1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (15434) 6 қазан, сейсенбі 2009
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы. Дайындайтын Инга Иманбай
6 қазан 2009
Студенттiк өмiр және желiлiк маркетинг

Студенттер ең көп айналысатын жұмыстардың бiрi – желiлiк маркетинг. Бiрақ, бұл iстiң соңына жеткендер аз. Үлкен қызығушылықпен iске кiрiскен жастардың көбiнiң «iскерлiгi» алты айдан аспайды. Бұның себебi неде? Осы сауалға жауап iздеп көрсек. 

Студенттердiң көбi ақылы бөлiмде бiлiм алады. Оның ақысын төрт жыл бойы ата-анасының мойнына артып қойғысы келмейтiнi де түсiнiктi. Үйлерi шалғай ауылдарда орналасқан олар үшiн жаттын орын, жейтiн тамақ, киетiн киiм де – өз алдына үлкен мәселе. Сондықтан амалсыз жұмыс iздеуге тура келедi. Бiрақ, студентке жұмыс табу оңай емес. Оқуына кедергi келтiрмейтiндей ыңғайлы жұмыс табу тiптен қиын. Олар ең әуелi жұмыс­ты оқу уақытына қарай таңдайды. Мұны қазiргi кезде жедел қарқынмен дамып келе жатқан, өз өмiрiнде желiлiк маркетинг арқылы өнiмiн таратушы компаниялар жақсы пайдалануда. Себебi, олар «өзiңе ыңғайлы жұмыс уақыты» деген жарнама арқылы студенттердi өздерiне тартады. Алматы қаласының көшелерiн бiр аралап шықсаңыз, «студенттерге арналған жұмыс» деген мұндай жарнаманың сан түрлiсiн кездестiруге болады. Жарнамада көрсетiлген нөмiрлерге хабарласып көрсеңiз, сiздi сыпайы түрде кездесуге шақырады. Мiне, осылай бiр компанияның «қызметкерi» болып шыға келесiз. Кейiннен дәл сондай жарнамаларды өзiңiз де iлiп, бас­қа студенттердi «өзiңiздiң командаңызға» тарта бастайсыз. Желiлiк құрылымның негiзi де осыдан тұрады. Бiр адам жазылып, артынан тағы он адамды, ерекше пысықтары жүздеген адамды жаздырады. Бұл жұмыстан түсетiн пайда да жаман емес. Бiрақ, неге екенi белгiсiз, студенттердiң бұл iстi соңына дейiн жеткiзгенiн көрген емеспiз. Неге? Жарналарына сенсек, уақыты жағынан да, пайда табу жағынан да өте тиiмдi. Ендеше, бұл iспен студенттер неге соңына дейiн айналыспайды? Неге жарты жолдан тастап кетедi? Желiлiк маркетинг студенттiң оқу үлгерiмiне қаншалықты әсер етедi? Жалпы, болашақ маманға студент кезiнде желiлiк маркетингпен айналысудың қаншалықты пайдасы бар? Әлде зия­ны басым ба? Бұл жөнiнде осындай компаниялардың бiрiнде жұмыс iстеген студенттен сұрап көрген едiк.
Ғалия, студент:
– Кезiнде желiлiк маркетингпен айналысатын компаниялардың бiрiнде жұмыс iстегенмiн. Кәдiмгiдей саны жүз елуден асатын адамнан тұратын желi де құрдым. Үлкен баспалдақтағы алғашқы биiк сатылардың бiрi директорлыққа да жеттiм. Бiрақ, қазiр бәрiн тас­тадым. Оқуымды оқып жүрмiн. Анда-санда көшеде кездескен жас қыздар мен жiгiттер компанияларына шақырып жатса, бұрынғыларым есiме түсiп жымиып өте шығамын. Өйткенi, олар да бiр күнi мұны қоятынына сенiмдiмiн. Мұндай жарнамалау мен жиындардың талайын көрдiм. Ол жерге жиналған адамдардың айтатын ортақ тақырыбы – тек ақша болатын. Бонустық балды неғұрлым көп жинаған сайын, пайыздық көрсеткiш артады. Пайыздан-пайызға жеткен сайын келесiсiне жетуге ұмтыласың. Ол үшiн күн демей, түн демей жұмыс iстеген кездерiмiз болды. Оған адамның психологиялық тұрғыдан шыдауы өте қиын. Себебi, адам уақыт өте келе таңғы ұйқысынан ояна салысымен келесi сатыға қалай жетемiн дегендi ойлай бастайды. Келесi белестi бағындыру үшiн бүгiн не iстеуге болады деген ой адамның миынан шықпай қоятын жағдайға жетедi. Осыдан кейiн, әрине, сабаққа деген ниет те төмендейдi. Сабақта отырсаң, уақытың текке өтiп бара жатқандай сезiнесiң өзiңдi. Бұған шыдау өте қиын. Желiлiк маркетингке көп студенттердiң шыдамайтыны да осыдан деп ойлаймын. Содан кейiн ақшасын тегiн тарата беретiн компаниялар да ақымақ емес қой. Сыйақы төлейтiн болса, ол ақшасы жолыңмен, адам шақыру мен жарнама iлу сынды ұсақ-түйек жұмыстарға кетiп қалады. Бiрақ, өзiмiздi қазiр жұмсаған қаржым ертең екi есе болып қайтады деп сендiремiз. Шақырған адамдарға да ай сайын алып жүрген жалақымыз жөнiнде жалған ақпарат айтамыз. «Осы айда жүз мың теңге сыйақыға қол жеткiздiм» дегенде, кез келген студент те сенiп қалатын. Адамдарды жазылуға тезiрек көндiру үшiн өтiрiк айтуға да тура келедi. Бiрақ, бұл iстен нәтиже шығару әркiмнiң қолынан келе бермейдi. Сондықтан студенттердiң көпшiлiгi арамтер болып, компанияның игiлiгiне ғана қызмет iстеп жатыр. Олар мұны түсiнiп, бәрiн тастаған кезде, дәл солар сияқты тағы бiреулер келедi. Осылайша компания студенттер күшiнiң есебiнен өз жұмысын жалғастыра бередi. Көшеде iлiнген «кеңседегi жұмыс» деген жарнамалардың торына әлi талай студенттiң түсiп қалатынына сенiмдiмiн. Осылайша, ол компаниялар да жастардың белсендi еңбегiнiң арқасында жұмыстарын жалғастыра бередi. Студенттер бiрi шаршағанда бiрi алмас­тырып, бұл iстi жалғастыра бередi.
Әсем ЖАҚЫП,                               
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 4-курс студентi 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
жанабай | 11 наурыз 2010 22:55
оте дурыс
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті