1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысы Кедендiк одақтың кесiрiн айтып, дабыл қағуда. Ресейдiң одақ құрғандағы көксегенi не?
Құлаған одақты қайта тiрiлту арқылы өз үстемдiгiн орнықтыру (68.6%)
Беларусь пен Қазақстанның экономикасына оң ықпал ету (3.6%)
Бiздiң елiмiздi Қытай экспансиясынан сақтап қалу (5.1%)
Көршiсiн шикiзат көзi деңгейiнде қалдыру (22.6%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №94 (15448) 24 қараша, сейсенбі 2009
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы. Дайындайтын Инга Иманбай
24 қараша 2009
Жасқаншақтық дертке айналды

Халқымызда “ауруын жасыр­ған өледi” деген жақсы нақыл сөзi бар. Мұны айтып отырған себебiм, қазақ қоғамы әлi де тәуелсiз мемлекетке тән прин­циптердi ұстанудан қашқақтайды. Қазақ қашанда төзiмдi, қонақжай халық. Бұл қасиет қазақ халқына тумысынан бе­рiлген ғой. Қой аузынан шөп алмас момын қазақтың бойына бiткен көреалмаушылық, жағымпаздық қасиеттi қалайда жойғысы келген талай хандар, батырлар, жыраулар мен билер, ақын-жазушылар мен ғұламалар арманда кеттi. Батырлық болмаса да бүгiнгi қазақ қулық-сұмдық пен алдап-арбаудан, жағымпаздықтан ешкiмге дес бермейдi. Жағынумен күнiн кешкен өскелең ұрпақ жалтақтық пен жалған сөйлеуге көштi. “Елiме, жерiме, халқыма” деп еңбек етiп, маңдай терiн төгiп отырғандар аз. Қазiр заман солай. Әркiм өз тiршiлiгiмен кеткен. Халық үшiн еңбек етiп, ұлт үшiн қызмет етiп жүргендер тым аз. Өзiнен жоғары тұрған бiреудi қос қолдап мақтасақ та, “мынауың дұрыс емес” деп айтып жатқан пенде жоқ. Елдегi түрлi әдiлетсiздiктi өткiр сынап, халықтың намысын оятатын, айбынды сөз айтып жатқандардың тағдыры қыл үстiнде. «Сасқан үйрек артымен сүңгiдiнiң» кебiн киiп отырған жайымыз бар. Құдай “көрмеген­дi көрдiм” деп, “естiмегендi естiдiм” деп жал­ған куәгер болуды күнәға балаған. Ал қазiр, “барлығы жақсы” деген сөзге әуес әрiптестерiмдi көргенде “осылардың жүрегiнде иман бар ма екен?” – деп ойланамын. Әншейiнде бөсiп сөй­леген­дердiң былайғы өмiрiне назар аударып көрiңiзшi. Олардың iшiн­де күнiн әрең көрiп жүргендер бар. Олай болса, әлгi айтылған мақтаулар мен марапаттаулар қайда?

Халық күнделiктi ақпарат алу үшiн БАҚ-қа жүгiнедi. Бiздегi шығатын газет-журналдардың 80 пайызында бүгiнгi билiкке мадақ айтылады. Ал оны оқыған оқырман не ойлауы мүмкiн? Шалғай ауылдағы өлместiң күнiн кешкен ауыл адамдарының көретiнi – “Хабар”, “Қазақстан”, “Еларна”. Оқи­тыны жоғары жақтың “Егеменi” мен “Казправдасы”. Бұл газет­тердi кез келген мемлекеттiк қызметтегiлер алады. Оларды оқысаңыз, жұмақта өмiр сүрiп жат­қандай боласыз.
Жастардың мемлекеттiк iске араласуға құлқы қалмады. Естiсе де естiмей, көрсе де көрмегендей. Олардың елдегi саясатқа араласпауы жасқаншақтыққа әкелдi. Әлгi аталған арналардан күн құрғатпай берiлетiн саны бар, сапасы жоқ ақпараттық-сазды бағдарламалардан олар үшiн өзге қызық қалмады. Көпшiлiгi жас өмiрiн бос күлкi мен көше тоздыруға арнаған. Соның бәрiн көре тұрып “Келешек жастардың қолында” деп қалай айтамыз? Келешек жастардың қолында болса, жастар неге жасқаншақ? Шынын айтсақ, ауыл жастары мемлекетте қандай жаңалықтар болып жатқанынан бейхабар. Жастар емес, үлкендердiң өзi мардымды дүние айта алмайды.
Жадыра МҮСIЛIМ.
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
жын | 24 қараша 2009 11:54
Жасқаншақтықтық дертке айналмай қайтсін елбасы үнемі тықыртып отырса
Мен | 24 қараша 2009 18:15
Аллатағала адамды жаратқанда қолына барлық мүмкіншілікті берген. Әлем кең және мүмкіндіктер мол. Әрбір адам - жеке кішкене әлем. Байлық, материалдық дүние тез тойдырады. Одан әрі не? Марқұм Зәкеңдер, Алтыекеңдер елдің мұңына бола өздерін құрбан етті. Билік жаңа пси-технологияларды ұтымды қолданады және қарамағындағыларды тізгіндеп ұстаудың амалдарын біледі. Бірақ бұл технологияны билікке қарсы кез келген адам қолдана алады. Тек ниет болса, болғаны. Жасқаншақтықты, үрейді жою қолдан келетін шару
Қияңқы | 3 сәуір 2010 10:59
Жасқаншақтықтық дертке айналмай қайтсін елбасы үнемі тықыртып отырса

Осыған дейін де әуелі патшалық Ресей, кейін тоталитарлық жүйе тұқыртып ұстап, жасқаншақ етіп жіберген ғой! Сол дерт жайлаған безді сылып алып тастайтын басшы керек-ақ еді!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар