1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы. Дайындайтын Сансызбай Нұрбаба
27 желтоқсан 2016
Студенттiк өмiр – идеяға толы шақ

Дарынды адамдарға жетiстiкке жету жолында қаржы қажет, ал кейбiреулерi парасатты ұстазға не адал досқа мұқтаж. Ал ендi бiреулерiне тек шығармашылық орта жеткiлiктi. Тума таланттар үшiн жоғары оқу орны – спорттан бастап бизнеске дейiнгi барлық идеяны жүзеге асыратын таптырмас орын. Өйткенi студенттiк өмiр – ата-ана құшағынан жыраққа кетiп, жылдам жетiлетiн шақ. Адам сол кезеңде өзiн тұлға ретiнде қалыптастырып, өмiрлiк мақсаттарын шыңдай бастайды. Кемеңгер кiсiлердiң арасында жүргенде қызықты да тың идеялар дүниеге келедi. Жас студенттiң ойын құптайтындар да, қарсы шығып керi тартатындар да табылады. Кiтапханаларға, компьютер сыныптарына, зертханалық орталықтарға барып, шешiмсiз сұрақтарға жауап табады.

Қазiр Билл Гейтстi дүниедегi үш бай адамның қатарына кiретiн бизнесмен ретiнде бүкiл әлем таниды, ал оның туындысы Microsoft жүздеген миллирад долларға бағаланады. 1975 жылы досы Пол Аллен мен Билл Гейтс Гарвард университетiнде дербес компьютерге қызығушылық бiлдiрiп жүрген жай ғана қатардағы студенттер едi. Күндердiң күнiнде олар дербес компьютерге арналған Basic бағдарламалау тiлiн жасап, студенттердiң көзiн ашты. Үш адам қызмет ететiн компания ашып, оны Microsoft атады. Ол компанияда бүгiнгi таңда мыңдаған адам жұмыс iстейдi, ал өнiмдерiн миллиондаған адам тұтынады.
Аса ауқымды iздеу жүйесi – Google-дi Ларри Пейдж бен Сергей Брин Стэнфорд университетi қабырғасында жүрiп жасады. Бiздiң ғасырымыздағы аса тыбысты туынды саналатын бұл жоба қос студенттiң ғылыми диссертациясы негiзiнде пайда болды. Болашақ миллиардерлер интернеттiң математикалық мүмкiндiктерi мен iздеу жүйесi туралы тынбай iздендi. Бiрлескен жұмыс нәтижесiнде 1996 жылы BackRub iздеу жүйесi дүниеге келдi. Ол Google жүйесiнiң жаршысы, яғни алғашқы нұсқасы едi. Интернет қолданушыларының 80%-ы осы екi студенттiң сәттi ғылыми жұмысын қолданып келедi.
Интернет желiсiндегi танымалдығы тұрғысынан екiншi орын алатын компания – Yahoo! Бұл жүйе де Стэндфорд университетiнде өмiрге келген. 1994 жылы жас аспиранттар Джерри Янг пен Дэвид Файло осындай ерекше атаумен сайт жасады. Сайт интерфейсi мен идеясы сәттi шығып, оның қолданушылары аспиранттар қалтасын қампайтты. Құрастырушылар компанияның болашағы жарқын екенiн, кiрiс жылдан-жылға көз iлестiрмей өсетiнiн сол сәтте-ақ сездi.
Ұлы iстердiң барлығы қарапайым адамның қолынан шығатынына Facebook әлеуметтiк желiсi анық айғақ бола алады. 2004 жылы 20 жасар студент Марк Цукерберг жанындағы үш бөлмелес көршiсiмен Гарвард университетiнiң шәкiрттерiне арнап әлеуметтiк желi ашуды ойға алды. Студенттер бiр-бiрiмен желi арқылы видео, сурет, әуен, ақпарат алмасса дедi. Қарапайым ниет жүздеген, мыңдаған адамды баурап алды. Facebook жаңа қарқынмен америкалық университеттiң барлығын жаулап алды, содан соң бүкiл елге тарады. Бүгiнгi таңда миллиондаған қолданушының басын бiрiктiрген жүйе туралы “Әлеуметтiк желi” фильмi түсiрiлiп, оның негiзiн қалаушы Марк Цукерберг 23 жасында әлемдегi ең жас та бай миллиардер атанды. 
 

Ербол ЖҰМАБАЙ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті