1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №84 (16270)   19 қазан, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
19 ақпан 2013
100 кiтапқа байланысты ұсыныс

Өткен жылғы жолдауында президент Н.Назарбаев қа­зақ­стан­дық жастарды қы­зық­тыратын, ынталандыратын кiтаптардың iшi­нен мем­лекеттiк тiлге ау­дару үшiн жастарға 100 үздiк кiтапты таңдап алу идеясын ұсынған-ды. Бұл, әри­не, мәде­ниеттiң дамуындағы үлкен серпiлiс болары анық. Бiрақ бұл да бұрынғы “Бiр ел – бiр кiтап” жобасы сияқты құмға сiңген судай жоғалып кетпесе екен.

19 ақпан 2013

Қазiргi заман – ақпараттың заманы. Тың ойлардың заманы. Технологиялардың заманы. Бүкiл әлемдiк ғылыми прогресс өте үлкен қарқынмен жүруде. Газеттер мен журналдардың, кiтап­тардың орнын интернет сайттары басып келедi. Қазақтiлдi ғаламтордың ендi-ендi аяғынан тұра бастағанын ескерсек, көрмегенiмiз әлi алда екенiн аңғаруға болады.

19 ақпан 2013
13-14 ақпанда Райымбек пен Сайын көшелерiнiң қиылысындағы айыпқа алынған автокөлiктер тұрағының күзетшiлерi түнi бойы ұрылармен арпалысты. Нәтижесiнде екi бiрдей ұрылар тобы құрықталды. Олардың бiр тобы – студенттер. Алғашында күзетшiлер әр көлiктiң бөлшектерi, дөңгелектерi жоғала бастағанын аңғарған. Содан ұрылардың iзiн аңду жұмыстарына кiрiскен.
19 ақпан 2013
Өткен жылы Әулие Валентин күнiне бай­ланыс­ты бiраз дау болған. Оны тойлауды заң жүзiнде шектеймiз дедiк. Бiрақ...
Қанша жерден, улап-шуласақ та, бұл “мейрамның” қазақстандықтардың санасына кiрiп, сiңiп қалғаны сонша, биыл да оны армансыз, мейлiнше тойлады. Әртүрлi оқу орындарында, клубтарда дүбiрлеп өттi бұл күн
19 ақпан 2013
Телеарналар қашан оңалады?
Қазақ тiлiнiң, ұлттық мә­дениеттiң, ұлттық сана-сезiм мен салт-дәстүрдiң қайта жаңғыруына, дамуына немесе толықтай жойылып, құрып кетуiне ақпарат құралдары ықпал етерi сөзсiз. Яғни ақпарат құралдары мемле­кет­тiк идеологияға айрықша зор әсер етедi. Қазiргi таңда қазақ журналистикасы, кейбiр сарапшылардың айтуынша, өрке­ниеттi елдердiң журналистика қыз­ме­тiмен бәсекеге түсе алады екен.
19 ақпан 2013
Әрi студент, әрi асаба

Қазақ халқы – той десе iшкен асын жерге қоятын думаншыл, тойшыл, қонақжай халық. Ал қазақтың тойы асабасыз өтпейдi. Мысалы украиндардың асабасы тек сөз сөйлейтiн адамдарды жариялап тұрушы ғана болса, қазақта асаба – тойдың басшысы. Ол тек тiлек бiлдiрушiлердi жариялап тұрушы ғана емес, тойдың бүкiл жауапкершiлiгiн, ауыртпалығын өз мойнына көтеретiн тойдың серкесi.

15 қаңтар 2013
БҰЛ – МЕНIҢ ДОСЫМ АРМАН
Автобуста кәрi кiсi арық жас адамға орын бермекшi болады:
– Отыр сормаңдай, соншама неге арықсың? Науқассың ба?
– Жоқ, рақмет. Мен – студентпiн.
15 қаңтар 2013
Студент ақпарат
2013 жылы бiлiм саласында бiраз өзгерiстер болатын сияқты. Үкiмет басына келген С.Ахметов бiлiм берудегi қаржының игерiлу жағдайын тексерiп көрмекшi. Және бiр айта кетерлiгi, бұл тексеру кезектен тыс жүрмек. Атал­ған шара 10 қаңтардан бастап атқарылуда. Тексерудi жүргiзу үшiн әр жоғарғы оқу орнының шаруашылық және қаржылық қызметi жұмылдырылады.
15 қаңтар 2013
“Студент” сөзiнiң мағынасы не?
Студент дегенiмiз кiм осы? Бұл атау қайдан шыққан? Күнделiктi қолданып жүргенiмiзбен, көптеген терминдерге аса мән бере бермеймiз. Расында “факультет”, “университет”, “декан”, “ректор” деген атаулардың мағынасы қандай? Ең алғашқы университеттер құрыла бастағанда оны “студия” деп атапты. Тұңғыш “студия” 1080 жылы Италияның Болонья қаласындағы құқық мектеп­терiнiң өзара бiрiгуiнен пайда болған. Яғни, тарихтағы тұңғыш университет – Болон университетi.
15 қаңтар 2013
“Адам құсап өмiр сүрсек қой шiркiн!”
Студенттiк дәурен – адам өмiрiндегi қызығы мен шыжығы мол естен кетпес кездер.
 Үйде тұратын студенттер мен жатақхана студенттерiнiң айырмашылығы жер мен көктей.  Негiзi жоғарғы оқу орындарында  басты  фигура ол – студент. Қандай кафедра, кабинет болсын студенттерге қызмет iстеуi керек. Кей оқытушылар өзiнiң ғылыми атағына мас болып, дандайсып кетедi. Мұның арты парақорлыққа ұласады.
15 қаңтар 2013
Жастар саясаты ақсап тұр

Қазiргi уақытта елiмiзде үкiмет жанында, президент жанында жастар саясатымен айналысатын арнайы ұйымдар бар. Нақтырақ айтсақ, комиссиялар көптеп жұмыс iстеуде. “Қойшы көп болса, қой арам өледi” дегендей, осындай сансыз комитеттер мен комиссиялардың жұмысы көзге көрiнетiн емес.

4 желтоқсан 2012

Студенттiк өмiр – соғыс пен бейбiтшiлiк
Екiлiк – қырсызға қамшы
Үштiк – үмiт шоғы
Төрттiк – тәңiр сыйы

4 желтоқсан 2012
Студент ақпарат
СЫНАҚТАН ТIЛIМ СҮЙРЕП ӨТКIЗДI
Бiрде бiр баланың орнына физиологиядан зачетқа кiрiп кеттiм. Маған “көздiң құрылысы” деген тақырып түстi. Көздiң құрылысын бiз байғұс қайдан бiлейiк. Апайым “ал сайра, сен баланы алғаш көруiм” дегенi. Содан не керек, “Көз” дегенiмiз, Қадыр ақынның тiлiмен айтқанда, “Аяқ екеу, қол екеу, көз жанарың ол да екеу” демекшi, адамда екi көз болады. Сөзiмдi Мұқаңның пiкiрiмен жалғар болсам, көздiң өзi түпсiз терең тұңғиықтан жаралады.
4 желтоқсан 2012
«Пара алушы оқытушылардың қара тiзiмi»
ОЛАРДЫ ИТ ҚОСПАЙ-АҚ ИНТЕРНЕТТЕН ТАБАСЫЗ
Өз басым ғаламторда көп отырамын. Қаншалықты зиян десек те, ғаламторға байланып қалсаң, одан қайта арылу – қиынның қиыны. Әлеу­меттiк желiлердiң көбiнде тiркелдiм. Қа­зақ тiлiндегi әртүрлi сайттардың көбiсiн ақтарып, қарап отырамын. “Жас Алашты” да интернет арқылы жақынырақ танып, қазiр әрдайым оқып отыратын сүйiктi газетiме айналды.
4 желтоқсан 2012
Жасқанбаңдар, жас ақындар
Қарашаның 29-ы күнi Алматы қаласы Бостандық ауданының және “Арда” жас ақындар клубының ұйымдастыруымен қалалық жас ақындар айтысы өттi. Тақырыбы президенттi ұлықтауға байланысты демесеңiз, жас айтыскерлердiң арыны жаман емес. Қоғамның шындығын жасырмай айтқан ақындар көрер­меннiң қолдауына ие болды. Додаға алдын ала iрiктеуден өткен 10 ақын:
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»