«Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысы Кедендiк одақтың кесiрiн айтып, дабыл қағуда. Ресейдiң одақ құрғандағы көксегенi не?
Құлаған одақты қайта тiрiлту арқылы өз үстемдiгiн орнықтыру (68.6%)
Беларусь пен Қазақстанның экономикасына оң ықпал ету (3.6%)
Бiздiң елiмiздi Қытай экспансиясынан сақтап қалу (5.1%)
Көршiсiн шикiзат көзi деңгейiнде қалдыру (22.6%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы. Дайындайтын Инга Иманбай
24 қараша 2009
«Көңiлдiлер мен тапқырлар» мемлекеттiк тiлдi қомсынып жүр
Ресейде жас та, кәрi де қызыға қарайтын, 45 жылдан астам тарихы бар “КВН” ойыны әлемдегi теңдесi жоқ жобалардың бiрi. Орыс елiнде бұл клуб жоба ретiнде ғана емес, ұлттық ойын ретiнде де танылды. Осы жоба Қазақстанда да өзiнiң қанатын жайды. Продюсер Есен Елеукен “нар тәуекел – ер iсi” деп, “қазақша КВН”-дi өмiрге әкелдi. Аталған жобаны құрған кезде алдымен, жастар арасында “КВН”-дi қазақша сөйлету болғанымен, кейiнгi кезде әйгiлi “Көңiлдi және тапқырлар клубының” (КТК) мемлекеттiк тiлден гөрi орыс тiлiнде “мың құбылта” сөйлеуi жанға батады. Бұл – ұлттық рухтың әлсiздiгi. Ана тiлiмiздi шұбарлап, дiлiмiздi ардақтай алмай жүрген қазiргi жастар мемлекетiмiздiң тiрегi бола ала ма? Кiндiк қаны тамған атамекенiнде тұрып, басқа тiлде сөйлеген жастар тек Қазақстанда ғана ма деп ойлаймын.
Бұл ойынның қазақша “Көңiлдi және тапқырлар клубы” деп аталмай, “КВН” атануы – космополит “қазақтар” мен клубтың президентi Есен Елеукеннiң ұлттық сезiмiнiң әлсiздiгi деп бiлемiн.
Клубтың қайсыбiр ойынына көз жүгiрте қарасаңыз, айтар әзiлдерi қазақша басталып, орысша аяқталады. Кiрме сөздердiң қазақ тiлiнде аудармасы бола тұра, орыс, ағылшын сөздерiн “қиыннан қиыстырып” қолданған жастардың бұл қылығы – ұлты мен ана тiлiнiң мәртебесiн аяқасты етедi.
Осыған байланысты клуб басшылығы неге ойланбайды?
Халық алдында “тапқырлар” әдептiлiк пен тәрбиенi де ұмытып кететiн сияқты. Қойылатын көрiнiстер мен әзiл-қалжыңдарының көбi “белден аспайтын”, анайы, тұрпайы. Қазақ болмысына жат.
Қазақстанның түрлi жоғары оқу орындарынан сайысқа түсетiн студенттердiң КТК-да қазақ тiлiндегi ойын емес, орысша ойын көрсететiнiне сол оқу орнының басшылары неге бейтарап қарайды? Әлде, орыс тiлiндегi ойын озық болып көрiне ме? Қазақ жастары қазақ тiлiндегi ойынды қашан көрсетедi?
Ойынның ендi бiр қыңжылтар тұсы – жастардың сахнада ел мен жердi бөлiп сөйлеуi. Әр ойында айтылатын “Шымкент Халық Республикасы”, “Шымкент Демократиялық Республикасы” немесе “Оңтүстiк Қазақстан Республикасы” секiлдi сөздермен жастардың ненi меңзейтiнi, көксейтiнi белгiсiз. Халықтың санасына мұны неге сiңiремiз?
Сонымен бiрге ойында әзiлдер тақырыптарының аясы тар. Тек ауыл, той мәселесiмен ғана шектеледi. Озық үлгiдегi ойын көрсетуге, жаңашылдыққа бет бұру сезiлмейдi. Қоғамның ахуалы, халықтың әлеуметтiк жағдайы, ұлт, рух, мәселесi шетте қалды. Бұл өте өкiнiштi.
Kiril alfabesi ile yazamıyorum ama kazak ,türk ,türkistanlı ,türkçü bir gazte oldugunuz kanısına vardım. Size sadece merhaba göndermek istedim .Gönlüm DÜNYA TÜRKLERİNİN birleşmesidir. Saygılarımla . TÜRKİYE
ЖӘКЕ | 24 қараша 2009 22:59
Диас өте орынды пікір көтерген, ктк(квн) ұлтсыздыққа, нашақорлыққа(шөп жисің,шөп шегесің деген "әзілдер" айтылады), тәрбиесіздікке үгіттейтін ұйым, сондықтан жауапты адамдар болған ойындарды саралап көріп шығып, тиісті шара көрілмесе кеш болуы мүмкүн!!!!
Ақтау | 25 қараша 2009 02:09
Диас БЕЙСЕНБЕК дұрыс айтады! КТК - деген затты мен қарамаймын.Билет сатып алатындарға таң қаласың.Көруге,тыңдауға тұрмайтын затты көреді.
Атырау | 16 желтоқсан 2009 12:43
Диас Бейсенбектін сөзін толықтай қолдаймын!!! я, Шымкент Халық Республикасы деп болип жатады, олар неге олай айтады??? осы созден кейин жастардын арасында болину басталады, оңтустік-солтустік, батыс-шыгыс деп. одан калса руга болинеди. осыган жогардагы агалар конил болсе екен, халкымыздан бирлигин сактау кажет емеспе?!
ххх | 21 қаңтар 2010 19:50
Бәрі де бірінші рет болғанда біздің КТК сияқты сапасыз, анайы болады.Бірақ оның ішінде жақсы нәрселер де бар. Бәрін жаман деуге болмайды, бір қарын май бір құмалақты ширитеді дейді. Мүмкіндгінше төзіммен қарау керек. Бұл жобаның да бір жақсылығын көрерміз.Болашақта.
Ыбырай Искандаров | 24 қаңтар 2010 16:01
Қазақша КВН жасасын!!!!!!!!! шымкент құрама штатары
адам | 25 қаңтар 2010 03:42
Қазақша КВН жасасын!!!!!!!!! шымкент құрама штатары
есіңізде болсын: бөлінгенді бөрі жейді.
Ербол | 24 ақпан 2010 22:22
Қазақша КВН жасасын!!!!!!!!! шымкент құрама штатары
Ееееххх, надандық сенікі бауырым!!!
Исахов Магжан | 10 наурыз 2010 19:18
rasinda da koptegen kalalarda kazak ktk oyini oris kazak tilinde aralastirip soyleydi!ogan kelisemin. Al Shimkentke keletin bolsak Kazak tilin keninen nasykattap jurgen kalalardin biri. ogan barshamiz kelisemiz. Shimkent ktk oyinindarinda baska kogamdik orindarmen salalar da dal solay! Barsha jastardi Shimkenttikterden ulgi aluga shakiramin!
Azamat | 13 наурыз 2010 03:10
Negizi barlik oblistarga Shimkenttik akim jiberse!!!! til maselensinin de ult maselesin de tuzeltudin en jaksi joli emes pe!?
карагым | 19 наурыз 2010 11:57
КТК -га шыккандардын ой таяз екені рас, сондыктан уйымдастырушылар алдын ала карау керек, ойткені бул ауыл аймакта емес, букил елге тарайтын хабар електен отип барып шыгу керек. Ойланын жастар. Айтылган соз атылган ок.
Айнур | 8 сәуір 2010 22:40
Қазак тілін жақсы білетін маңғыстаулықтар!!!!
Даурен | 15 сәуір 2010 13:43
айналайын, айтатын пікіріңді фактілермен дәлелдеп жазшы. Әйтпесе осындай сылдыр сөзді сын мақалаларды барлық газетен де оқып жүрміз. Мен білетін Есен Елеукен болса нағыз қазақ ол.
БЕКЗАТ | 18 сәуір 2010 15:29
Есағама айтар уәжім жоқ, нағыз қазақ! Бірақ қазақша КВН ойыншыларын жынымнан жек көремін. Өңшең тәлпіштер жиналған. маған ұнайтын бір ғана команда бар - ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ.
есіңізде болсын: бөлінгенді бөрі жейді.
Ееееххх, надандық сенікі бауырым!!!