1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы. Дайындайтын Сансызбай Нұрбаба
27 желтоқсан 2016
Бұлардың Барманқұловта несi бар?

Мен жақында Қытайдағы қазақ сайттарынан “Ғұлама ғалымға тағзым” атты мақала оқыдым. Нағыз тағзым, керемет естелiк. Мақала Марат Барманқұловты, оның өмiр жолын көз алдымызға әкелдi, оның фильмдерiн, ғалыми кiтаптарын зердемiзге салды.
Мақала авторы М.Барманқұловтың шәкiртi әрi әрiптесi ғалым Әмiр Молдабеков екен. Риза болдым, мың алғыс мұндай шәкiртке. Ал бiз ше? Бiз М.Барманқұловтың еңбегiн дәрiптеуге тырысып жүрмiз бе? Әлде керiсiнше, атын өшiруге ұмтылып жүрмiз бе?
Мұндай сауал қоюымызға себеп мынау: кезiнде барлығымыз, Қазақстандағы журналистер қауымы, әл-Фараби университетi Мәкең қайтыс болғаннан кейiн көз жасымызды сығып отырып, өзi құрған кафедраның лабораториясына, өзi құрған телестудиясына Мәкенiң атын берiп тақтайшасын iлiп, лентасын қиып едiк-ау. Туыстарының алдында, балаларының көзiнше! Сол тақтайша бұл күнi жоқ дейдi студентер, бұл қалай?
Сонда бұл кафедраға жауапты Г.Сұлтанбаева қайда қарап отыр? Әлде лаборатория меңгерушiсi аспаннан түскен бе? Атам заманнан қазақ халқы аруақ сыйлаған, еңбегi бар адамдарды ел есiнде қалдыруға тырысқан? Бұл не масқара! Кешегi Барманқұловты бүгiн ұмытып үлгергенiмiз бе?
 

 Жұмабай ҚАЙРАТҰЛЫ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті