1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (16169) 1 қараша, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
1 қараша 2016
Танысқың келсе, тамырын бас!

Қыздардың барлығы дерлiк романтиканы жақсы көредi, кездейсоқ кездесулер мен ерекше танысуларды қалайды. Бiрақ әттең, жiгiттер орайын келтiре алмайды. Бiрiнiң батылы бармаса, ендi бiрi ретiн таба алмайды. Қазiр бейтаныс адамның бере­ке­сiн алып, телефонына қоңырау шалып, «Сiзбен танысуға бола ма?» дейтiн заман өтiп кеттi. Танысудың тиiмдi тәсiлдерiмен танысыңыз.

Тың ойлы, тапқыр жiгiт – көп қыздың арманы. Болған оқиғаны баяндай кетейiк. Аялдамада тұрған күлiмкөз кербезге қымбат көлiктегi жiгiттiң көзi түседi. Өзi­не тым сенiмдi жiгiт бойжет­кеннiң жанына келiп тоқтайды да, «Қарындас, отырыңыз, жет­кiзiп салайын» дейдi. Қырсыққанда, қыз «көлiк тiзгiнiндегi “әкесiнiң балаларын” емес, қарапайым жiгiттердi ұнататын болып шығады да, беталды «көлi­гiме отыр» деген дөрекi ұсынысқа көне қоймайды, «Мен 79-ды күтiп тұрмын» деген жауабынан танбайды. Сонда жiгiт дереу тап­қырлық танытып, сөмкесiнен та­былған қағазға қаламмен «79» деп жазады да, көлiгiнiң маңдайшасына қыстыра қояды. Осындай креа­тивтi жiгiтке қыз көнбей көрсiн... Ары қарай тә­каппарлық танытуының да жөнi жоқ.
Жанашыр жiгiт те қыздар назарынан тыс қалмайды. Ер адамның қамқорлығына, жәрдемiне зәру аруға қол ұшын созудан тартынып қалмаңыз. Жүрегiне жетер жолдың төтесi осы болмақ. Сөй­лесу ретiн тапқан соң, қу­лыққа басып, оны «тәте» не «апай» деп атаңыз. Сонда ол бiрден «Мен сiзден үлкен емес­пiн» деп тулап шыға келедi. Орайын пайдаланып, дәл осы тұс­та, «Сонда қай жылғысыз?» деп сұрайсыз. Абайлаңыз, тек ашуландырып алмаңыз.
Қыздың көңiлiн тауып, әңгi­мелесе бастадыңыз дейiк. Бұл әңгiмеңiздiң жалғасы болу-болмауы сол сәтте айтар сөзде­рi­ңiзге байланысты. Бүгiн «Қош» деп өте шыққан қызды ертең қалай тауып аласыз? Нөмiрiн сұ­рап аласыз ба? Жо-жоқ.  Бiрден бұл әрекетке бара көр­меңiз. Өз бағасын бiлетiн бойжеткен ә дегеннен, «алма пiс, аузыма түс» дегенге көне қоймайды, яғни нөмiрiн сұрағаныңызда ың-шыңсыз айта салуға намыстанады. Әңгiме барысында ортақ қызығушылықтарыңызды табыңыз. Соған байланыс­ты келесi жолы тағы хабарласатындай жағдай туғызыңыз. Мысалы, ол қандай кiтаптар оқитынын бiлiп, «Сол кiтапты таба алмай жүр едiм, сiзге хабарласып, алып оқысам бола ма?» деп нөмiрiн сұрасаңыз, айтпасқа амалы қалмайды.
Қанша жерден бiр көрiп, құ­лай сүйсеңiз де, бұл сезiмi­ңiздi жасыруға тырысыңыз. Өзiне жiгiттiң көңiлi барын бiлген ару бiрден тәкаппарлана қалуы ықтимал. Ал бөтен ойыңызды бiлдiр­мей, жай таныс ретiнде сөйлесе бастасаңыз, ол да шалқалай берудi орынсыз санайды.
Ал егер әлеуметтiк желi ар­қылы танысқыңыз келсе, «Сәлем, Қалайсың? Танысуға бола ма?», «Қай жақтан боласың?» деген секiлдi сауал қоюдан аулақ болыңыз. Одан көмек сұрап, не белгiлi мәселеге байланысты пiкiрiн сұрап, әңгiме бастасаңыз, қалай танысып қойғанын өзi де аңғармай қалады. Қыздар осылай өздерiн бағындыра алатын, дегенiне көндiре бiлетiн жiгiттердi жақсы көредi.
Әсел Асанова,
Алматы қаласы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті