1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №71 (16153) 6 қыркүйек, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы. Дайындайтын Сансызбай Нұрбаба
6 қыркүйек 2016
Кiм қуанып, кiм жылады?

Елiмiзде биыл Ұлттық бiрыңғай тестiлеу 2–9 маусым аралығында өткiзiлген болатын. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметiнше, ҰБТ қорытындысының орташа көрсеткiшi 81,2 балл. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 балға жоғары екен.

Жалпы орта мектептi биыл 86999 түлек тәмамдаса, тестiлеуге соның 84079-ы қатысыпты. Оның iшiнде 61739 оқушы тестiнi қазақ тiлiнде тапсырса, 22340 түлек орыс тiлiнде бiлiмдерiн сарапқа салған. Бес пәннен 100 балдан жоғары жинаған түлек саны – 16565. 125 сұраққа нақты жауап бергендер – 19.
Биыл “Алтын белгiге” 4 768 оқушы үмiткер болған. Алайда соның 2 371-i ғана айрықша белгiге сай екенiн (50%) растай алған.
Биыл жалпы 31 мың 702 грант бөлiнiптi. Оның 2950 орны жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмдерiне бiлiм алуға, 28 752 грант бiрiншi курсқа қабылдауға бөлiнген (күндiзгi оқу – 28 452, сырттай оқу – 300 грант). Техникалық және технологиялық мамандықтарға 12 593 грант, педагогикалық мамандықтарға шамамен 5 мың грант, ауыл шаруашылығы және малдәрiгерлiк мамандықтарына шамамен 2 690 грант, медициналық мамандықтарға 3 мың грант бөлiнген. 
Ерекше назар аударатын мәлiмет мынау сияқты, Бiлiм гранттарын үлестiру конкурсына жалпы 59 677 адам қатысқан. Олардың 47 342-сi қазақ тiлiнде бiлiм алатындар, ал 12 335-i орыс тiлiнде бiлiм алатындар. Демек, конкурсқа дейiн жеткен әр төрт баланың үшеуi – қазақ тiлiнде бiлiм алған жастар, яғни қазақтар.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті