ШЫР АЙНАЛДЫРУ
Әкесiнiң жанында көлiктiң кiлтiн (гаечный ключ) тауып бере­тiн ұл мен анасына қамыр илеуге көмектескен қыз бала барлық iске үлгерiп өседi. Ба­уырларына жұмыстарды бөлiп берiп, үй тiрлiгiн шыр айналдыратын бала 18 жасында ештеңеден тарықпай өмiр сүре алады. Мысалы, бiлiм қуып, ЖОО-ға түсiп, жырақта бiлiм алған жас өз тұрмысына жауапты бола алады,
 
ЖЕҢСЕҢ – ТАСЫМА, ЖЕҢIЛСЕҢ – ЖАСЫМА
Студенттiң өзiндiк жұмысы, шығармашылық жұмысы, қо­ғамдық жұмыс, оқытушының сыни пiкiрi мен коменданттың ескертуiн үлкен азамат ретiнде салқынқанды қабылдау қажет. Емтиханнан бестiк алса, арқасын кеңге салмай, келесi сынаққа дайындалып, өз-өзiн қолға ала бiлуi керек. Жеңiлiстi сәттерде де салы суға кетпей, тауы шағылмай, өз-өзiн қайрай алуы тиiс. Бұл сынақтан өте алған кез келген азамат үлкен өмiрде де дауылдарға шыдай алатын болады.
 
“ЕСЕКТIҢ АРТЫН ЖУСАҢ ДА, МАЛ ТАП”
Жұмысты толық күн атқармаса да, штатта болмаса да, бел­гiлi бiр iстi меңгерiп, тәжiрибе жинауы тиiс. Студенттердiң басым көпшiлiгi мейрамханаларда даяшы, дүкендерде сатушы-кеңесшi қызметiнде жұмыс жасайды. Осындай сатылардан биiкке көтерiлу әлдеқайда жеңi­лiрек. Ал, бiлiм-ғылымға бет ал­ған азаматтар 18 жасында-ақ дипломдық жұмыс жазып немесе өз мамандығына сәйкес қызмет табады. Қай салада жұмыс iстесе де, тапқан табысын үнем­дi әрi ақылмен жарата алуы керек. Мұның нәтижесiнде жасөспi­рiмнiң жауапкершiлiгi артады, өзiн тұлға сезiнетiн болады.
 
“ТӘУЕКЕЛ ТҮБI – ЖЕЛҚАЙЫҚ...”
Тәуекел кей сәтте жеңiс сыйласа, кейде жеңiлiске әкеп соқ­тырады. 18 жасқа толған жасөс­пiрiм түйсiк арқылы барлық iстiң арты не боларын болжай алуы тиiс. Тәуекелге бел буа алған адам өзiне-өзi бек сенiмдi болады. Сенiммен атқарылған iс те жемiстi болатынын ұмытпаған абзал.
 
Гүлжанар Жарқынбекқызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi филология және әлем тiлдерi
факультетiнiң 1-курс магистранты
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті