1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (16169) 1 қараша, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы. Дайындайтын Сансызбай Нұрбаба
1 қараша 2016
Астанадағы жұмыссыз жастардың саны қанша?
Жұмыссыз жастардың басым бөлiгi гуманитарлық мамандық бойынша бiлiм алған. Сондықтан бiз жастардан техникалық бiлiм алуды сұраймыз. Себебi еңбек нарығында кәсiби-техникалық бiлiмi бар азаматтарға сұраныс жоғары. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты мәселелерi басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Ербол Рыспаев мәлiмдеген.
“Осы жылдың басында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейi 5,6%-ды құрады. Астанада 220 мың жас тұрады, оның шамамен 10-15 мыңы екi қолға бiр күрек таба алмай жүр. Бiрақ бұл көрсеткiш үнемi өзгерiп отырады. Себебi бiз тiркелген азаматтар жайлы айтып отырмыз. Жұмыссыз жастардың басым бөлiгi гуманитарлық мамандық бойынша бiлiм алған. Нақты айтсақ, олар экономистер мен заңгерлер” дейдi Е.Рыспаев.
Ал Астанада қандай мамандықтарға сұраныс жоғары? Бұлар – инженер, лифтер, сантехник, медбике, тiгiншi, кәсiби даяшы және электр монтаждаушы мен краншы сынды мамандықтар екен. Олардың еңбекақысы да қомақты көрiнедi.
Дегенмен бiр ескеретiн жайт, жастар саясатымен айналысатын басқарма тек тiркелген жұмыссыз жастардың ғана санын көрсетiп отыр. Оның өзi 10-15 мың болса, жұмыссыздықтың зардабынан бос сенделiп жүрген жастардың шынайы саны қанша деп ойлайсыз?
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті