1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
12 шілде 2016

АҚШ-та жүргізілген зерттеу барысында бүгінгі жастардың есейгісі келмейтіні, дәлірек айт­қанда, ересектерше өмір сүру­ден қаймығатыны анық­талған. Ғалымдар «негізі мұндай сезім жасөспірімдер арасында бұрын да болған, бірақ соңғы онжыл­дықта тіпті күшейген» дейді.

12 шілде 2016
ЧИЛИДЕ СТУДЕНТТЕР КӨТЕРІЛДІ
Өткен аптада мыңдаған Чили студенті көшеге шығып, білім саласына енген реформаға қарсылық танытты. Сондай-ақ, осы салаға жауапты министрдің отставкаға кетуін талап етті. Алдымен ел астанасы – Сантьягода басталған шеру кейін Вальпараисо, Темуко, Вальдивии және Консепсьоне қалаларында жалғасқан. Күштік құрылымдар 140 адамды қамауға алған. Олардың үштен бірі – кәмелеттік жасқа толмағандар.
12 шілде 2016
Көп жаса, Айжан!

Тәжірибеден өтуге келген жас маманды кез-келген мекеме қызметкерлері әдетте барыпкел-шауыпкелге пайдаланады. Тілдей қағазға тәуелді студент бәріне көнуге мәж­бүр. Деген­мен жастар­дың арасында үлкендердің тапсырмасын орын­даумен қатар, өз мамандығына машық­тануға, оның қыр-сырын меңгеруге барын салатындар да бар.

12 шілде 2016
Қуаныш пен қимастық

Осындай бір ерекше, екіұдай сезімді қолына дипломын алған әр адам сезінеді. Өйткені диплом – 4-5 жыл бойы төккен теріңнің өтеуі, күн-түн демей сабаққа дайындалып, жатпай-тұрмай алған біліміңнің көрсеткіші. Әрі болашаққа берілген жолдама. Ендеше мұндай сәтте қалай қуанбауға болады? Әрине, қуанасың, көңіліңді шаттық кернейді. Ата-анаңның сенімін ақтағаның, діттеген мақсатыңа жеткенің жаныңды тебірентпей қоймайды.

12 шілде 2016
Берік Қуанышбекұлы: Алаңға шыққаныма өкінбеймін

21 мамырдағы жалпыхалықтық митинг кезінде әлеуметтік желіде ерекше бір сурет пайда болған. Суретте арнайы жасақтың қос сарбазы өрімдей бозбаланың екі қолын артына қайырып, төмен еңкейткен күйі әкеле жатыр. Қолы қайрылса да, сағы сынбаған, керісінше, намысы қайралған жігіттің отты жанарына халықтың бүкіл наразылығы сыйып кеткен. Жастық жігер, ұлттық намыс, отаншылдық рух, бәрі-бәрі осы жанарға ұйып қалғандай.

24 мамыр 2016
Әлемдегі әрбір бесінші студент – қытай азаматы
2015 жылдың есебі бойынша Қытайда 37 миллион студент тіркелген. Бұл - әлемдегі әрбір бесінші студент осы елде білім алып жатыр деген сөз. Бүгінде Қытайда 2852 жоғары оқу орны бар. Жастардың оқуға түсу деңгейі де жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2015 жылы жастардың оқуға ілігу коэффициенті 40 пайыз болған.
24 мамыр 2016
Жуырда Алматы уни­вер­­ситетінде «Универси­тет аруы-2016» байқауы өтті. Оған сұлу да сымбатты, ақылына көркі сай, білімді де өнерлі, ұлты­мыз­дың салт-дәстүрі мен мәдениетін жетік білетін 8 бойжеткен қатысты. Сұлулар 7 номинация бо­йынша бақ сынасты. Атап айтқанда: сәлемдесу, мә­нер­леп өлең оқу, викторина­лық сұрақтар, ұлттық тағам әзір­леу, өз өнерін көрсету, кейіп­кер бейнесін бейнелеу және сән үлгісі.
24 мамыр 2016
Екеуін де жазалау керек

Жуырда Жезқазғанда 18 жасар бойжеткеннің қаңыраған құс фабрикасында босанып, нәрестесін қоқыс жәшігіне тастап кеткені туралы ақпарат тараған. Шыны керек, қазір мұндай оқиғалар жаңалық болудан қалып барады. Дегенмен естіген жанның жанын түршіктіретін мәселе мынау: көкек ана баланың аузын дәретхана қағазымен орап, қоқысқа лақтырғанда қасында сол бейкүнә нәрестенің әкесі де болған.

24 мамыр 2016
Айдар БЕРІКҰЛЫ, студент: Ешкім жасамаған екі нөмір әзірлеп жатырмын

Елімізде ерекше өнерімен ел-жұртты таңдай қақтыратын жастар аз емес. Солардың бірі – Алматы облысы Үшарал ауданының тумасы Айдар Берікұлы. Қазір Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінде оқитын бозбала тісімен көлік сүйрейді. Жуан шегенің бірнешеуін қабаттап ұстап тұрып, қаңылтыр игендей майыстырады. Лапылдаған отты аузына салып, бірнеше секунд ұстап тұрады. Тақтайға қағылып, ұшы жоғары қараған шегенің үстіне жатып, кеудесіне бірнеше кісіні шығарады...

5 сәуір 2016
ЖАҢАЛЫҚТАРЫ – АДАМ ҮШІН
Әрине, өнертапқыштардың ойлап тапқан барлық жаңалықтары қоғамның, өркениеттің дамуына үлес қосатыны анық. Оның бәрі айналып келгенде адамзатқа қызмет етеді. Дегенмен адамға, оның денсаулығына, өмір сүру дейгейін жақсартуға тікелей қатысты жаңалықтар да бар. Біз бүгін өнертапқыш студенттердің еңбегін іріктегенде осы жағына мән беруге тырыстық.
5 сәуір 2016
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Қазақстанда студенттік туризмді дамытудың нақты шараларын жасақтауды тапсырды деп хабарлайды ҚазАқпарат. – Студенттік туризмді дамыту – өте жақ­сы идея. Бірлесе отырып, туристік маршруттарды анықтауға болады. Алайда инфра­құры­лымға бүгінде көңіл толмайды.
5 сәуір 2016
Тордағы тоты

Араб жігітіне күйеуге шығып, Мысыр асқан қазақ қызының аянышты тағдыры туралы пікірлер әлеумет­тік желіні шарлап жүр. Бұл - белгілі тарихшы, түркітанушы ғалым Қар­жау­бай Сартқожаұлының әңгімесі жазылған бейнежазба көпшілікті бей жай қалдырмағанын білдірсе керек. Ал одан аруларымыз қандай сабақ алуы керек?

5 сәуір 2016

Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетте журналистика мамандығы бойынша дәстүрлі олимпиада өтті. Олим­пиа­даның 1-кезеңінде студенттер журналис­тикаға кіріспе, шетел журналистикасы, журналистика тарихы және тележурналистика пәндері бойынша тест тапсырмаларын орын­дады. Білім сайысының екінші күнінде қатысушы командалар «Елімнің тағдыры – менің тағдырым»

5 сәуір 2016
Білім грантын алмастыратын ваучер деген немене?

Түрлі реформалардан көз ашпай келе жатқан Білім және ғылым министрлігі тағы бір жаңалықтың шетін шығарды. Бұл туралы жуырда ғана сала басшысы Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта оқу гранттары ваучерлерге ауыстырылады екен. Ал ваучер деген немене? Оның қазіргі гранттан қандай айырмашылығы бар?

9 ақпан 2016
Әлемдегі ерекше 3 жатақхана
Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету – барлық мемлекеттер үшін ең маңызды мәселенің бірі. Бір қызығы, қаржылық қиындықтарға байлынысты уақытша жатын орын есебінде қолданысқа берілген кейбір нысандардың кейін нағыз архитектуралық шедевр ретінде танылғандары аз емес. Бүгін біз солардың үшеуімен таныстырамыз. Cite A Docks жатақханасы Францияның Гавр қаласында орналасқан. Оны Cattani Architects кампаниясы жергілікті университеттің тапсырысы бойынша тұрғызыпты.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»