1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (16169) 1 қараша, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
1 қараша 2016
Yш жарым
  • Студент шығармашылығынан

Қарап қалсам сағатыма, «Үш жарым»

Күмiлжидi көкейiмде құштар үн.

«Үш жарымды» көре бердiм, о неге?

Сезiнгендей бiр беймәлiм күш барын.

 

 Өрiлгенмен үш жарымда өлеңiм,

Қайда барсам сол уақытты көремiн.

Бәлкiм сағат: «Үш жарымда» қуанам,

Бәлкiм сағат: «Үш жарымда» өлемiн.

 

Қапелiме қамсыз ойлар ередi.

Болмаса да өзi жайлы дерегi,

Үш жарым жыл күтiп жүрген сүйгенiм,

Бәлкiм сағат «Үш жарымда» келедi.

 

Көргенiммен ауық-ауық түн бетiн,

Жиi-жиi жыр оқимын түнге тым.

Сағасы өткел сезiмдерден дерт iшiп,

Үш жарымда мұң шағады кiмге-кiм?

 

Таусылғандай жүректегi жыр-әнi,

Үркек ойдан арылмады түн әлi.

Үш жарымда тоқтап қалған үйдегi,

Барлығына бiздiң сағат «КIНӘЛI» ! 

 

Қарап қалсам сағатыма, «Үш жарым»...

Ақгүл Айдарбекова,

Қазақ Мемлекеттiк Қыздар педогогикалық университетiнiң  2-курс студентi

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті