1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (16169) 1 қараша, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
1 қараша 2016
Студент-ақпарат
АСТАН ҰШЫНҒАН
Санкт-Петербург қаласында жетi студент астан ұшынып, ауруханаға түстi. Алғашқы тексеру кезiнде олардың бәрiнен инфекциялық сырқаттың белгiсi байқалған. Дәрiгерлер олардың денсаулығын орташа ауыр деп бағалаған едi.
Кейiннен олардың астан ұшынғаны анықталды. Бiрақ олар сырттан тамақтанбаған. Өздерi үш жылдан берi ас-ауқат iшiп келе жатқан университет аумағындағы асханадан тамақ iшкен. Қазiр жастардың жағдайы қалыпты. Астан улану оқиғасының мән-жайын Роспотребнадзор тексермек.

 

ОТАНДЫҚ СТУДЕНТТЕР 3D ПРИНТЕР ЖАСАДЫ

Қарағандылық студенттер 3D принтерiн жасап шығарды. Жас ға­лымдар осы заманауи құрылғының көмегiмен инновациялық жобаларын iске асыруды жоспарлап отыр. Ең бастысы, қа­зақ­стандық сту­дент­тердiң қолынан шыққан 3D принтер америкалық баламасынан жетi есе арзан екен.
Қарағанды политехникалық кол­леджiн­де қазiр 16 мамандық бойынша 5 мың студент бiлiм алып жатыр. Бес жыл бұрын бiлiм ошағы дуалды бiлiм беру жүйесiне көшкен болатын. Соның арқасында түлектердiң 80 пайызы бiрден жұмысқа орналаса алады дейдi ақпараттық технологиялар бойынша колледж директорының орынбасары Рамазан Қалиев.
Оның айтуынша, студенттер ойлап тапқан заманауи құрыл­ғылар өте көп көрiнедi. Ендiгi мәселе – оларды патенттеу. Мүмкiндiгiнше тезiрек патенттелуi тиiс дүниелердiң iшiнде 3D принтерi де бар. Қазiр жас ғалымдар осы құрылғының көмегiмен инновациялық жобаларын жүзеге асыруды көздеп отыр. Олардың ойынша, мұндай реттеушi тетiктер өндiрiстi автомататандыру үшiн өте қажет. Сонымен қатар, осы принтер арқылы ақылды баспананы да басқаруға болады екен.
Естерiңiзге сала кетейiк, принтердiң мұндай әлеуеттi түрiн жасауға әлем студенттерi ерекше қызығушылық танытып келедi. Мәселен, 2015 жылы Сингапур студентi Даниэль Пенг Чжоу тамақ өнiмдерiн басып шығаратын 3D принтер ойлап тап­қан болатын. Ал АҚШ студенттерi мұндай ғажап дүниенi 2014 жылы жасаған. Бiр айырмашылығы, АҚШ жастарының принтерi тек балмұздақ басып шығарады. 
 
ЖАСТАРДЫ ҚУЫП ТАРАТТЫ
Оңтүстiк Африкадағы студенттер ереуiлi бiрнеше апта бойы жалғасып келедi. Полиция алаңға шыққан жастарды тарқату үшiн көзден жас ағызатын газ бен резина оқ пайдаланған. Тәртiпсiздiк кезiндiк университет қарауылдарының бiрi жараланған.
Студенттер ереуiлiне оқу ақы­­сының қымбаттауы себеп болып отыр. Ел президентi Джей­­коб Зума үкiметке мәсе­ленi тездетiп ше­­шудi тапсырды. Дегенмен Оңтүстiк Африка билiгi­нiң бұл тығырықтан қалай шы­ғары белгi­сiз. Оқу ақысының көтерiлуiне наразы студенттер ақпан айындағы ереуiл ке­зiнде Мафикенг қаласындағы университет ғимаратына от қойған едi. Осының кесiрiнен ғимараттағы өнер туындылары мен апартеид дәуiрiнiң ескерткiштерi күлге айналған.
 
 
15-I БIРДЕЙ ҚҰЛАП КЕТТI
Францияның Анже қаласындағы көпқабатты үйлердiң бiрiнде балкон опырылып, онда тұрған 15 студент төменге құлап кеткен. Көңiлдi кештiң соңы осылайша қайғылы жағдайға ұласты. Оқиға салдарынан 4 студент бiрден көз жұмса, тағы бiреуiнiң жағдайы мүшкiл. Қазiр тергеу-тексеру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Ал тұрғын үй осыдан 14 жыл бұрын ғана салынған екен. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті