1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №47 (16233) 13 маусым, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
13 маусым 2017
Студенттер жазда қалай ақша табады?

Студентке жұмыс табу оңай шаруа емес. Еңбек нарығында жұмыс берушілер дипломсыз мамандарға қызығушылық танытпайды. Сондықтан да мейлінше жақсы жұмыс табу қазақстандық студенттердің бас қатыратын мәселесіне айналғалы қашан. Студенттер жұмыс іздей қалса, ең бірінші ұсынылатын екі жұмыс: бірі – сауық кештерінде, кафе-барларда даяшы қызметін атқару; екіншісі – қаладағы құрылыс алаңдарында қара жұмыс істеу.
Мақпал Пірімбетова «Алтын ғасыр» мейрамханасында даяшы болып істейді. Күндік табысы – 2000 теңге. Жататын жері мен тамағы тегін. Тек «тәрбиелік, психологиялық жағынан» қысым көретінін айтады.
Қайнар Қылышбаев «Жарнама тарату» агенттігінде жұмыс істейді. Дайындалған жарнама парақшаларын адамдарға тарату арқылы ақша табады. Аптасына 10 000 теңге табатын студент өз жұмысына разы.
Мейрамбек Сейдазым өзінің жеке көлігімен қала ішінде адам тасиды. Ата-анасы алып берген машинаны оңды пайдаланып жүр. Қалаған уақытында жұмыс істеп, қалаған уақытында демала алады. Ал Әзірет Ыдырыс университет жанынан құрылған «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа тұрған. Жаз айын «жасылелдік» достарымен бірге барынша жақсы өткізуге тырысады. Бір жағынан, ақша тапса; екінші жағынан, университеттің көркеюіне өз үлесін қосады. «Жасылелдіктердің» жалақысы биыл 59 853 теңгеге көтерілгенін Әзірет қуана айтты.
Көп жерде жұмыс істеймін деген студенттерге жеңілдіктер қарастырылған. Тек өзіміз жалқаулыққа салынып, оңай жолмен жүреміз деп ойламасақ болды.

Едіге ӘЛШЕН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті