1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (16227)   23 мамыр, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" студентер мен жастарға арналған қосымшасы.
28 шілде 2015
Мiнездiң сыры – макияжда

Бас құрағалы жүрген бозбала сұлуларға сын көзбен қарайтыны ақиқат. Онысы – маған адал жар ғана емес, ата-анама ибалы келiн тапсам екен дейтiн үмiт. Алайда қу қыздар сыр алдыра қоя ма? Көп жағдайда адамның шынайы бейнесi “көпiрден өтiп кеткенннен” кейiн ғана белгiлi болып жатады. Сондықтан өмiрлiк серiгiн таңдауда әркiм әртүрлi “әдiстерге” жүгiнедi. Ал психологтардың “макияжға қарап қыздың мiнезiн бiлуге болады” дейтiн пiкiрiн жiгiттер жар таңдауда “кәдеге” жаратуына бола ма?

28 шілде 2015

Қазақстанға Қытайдан келетiн жұмысшылардың саны күрт көбейген. Оған дәлел – 2015 жылдың ал­ғашқы жарты жылдығында шығыстағы көршi елден келгендердiң саны шамамен екi есеге өскен. Бұл жөнiн­де жуырда еңбек және әлеуметтiк даму комитетiнiң төрағасы Ақмәди Сарбасов мәлiмдедi. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың бiрiншi жартысында 38,3 мың шетелдiк азамат Қазақстанда жұмыс iстеуге рұқсат алған. Олардың 12,36 мыңы — Қытай азаматтары. Яғни, Қазақстандағы әрбiр үшiншi шетелдiк жұмысшы – Қытайдан келген.

28 шілде 2015
ТАНАУДЫ ҚЫТЫҚТАЙТЫН ҚОҢЫРАУЛЫ САҒАТ
Француздың 18 жастағы студентi ерекше қоңыраулы сағат ойлап тапты. Оның басты ерекешiлгi сол, өзiңiз белгiлеген уақытта айналасына жұпар шашады. Қандай иiс ұнайтынын өзiңiз таңдайсыз. Сүт қатқан кофенiң, дәмдi шоколадтың иiсi қажет пе, әлде теңiздiң кеңсiрiк жарар таңғы ауасы ұнай ма? Танауға жағымды иiстiң алмасуы картридждiң көмегiмен жүзеге асады.
28 шілде 2015
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiндегi дау-дамай басылғандай болғанымен бала оқытып отырған ата-аналардың қор­қынышы әлi сейiлген жоқ. Өйткенi қазiр үш баланың екеуi ақылы бөлiмде бiлiм алады. Егер сол жастардың жылдар бойы ЖОО-ға құйып келген қаржысы аяқасты жоғалып кетсе, не болмақ? Бұл басқа емес, елiмiз­де­гi ең iрi оқу орындарының бiрi, киелi қара шаңырақ – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнде болған жағдай.
28 шілде 2015
Чехия студенттерi жазды қалай өткiзедi?

Бұрын ғой, оқу жылын тәмамдаған студенттер алақайлап ауылға жөнелетiн. Үш айлық каникулда ата-анасының қасында болып, армансыз демалатын. Қазiр заман басқа. Емтиханның жүгi жеңiлдей бастағанда-ақ әр баланың көкейiнде “ендi не iстеймiн?” деген сауал тұрады. Өйткенi жаңа оқу жылына құрал-жабдық, қалам-қағаз керек. Киiм-кешегi және бар. Сондықтан шендi-шекпендi мен бай-бағланның баласы болмаса, жастардың денi жұмыс iстеп, ақша тапқысы келедi. Ал екi қолға бiр күрек қайда бар?

9 маусым 2015
Қисық сөз күлгенге жақсы
Өткен семестрдiң сабағы бойынша сынақ алып жат­қан профессор “Жарық жылдам ба, дыбыс жылдам ба?” деген сауал қояды.
Бiрiншi студент:
– Жарық жылдам.
9 маусым 2015
“Теңiз қорықшысының” жаңалығы қашан жүзеге асады?
Нидерланды студентi Боян Слат биыл 21 жасқа толды. Дегенмен оның ұлы жаңалығы осыдан бiрер жыл бұрын бүкiл жаһан ғалымдарын таңдай қақтырған. Расында теңiз бетiндегi қалқыған пластик қалдықтарын жинап алудың тиiмдi жолын бұған дейiн ешкiм ұсына алмаған едi. Ал оны жиырмаға де толмаған жеткiншек көрсетiп бердi. Ендi 2016 жылдан бастап Боян Слаттың негiздемесi бойынша теңiздер мен мұхиттар қоқыстан тазартыла бастамақ.
9 маусым 2015
Сүйгендер де қоштасады...
“Ол сенен үнсiз күйде, тыныш қана кетiп қалады. Ең қорқыныштысы – ойламаған жерден кетедi. Тағы бiр қорқыныштысы – олар ешқашан қайта оралмайды”. Өзiнiң махаббаттағы қоштасулар жайлы ойын британдық классик Оскар Уайльд осылай түсiндiредi. Қыз бен жiгiттiң қарым-қатынасында әртүрлi жағдай болып жатады. Махаббатта тек қана сүйiспеншiлiк дәурен құрмайды.
9 маусым 2015
БЕЛЬГИЯНЫ БЕРI ҚАРАТТЫ
Қазақстанның Мемлекеттiк рәмiздер күнiне орай Бельгиядағы қазақстандық студенттер шетелдiк курстастарына ұлттық тағамдар ұсынып, өздерiнiң елi мен оның мемлекеттiк рәмiздерi туралы баяндап бердi деп хабарлады ҚазАқпарат. “Бельгиялық студенттер үшiн қазақ ұлттық тағамдарын әзiрледiк, шетелдiк­тердi мәдениетiмiз және
9 маусым 2015
Мемлекет өз мiндетiн жастарға жүктедi
Грантпен бiлiм алғандар кемiнде үш жыл өз мамандығы бойынша жұмыс iстеуге мiндеттi. ҚазАқпараттың хабарынша, осындай норманы жуырда ғана ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттары бiрiншi оқылымда мақұлдапты. Дұрыс-ақ. Бiрақ грантпен оқыған студент өз мамандығы бойынша жұмыс iстеуге мiн­деттi ме әлде оны тапсырыспен оқытқан мемлекет жас­тар­ға жұмыс тауып беруге мiндеттi ме? «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне бiлiм беру мәселе­лерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заң жобасының қорытындысына
9 маусым 2015
МГУ студентi қалай ИМ қатарына өттi?

Ресей құқық қорғау органдары да, Варя Караулованың ата-анасы да қазiр осы са­уалмен бас қатыруда. 29 мамыр күнi университетке кетiп, артынша анасының телефонына “итiммен бiраз серуендеп келемiн” деп смс жазып, сол күйi ұшты-күйлi жоғалған студент Сириядан бiр-ақ шыққан. Сонда мектептi алтын медальмен бiтiрген, университеттi тек беске оқыған, ағылшын, немiс, француз, араб тiлдерiн жетiк бiлетiн, әке-шешесiнiң алдын кесiп өтпеген, достарымен араздаспаған Варя Караулова нелiктен

28 сәуір 2015
Тар шалбарды тастаңдар!
Вашингтондық дәрiгерлер осылай деп дабыл қағып жатыр. Бұған АҚШ жастарының қалай қарайтынын кiм бiлсiн, бiрақ қазақ жастары ойлануы керек-ақ. Өйткенi бұтқа жабысқан тар джинсы сәндi көрiнгенiмен, денсаулық үшiн аса зиян екен. Кейбiр аурулардың пайда болу себебiне қатысты ұзақ жылдар бойы зерттеу жасаған Вашингтондық дәрiгер Карен Бойл былай дейдi: “Тар шалбарлар неврит ауруына, жүйкенiң қабынуы мен жамбас тамырларының қысылуына әкелiп соғады. Невритке шалдыққан адамның жамбасында шаншу пайда болады, аяғы жиi ұйып қала бередi”.
28 сәуір 2015
Студент-ақпарат
ЖАСЫ ЖҮЗДЕН АСҚАНДА...
“АҚШ-та 103 жастағы кейуана орта мектептi бiтiрiп шықты, ендi ол колледжге құжат тапсыру жөнiнде ойланып жүр” деп жазады New York Daily News. Басылым дерегiнше, Мари Хант Висконсин штатының тұрғыны екен. Ол өзiнiң бауырлары мен сiңлiлерiн асырау үшiн кезiнде мектептi тастауға мәжбүр болған. Алайда қанша жыл өтсе де оның осы бiр арманы жанына маза бермеген көрiнедi. “Бұл менiң ылғи да аяқтағым келiп жүрген iсiм едi.
28 сәуір 2015
Аслан несiн мiндет қылады?
Естерiңiзде болса, сайлауға он шақты күн қалғанда Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келген едi. Сол келiсiнде Орталық стадионда ұйымдастырылған “Алматы көктемi” фести­валiне де қатысты. Мемлекеттiк ақпарат құралдары бұл шара туралы “Назарбаев  20 мың адаммен кездестi” деген ақпарат таратты. Нақты қанша адамның жиылғанын қайдам, әйтеуiр стадионға келген жұрттың негiзгi бөлiгi жастар болатын. Ал президент не айтты? “Алматыда бiлiм алуға да, жұмыс iстеуге де барлық жағдай жасалған” дедi. “Жастар үшiн еңбек етiп жатырмын” дедi. Стадионға кездесуден 5-6 сағат бұрын
28 сәуір 2015
Үйленгелi жүрген жiгiттiң шаблон сөздерi

Қыз бен жiгiт отбасын құрып, үйленгелi жүрген кезде өздерiн әлемнiң ең бақытты адамдарындай сезiнедi. Олардың болашаққа құрған жоспарлары мен арман-тiлектерi көп болады. Бiр-бiрiне серт берiп, “ерлi-зайыпты болғанда былай етемiн, былай етемiн” деп уәде етедi. Тек сол айтылған сөздердiң бәрi отбасылы болған соң ұмыт болады немесе күшiн жоғалтады. Мұны үйленгелi жүрген жастардың шаблон сөздерi деп атап, сондай “құлақтан iлетiн” тiлектердi жинақтап ұсынғанды жөн санадық. Ендеше, жiгiттер үйленбес бұрын қандай шаблон сөздерге ұста болады?

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»