1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (16219)   27 сәуір, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
1 қараша 2016
Қарап қалсам сағатыма, «Үш жарым»
Күмiлжидi көкейiмде құштар үн.
«Үш жарымды» көре бердiм, о неге?
Сезiнгендей бiр беймәлiм күш барын.
1 қараша 2016
«Белi ұзын» велосипед
Әлемдегi ең ұзын велосипед Австралияда жасалды. Студенттердiң қолынан шыққан бұл көлiк сiздi қалаған жерiңiзге жеткiзе алмайды. Өйткенi ұзындығы 41 метр. Және оны орнынан қозғау үшiн 20 адам қажет. Велосипедке тән басты қасиетi – дөңгелегi екеу. Бiрақ салмағы 3 тонна. Сондықтан мұндай алып велосипедпен “қыдыр­ғысы” келетiндер
1 қараша 2016

Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Чигиринов мектебiнiң түлегi 19 жастағы Сәния Темiрха­нова облыстық “Сен сұлу” сұлулық байқауының жеңiм­пазы атанды. Ол өткен жылдың желтоқсан айында өңiрлiк сұлулық байқауында бас жүлдеге ие болған едi. Қазiр Павлодар мемлекеттiк педагогикалық институтында үшiншi курста оқиды. Болашақта журналист болғысы келедi. Сәнияның өзге сұлулардан бiр ерекшелiгi Абай Құнанбаевтың 150 өлеңiн жатқа бiледi екен.

1 қараша 2016
Танысқың келсе, тамырын бас!

Қыздардың барлығы дерлiк романтиканы жақсы көредi, кездейсоқ кездесулер мен ерекше танысуларды қалайды. Бiрақ әттең, жiгiттер орайын келтiре алмайды. Бiрiнiң батылы бармаса, ендi бiрi ретiн таба алмайды. Қазiр бейтаныс адамның бере­ке­сiн алып, телефонына қоңырау шалып, «Сiзбен танысуға бола ма?» дейтiн заман өтiп кеттi. Танысудың тиiмдi тәсiлдерiмен танысыңыз.

6 қыркүйек 2016
Студент-ақпарат
ЖАЙЫҚ ӨЗ ЖIБЕГIН ТАҢДАДЫ
Батыс Қазақстан облысында “Орал аруы – 2016” байқауы мәреге жеттi. Оған 12 үмiткер қатысқан. Маусым айында iрiктеуден өткен сұлулар үш ай бойы би мен актерлiк шеберлiкке үйренген. Бес кезеңнен тұрған сайыс барысында арулар өздерi туралы әңгiмелеумен бiрге, ұлттық киiмдермен сахнаға шығып, өз өнерлерiн көрсеттi. Қазылар алқасының сауалдарына жауап берiп, ой-өрелерiнiң қандай деңгейде екендiгiн танытты.
6 қыркүйек 2016
Елiмiзде биыл Ұлттық бiрыңғай тестiлеу 2–9 маусым аралығында өткiзiлген болатын. Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәлiметiнше, ҰБТ қорытындысының орташа көрсеткiшi 81,2 балл. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 балға жоғары екен. Жалпы орта мектептi биыл 86999 түлек тәмамдаса, тестiлеуге соның 84079-ы қатысыпты. Оның iшiнде 61739 оқушы тестiнi қазақ тiлiнде тапсырса, 22340 түлек орыс тiлiнде бiлiмдерiн сарапқа салған.
6 қыркүйек 2016
Оттай жанған он сегiз

Ертеректе “Он үште – отау иесi” деп, он үш жасқа толған балаға жауапкершiлiк артылатын. Сағат сырғып, уақыт жылжыған кезде бұл заман ағымымен таным да өзгердi. Кәмелет жасқа толған әрбiр азамат өз құқығын қорғай алады. 18 жас – балалықтан арылып, есейiп, толысатын кезең. Бұл жаста бозбала мен бойжеткеннiң кейбiрi бiлiм қуып жүрсе, ендi бiрi отбасын құрады. Қазiргi жастар 18 жаста не iстей алады немесе не iстей алуы керек? Бұл сұраққа Стэнфорд университетiнiң ғалымдары былай жауап берген екен.

12 шілде 2016

АҚШ-та жүргізілген зерттеу барысында бүгінгі жастардың есейгісі келмейтіні, дәлірек айт­қанда, ересектерше өмір сүру­ден қаймығатыны анық­талған. Ғалымдар «негізі мұндай сезім жасөспірімдер арасында бұрын да болған, бірақ соңғы онжыл­дықта тіпті күшейген» дейді.

12 шілде 2016
ЧИЛИДЕ СТУДЕНТТЕР КӨТЕРІЛДІ
Өткен аптада мыңдаған Чили студенті көшеге шығып, білім саласына енген реформаға қарсылық танытты. Сондай-ақ, осы салаға жауапты министрдің отставкаға кетуін талап етті. Алдымен ел астанасы – Сантьягода басталған шеру кейін Вальпараисо, Темуко, Вальдивии және Консепсьоне қалаларында жалғасқан. Күштік құрылымдар 140 адамды қамауға алған. Олардың үштен бірі – кәмелеттік жасқа толмағандар.
12 шілде 2016
Көп жаса, Айжан!

Тәжірибеден өтуге келген жас маманды кез-келген мекеме қызметкерлері әдетте барыпкел-шауыпкелге пайдаланады. Тілдей қағазға тәуелді студент бәріне көнуге мәж­бүр. Деген­мен жастар­дың арасында үлкендердің тапсырмасын орын­даумен қатар, өз мамандығына машық­тануға, оның қыр-сырын меңгеруге барын салатындар да бар.

12 шілде 2016
Қуаныш пен қимастық

Осындай бір ерекше, екіұдай сезімді қолына дипломын алған әр адам сезінеді. Өйткені диплом – 4-5 жыл бойы төккен теріңнің өтеуі, күн-түн демей сабаққа дайындалып, жатпай-тұрмай алған біліміңнің көрсеткіші. Әрі болашаққа берілген жолдама. Ендеше мұндай сәтте қалай қуанбауға болады? Әрине, қуанасың, көңіліңді шаттық кернейді. Ата-анаңның сенімін ақтағаның, діттеген мақсатыңа жеткенің жаныңды тебірентпей қоймайды.

12 шілде 2016
Берік Қуанышбекұлы: Алаңға шыққаныма өкінбеймін

21 мамырдағы жалпыхалықтық митинг кезінде әлеуметтік желіде ерекше бір сурет пайда болған. Суретте арнайы жасақтың қос сарбазы өрімдей бозбаланың екі қолын артына қайырып, төмен еңкейткен күйі әкеле жатыр. Қолы қайрылса да, сағы сынбаған, керісінше, намысы қайралған жігіттің отты жанарына халықтың бүкіл наразылығы сыйып кеткен. Жастық жігер, ұлттық намыс, отаншылдық рух, бәрі-бәрі осы жанарға ұйып қалғандай.

24 мамыр 2016
Әлемдегі әрбір бесінші студент – қытай азаматы
2015 жылдың есебі бойынша Қытайда 37 миллион студент тіркелген. Бұл - әлемдегі әрбір бесінші студент осы елде білім алып жатыр деген сөз. Бүгінде Қытайда 2852 жоғары оқу орны бар. Жастардың оқуға түсу деңгейі де жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2015 жылы жастардың оқуға ілігу коэффициенті 40 пайыз болған.
24 мамыр 2016
Жуырда Алматы уни­вер­­ситетінде «Универси­тет аруы-2016» байқауы өтті. Оған сұлу да сымбатты, ақылына көркі сай, білімді де өнерлі, ұлты­мыз­дың салт-дәстүрі мен мәдениетін жетік білетін 8 бойжеткен қатысты. Сұлулар 7 номинация бо­йынша бақ сынасты. Атап айтқанда: сәлемдесу, мә­нер­леп өлең оқу, викторина­лық сұрақтар, ұлттық тағам әзір­леу, өз өнерін көрсету, кейіп­кер бейнесін бейнелеу және сән үлгісі.
24 мамыр 2016
Екеуін де жазалау керек

Жуырда Жезқазғанда 18 жасар бойжеткеннің қаңыраған құс фабрикасында босанып, нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кеткені туралы ақпарат тараған. Шыны керек, қазір мұндай оқиғалар жаңалық болудан қалып барады. Дегенмен естіген жанның жанын түршіктіретін мәселе мынау: көкек ана баланың аузын дәретхана қағазымен орап, қоқысқа лақтырғанда қасында сол бейкүнә нәрестенің әкесі де болған.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»