1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
«Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық-демократиялық қозғалысы Кедендiк одақтың кесiрiн айтып, дабыл қағуда. Ресейдiң одақ құрғандағы көксегенi не?
Құлаған одақты қайта тiрiлту арқылы өз үстемдiгiн орнықтыру (68.6%)
Беларусь пен Қазақстанның экономикасына оң ықпал ету (3.6%)
Бiздiң елiмiздi Қытай экспансиясынан сақтап қалу (5.1%)
Көршiсiн шикiзат көзi деңгейiнде қалдыру (22.6%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №09 (15467) 2 ақпан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы. Дайындайтын Инга Иманбай
2 ақпан 2010
«Алаш» атауын қор қылдық...

Бұл күндерi ұлттық құндылықтарымызды аяққа таптап жүргенiмiз өтiрiк емес. Қарапайым бiр мысал: автобустардың есiгiнде бiр және екi теңгелiктер жапсырылып тұрады. Оны жапсырғандардың ойынша бiр және екi теңгелiктер ақша санатына қосылмайтын да шығар. Бiрақ, ол теңгелерде елтаңбамыз нақышталған емес пе?! Бұлай iстеу мемлекеттiк ремiздердi құрметтемеу емей немене?

Осы күнi «Рахат» конфет өндiретiн орталыққа бар­­саңыз, ұлы Абайдың суретi және көк байрағымызға оралып жасалған түрлi-түстi конфеттер көздiң жауын алады. «Домбыра» және «Майра» атты арақ бар екенiн айтудан ұяласың. «Домбыраның» қорабын аша қалсаңыз, бөтелкенiң мойнында әнұранымыз жапсырулы тұр. Қазақ ұғымында домбыра – өте киелi ұлттық аспап. Бабадан балаға жалғасқан ұлттық өнерiмiздi осы домбыра жалғастырып келе жатқаны шындық. Оны «шайтансудың» атына берiп, оған ұқсатып арақ бөтелкесiн жасау бiздiң намысымызды қоздырмай ма? Той-томалаққа бара қалсаңыз, «Домбыра» арағын ел жақсы iшедi екен. Тойдағы кейбiр азаматтар: «Әлгi «Домбыра» деген арақтарың қайда?» – деп айқайлайтынын қайтерсiң.
Қытайдың Құлжа қаласындағы ұйғырлар «Домбыра» деген арақ шығарғаны үшiн Б.Қажыбек деген қытайда тұратын қандасымыз осы арақты өндiретiн ұйымды халықаралық сотқа бермек бол­ған. Бiрақ, жалғыздың үнi, жаяу­дың шаңы шықпай, ұйғырлар өз дегенiне жеткенiн ақпарат құралдарынан естiгенбiз. Сол өнiм ендi өз мемлекетiмiзден де шығып үлгердi. Бұл өнiм Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында «АкРоссПищепром» компаниясының тапсырысы бо­йынша өндiрiлген екен. Қораптың сыртындағы домбыраның суретi мен қазақтың ұлттық киiмiн киген қыз бен жiгiттiң суретiн көрген әрбiр қазақ ұялса неттi. Осы қатар­ға «Майра» арағын да қосуға болады. Арақ құмырасының сыртына жапсырылған қағазда «Майра, Майра, қызыл тiлiм сайра, сайра...» деген ән мәтiнi жазылған. Бұл белгiлi әншi Майра Iлиясованың құрметiне жасалған болса керек.
Жақында Жандосов көшесi мен Сайын көшесiнiң қиылысында орналасқан ғимараттың қақ шекесiнен «Алаш» деген жазуды көрдiк. Оның «Алаш» деген аты бiздi елең еткiздi. Бастапқыда «Алаш» зиялыларына құрылған орталық екен деп ойлаған едiк. Сөйтсек, ол бильярд клубы екен. Керменiң бас жағында «бильярд клубы» деген сөз тұр. Анық-қанығына жету мақсатымен «Алашқа» кiрудi жөн көрдiк. Кiрсек, ат шаптырым үлкен залдың бiр жағы бильярд, кафе екен де, бiр жағына интернет орталығы орналасыпты. Сол жерде жүрген бiр жiгiттен «Алаштың» қожайынының телефон нөмiрiн алып хабарластық. Қарсы жақтан Күнсұлу есiмдi ханым телефон көтердi. Ол: «Бұл аттың не мақсатпен қойылғанын бiлмедiм. Өйткенi, бiз бұны басқа бiр адамға жалға бергенбiз. Атты сол адам өзi қойыпты», – дегендi айтты. Ойын-сауық орталығына «Алаш» есiмi берiлуi бiздi қатты қынжылтты. «Алаш» – қазақ хал­қы үшiн ең қасиеттi атау. Қабағынан қар жауып, қылышынан қан тамған заманда еш кiнәсiз қаншама «Алаштың» ержүрек азаматтары ел үшiн, жер үшiн құрбан болды. Олардың атын асқақтатудың орнына қайдағы бiр жын-шайтанның орталығына бе­руiмiз бiздiң талғамсыздығымыздың белгiсi емес пе?
   Бектұрған ЛАҚАДЫЛ, студент.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Қамбар | 2 ақпан 2010 15:02
Алаш атын қор қылғандар Астанада тіпті көп. Соның ішінде Дихан Қамзабекұлының құрған "Алаш институты" деген бір ұйымның істеп жүрген ісі тіпті айтуға ұят. Көзбояушылықтың, плагиат мақала мен баяндаманың қоқыс алаңына айналған аты бар заты жоқ бір нәрсе. Қайсы бірін айтасың...
Бекжан | 15 маусым 2010 20:13
"Қамбар"-Шамақ!.. Дихан құрған "Алаш" институты 2007-2009 жылы Астанада 40-тан астам шара атқарды.Әрине, сен сияқты өтірік анонимка жазатындар ол жерде болған жоқ. Институт Алашты ағылшын-француз-неміс аудиториясына таныстырып та кітап жазып жатыр. Дәкең Алашқа қатысты соңғы жылы 150-ден астам мақала жариялады. Сенің кім екенің белгілі. Ақаңның, басқалардың үстінен нені болсын соны жазып жүрген пәлесің. Бір күні тұтыласың, Шамақ... Қазақ қоғамы қолдан құжат жасап, өзін мақтап, айналасын даттағандарды айнадан көріп отыр.
Бекжан Досжан
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті