1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (16256)   5 қыркүйек, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
5 қыркүйек 2017
«Бақ дизайны» мамандығы талапкерлердің бағын байлап отыр ма?

Өткен аптада бір топ ата-ана президент Н.Назарбаевтың атына ашық хат жазды. Хат жазуға балаларының жоғары балл ала тұрып, таңдаған мамандықтарына түсе алмауы себеп болған. Бұл мәселеде сол ҰБТ қорытындылары шығып, кейін қайта қаралғанда пайда болған. «БАҚ дизайны» мамандығы бойынша 10 тамыз күнгі тізімде грант иеленген 16 талапкердің аты-жөні берілсе, ал 14 тамыздағы тізімде 30 талапкер көрсетілген. Сонда грант саны аяқастынан қалай көбейіп кеткен?
Екінші тізімде біріншідегі 16 үміткердің 7-уі алынып тасталынып, жаңадан 21 талапкер қосылған. Жоғары нәтижелері бар 21 талапкер қандай негізде, қайдан алынған? Өйткені, ереже бойынша, 7 тамыз бен 13 тамыз аралығында бұл мамандық бойынша талапкерлер міндетті түрде шығармашылық емтиханнан өтіп, олардың нәтижелері бірден интернет арқылы министрлікке жіберіледі. Сонда жоғарыдағы жаңа қосылған талапкерлер қай жерде, қашан шығармашылық емтихан тапсырған?» деген хат иелері қайта қаралып, жарияланған грант тізімінің түсініксіз тұстарын мысалға келтіреді. «БАҚ дизайны» шығармашылық мамандық болғандықтан, оқуға түсетін талапкер ҰБТ-дан бөлек, шығармашылық емитхан тапсырады. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-да осы мамандық бойынша емтихан тапсырған талапкерлердің бірде-бірі екінші рет жарияланған грант иегерлерінің ішінде жоқ болып шыққан. Бірінші тізімде бар да, шудан кейін қайта қаралған тізімде жоқ. Мұндай сиқыр ата-ананы да, талапкерді де таң-тамаша еткен. Міне, осы сиқырдың анық-қанығын ашып, шығармашылық емтиханмен қоса, ҰБТ-дан да сәтті өткен талапкерлердің таңдауын қанағаттандыруды сұрап, ата-аналар президентке ашық хат жазған.
Хатта «БАҚ дизайны» мамандығына республика бойынша бөлінген гранттар мен оны иеленген талапкерлер саны да келтірілген: «БАҚ дизайны» мамандығы бойынша 12 грант Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне, 5 грант М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетіне, 3 грант Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне, 2 грант А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ–түрік университетіне, 1 грант Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіне, 1 грант М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне, 1 грант М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне, 1 грант Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне, 1 грант Алматы технологиялық университетіне, 1 грант І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетіне бөлініпті. Ең қызығы, жоғарыдағы аталған оқу орындарына 118 баллмен 10 түлек өткен, қалған 20-сы – 119 және 120 балл. 120-дан жоғары көрсеткіш жоқ, сонда бұл бірыңғай үздік оқушылар дизайн мамандығына қай мектептерден келген? Ал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тапсырып, жоғары балл жинаған талапкерлерге грант неге бөлінбеген?» Осылай деп жоғарыда аталған мамандық бойынша бөлінген гранттар мен оның үлестірілуіне қатысты түсініксіз жайттарды тізбелеп жазған хат иелері балаларының таңдауына қиянат жасалмай, мәселе оң шешімін табады деп үміттенеді. Балаларының болашағына қатысты мәселеде үнсіз қала алмаған ата-аналардың ашық хатына білім және ғылым министрлігі жауап қатады деген ойдамыз.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті