1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №103 (16185) 26 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
27 желтоқсан 2016
Экcтремизм қаупi бойынша тексерiледi

Ресейде алдағы жылдан бастап абитуриенттер мен 1-курс студенттерi экстремизм қаупi бойынша тексеруден өтпек. Iшкi iстер министрлiгiнiң ұсынысы бойынша құжат қабылдау кезiнде абитуриенттер мен 1-курс студенттерiне экстремизмге қатысты сұрақтар қойылған сауалнама қоса берiледi. Ресей билiгi жас талапкерлердiң экстремизм идеяларымен уланбағанын осылайша қадағаламақ. Бұл жүйенi алдымен Мәскеуде тәжiрибеден өткiзiп, кейiн бүкiл ел аумағы бойынша өткiзу жоспарланған деп хабарлайды, “Ведомости”.

УКРАИНАДА ШӘКIРТАҚЫ КӨТЕРIЛДI

Бұл туралы жуырда Буковинск мемлекеттiк медициналық университитiнiң студенттерiмен кездескен ел премьер-министрi Владимир Гройсман мәлiмдедi. “Үкiмет шәкiртақылық қорды 576 миллион гривенге ұлғайтты.Кiм жақсы оқыса, сол жоғары шәкiртақы алуы тиiс” дедi үкiмет басшысы. Ақпаратқа қарағанда, келер жылдан бастап Украина студенттерiнiң шәкiртақысы 1600-2000 гривен шамасында болады. Бұл долларға шаққанда 50-80 доллардың маңы. Ал жоғары шәкiртақыға кiмдердiң ие болатынын және оның әдiлеттi бөлiнуiн студенттер кеңесi бақылайды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті