1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №58 (16244) 25 шілде, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
25 шілде 2017
«Болашақпен» «соғыс» неге болмай қалды?..

«Болашақ» деген бағдарлама бар. Мақсаты – білімді де білікті маман боламын дегендерді сырт елдерде оқыту, сапалы маман даярлау. Бағдарлама аясында талай қазақ баласы шетел көріп, білім алды. Алды лауазымды қызметтерде істеп жүр. Кейінгі толқыны лег-легімен өркені өскен елдерде білім қуып жүр. Өкінішке қарай, «Болашақтың» алғашқы түлектерінің арасында жемқорлықпен істі болғандар да бар. Сонда да «Болашаққа» барсам дейтіндер көп. Ал барып келгендердің арасында «Болашақтан» құтыла алмай жүргендер де жетерлік. Оған Майгүл Садықованың хикаясы дәлел бола алады. Майгүл Садықова осыдан сегіз жыл бұрын АҚШ-қа барып оқып келген. Оқуға кетерде Павлодар облысы Ақсу қаласындағы анасының пәтерін кепілге қойған. Елге келіп, мамандығы бойынша сегіз жыл жұмыс істесе де, «Болашақ» бағдарламасына жауапты Халықаралық бағдарламалар орталығы Садықованың анасының пәтерін кепілден босатпаған. Сөйтіп, «Болашақпен» арасы суып кеткен Майгүл мәселені желіде жария етеді.
«АҚШ-тағы оқуды бітіріп келгеніме сегіз жыл болса да, олар менің анамның пәтерін кепілдіктен босатпай отыр. Айтатын уәждері – «әлеуметтік қызметкер» мамандығы бойынша жұмыс істемегенім. Қанша іздесем де, мамандығыммен жұмыс таппадым. Бұл менің кінәм емес. Бірақ мен елге келгелі «Астана Опера» театрында істедім, аударма жасап, тіл курстарын аштым, әйтеуір, жұмыссыз отырған жоқпын. Ең бастысы, осы жұмыстардың бәрін де ел аумағында атқардым. Халықаралық бағдарламалар орталығы мамандықпен жұмысқа орналасуға қол ұшын созған жоқ. Бірақ, келісімшартта көрсетілгендей, «өз мамандығыңмен бес жыл жұмыс істеуге тиіссің» деп талап етуін қоймайды. Осылайша аталған ұйым тарапынан қысым жасалатынын ел білуі керек. Оның үстіне Халықаралық бағдарламалар орталығы ағылшын тілінен мақұрым бай-бағланның балаларын мемлекет есебінен шетелге оқуға жіберетіні туралы сөз көп. Ондай жастардың АҚШ-та не істеп, қалай демалып жүргендеріне өзім де куә болғанмын», – дейді Майгүл Садықова. Осылай деп «Болашаққа» қатысты біраз мәселенің шетін шығарған Садықоваға көп кешікпей «Болашақ» тіл қатыпты. Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешов Майгүлді кездесуге шақырып, көтерген мәселесі министрлік комиссиясында қаралатынын, ол комиссияның құрамында өзі де болатынын және анасының үйін кепілдіктен босатуға дауыс беретінін айтқан. Тіпті Садықоваға «Болашақты» сынай бермей, орталыққа жұмыс кел» деп ұсыныс тастапты. Ал Майгүл Садықова өзі сияқты жағдайға душар болып, басы қатып жүрген «Болашақтан» келгендерге кеңес айтып, бүй дейді: «Үнсіз қалмаңыздар! Оқудан келген соң жұмыс істеуге міндеттелген мерзімдеріңізді белгісіз уақыт созып, ай сайын ақша төлеуге жол бермеңіздер. Келісімшартта мұның бірі де жоқ. Бағдарлама бойынша оқып келген мамандығымызбен керексіз болып қалғанымыз үшін біз кінәлі емеспіз. Кім өз елінде қажетті маман болғысы келмейді?! Бұл аз десеңіз, Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Жанболат Мелдешовтің өзі оқу бітіріп келгендермен жұмыс істеуде қателіктер кеткенін мойындады».
Майгүл Садықованың желіні желпінткен жазбасынан соң Жанболат Мелдешов шынымен де «Болашақпен» оқу бітіріп келгендермен жұмыс істеуде кемшіліктер болғанын, сол себепті бітірушілермен жұмыс істеу департаменті директоры сәуір айында өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлаған. Мелдешовтің өз басы да даудан арылмай келеді. Орталықтың қызметкерлері үстінен арызданып, мамыр айында уақытша қызметінен шеттетілгенімен, көп ұзамай жылы орнына қайта оралған еді. Әйтеуір, «Болашақтың» басынан дау арылмай келеді. Ал «Болашақпен» оқып келгендер елді гүлдендіреді» деп жұрт отыр. Жалпы, «Болашақ» бағдарламасына жауапты мекеменің қоғам алдында ашықтығы мен есептілігі жоқтың қасы. Содан болар, «Болашақпен» кім қайда, қанша қаражатқа, қандай мамандықта оқып жатыр, ол мамандыққа елде сұраныс бар ма, ол маман елде жұмыс істегенімен, белгілі бір саланы алға сүйрей ала ма деген сынды сұрақтардың жауабын табу қиын. Бағдарламамен шетел асып, білім қуып жүрген әр азамат салық төлеушілер қаражатының есебінен білім алып жатқандықтан, Халықаралық бағдарламалар орталығы халыққа ашық есеп беріп отыруы шарт.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті