1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (16169) 1 қараша, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
1 қараша 2016
Абайдың 150 өлеңiн жатқа оқитын ару бас жүлде алды

Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Чигиринов мектебiнiң түлегi 19 жастағы Сәния Темiрха­нова облыстық “Сен сұлу” сұлулық байқауының жеңiм­пазы атанды. Ол өткен жылдың желтоқсан айында өңiрлiк сұлулық байқауында бас жүлдеге ие болған едi. Қазiр Павлодар мемлекеттiк педагогикалық институтында үшiншi курста оқиды. Болашақта журналист болғысы келедi. Сәнияның өзге сұлулардан бiр ерекшелiгi Абай Құнанбаевтың 150 өлеңiн жатқа бiледi екен.

Байқауда ПМПИ-дың тағы бiр сту­дентi – Айжан Ғазизова бiрiншi орынды иеленiп, “Lounge-bar karaoke CAMELOT” атынан 100 мың теңгелiк сертификатқа ие болды. Музыкалық мектептiң түлегi домбыра мен форте­пианода шебер ойнайды және төрт тiлдi жетiк меңгерген.
Екiншi орын Аида Байтемiроваға берiлдi. С.Торайғыров атындағы ПМУ Машина жасау факультетiнiң 20 жастағы студентi би және спортпен айналысады. Байқау кезiнде сайыстың ең жас қатысушысы – 14 жастағы Лилия Иванова үшiншi орынға тұрақтады. Черноярск мектебiнiң оқушысы өзiнiң жан-жақты, жаңалыққа жаны құмар жан екенiн көрсеттi. Көрермендер көзайымы аталымында “RosModel” модельдiк агенттiгiнiң оқушысы Камила Жапарова лайық деп танылды.
Айта кетейiк, байқаудың iрiктеу кезеңi қыркүйек айында өткен. Кастингке 14-25 жас аралығындағы 70 қыз қатысса, тек соның 10-ы ғана финалға жолдама алған болатын. Сәния Темiрханова сұ­лулық тәжiмен бiрге республика­лық «Miss Kazakhstan 2016» байқауында Павлодардың намысын қорғау құқығын да жеңiп алды
“Жеңiсiме қатты қуандым. Моделинг бойынша арманымды орындағым келедi, сондай-ақ, қоғамның, оның iшiнде Павлодардың проблемасын қаузайтын әлеу­меттiк жобамды жүзеге асырғым келедi. Оқудан кейiн магистратураға тү­судi жос­парлап отырмын”, – дейдi С.Те­мiр­ханова.  
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті